Атырау қаласы, Авангард м/а, 100
Тел; +7 701 140 51 29
Шығыс № 2
« 2 » ақпан 2011 жыл.
"Мұқыр селолық орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі директоры
Сіз басқарып отырған "Мұқыр селолық орта мектебі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік сатып алулар порталындағы 2011 жылдың 26 қаңтарында жарияланған № 4422632 лотының ағымдағы жылдың 27 қаңтарындағы қорытындысы бойынша, мен жетекшілік етіп отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі жеңімпаз болып табылды. Алайда, Сізге төмендегі жайттарды баяндаймын:
«Жоғарыда аталған лот қорытындысын жариялау кезінде, менің денсаулық жағдайым бойынша қиындықтар туындаған болатын,28 қаңтар күні аталмыш мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің менімен байланыс кезінде, лот бойынша берілген азық – түлік санатына жататын ет өнімін (ары қарай «тауар») жеткізілу үрдісінде қиындықтар туындағанын, дегенменен жеткізу нұсқаларын қарастырып жатқанымды жеткіздім. қазіргі уақытта денсаулығымның күрт нашарлап, оталау процесінің алдыңғы сатыларында жүруіме байланысты, мемлекеттік сатып алулар негізіндегі маған тиесілі келісім-шарттын тиісті орындалуын қамтамасыз ете алмайтынымды өкінішпен жеткіземін!!!».
Жоғарыда баяндалған жағдайлар бойынша, Сізден менің жағдайымды тереңінен түсіністікпен қарап және де ескере отырып,менің қатысуымсыз жалғастыруына ықпал етуіңізді сұраймын.
Атап айтылғандар бойынша, Сізден жағдайымды ескеріп, оңтайлы шешім шығарады деп сенемім!
Жеке кәсіпкер: Т. Сприев
|