Банк рефератов содержит более 364 тысяч рефератов, курсовых и дипломных работ, шпаргалок и докладов по различным дисциплинам: истории, психологии, экономике, менеджменту, философии, праву, экологии. А также изложения, сочинения по литературе, отчеты по практике, топики по английскому.
Полнотекстовый поиск
Всего работ:
364139
Теги названий
Разделы
Авиация и космонавтика (304)
Административное право (123)
Арбитражный процесс (23)
Архитектура (113)
Астрология (4)
Астрономия (4814)
Банковское дело (5227)
Безопасность жизнедеятельности (2616)
Биографии (3423)
Биология (4214)
Биология и химия (1518)
Биржевое дело (68)
Ботаника и сельское хоз-во (2836)
Бухгалтерский учет и аудит (8269)
Валютные отношения (50)
Ветеринария (50)
Военная кафедра (762)
ГДЗ (2)
География (5275)
Геодезия (30)
Геология (1222)
Геополитика (43)
Государство и право (20403)
Гражданское право и процесс (465)
Делопроизводство (19)
Деньги и кредит (108)
ЕГЭ (173)
Естествознание (96)
Журналистика (899)
ЗНО (54)
Зоология (34)
Издательское дело и полиграфия (476)
Инвестиции (106)
Иностранный язык (62791)
Информатика (3562)
Информатика, программирование (6444)
Исторические личности (2165)
История (21319)
История техники (766)
Кибернетика (64)
Коммуникации и связь (3145)
Компьютерные науки (60)
Косметология (17)
Краеведение и этнография (588)
Краткое содержание произведений (1000)
Криминалистика (106)
Криминология (48)
Криптология (3)
Кулинария (1167)
Культура и искусство (8485)
Культурология (537)
Литература : зарубежная (2044)
Литература и русский язык (11657)
Логика (532)
Логистика (21)
Маркетинг (7985)
Математика (3721)
Медицина, здоровье (10549)
Медицинские науки (88)
Международное публичное право (58)
Международное частное право (36)
Международные отношения (2257)
Менеджмент (12491)
Металлургия (91)
Москвоведение (797)
Музыка (1338)
Муниципальное право (24)
Налоги, налогообложение (214)
Наука и техника (1141)
Начертательная геометрия (3)
Оккультизм и уфология (8)
Остальные рефераты (21692)
Педагогика (7850)
Политология (3801)
Право (682)
Право, юриспруденция (2881)
Предпринимательство (475)
Прикладные науки (1)
Промышленность, производство (7100)
Психология (8692)
психология, педагогика (4121)
Радиоэлектроника (443)
Реклама (952)
Религия и мифология (2967)
Риторика (23)
Сексология (748)
Социология (4876)
Статистика (95)
Страхование (107)
Строительные науки (7)
Строительство (2004)
Схемотехника (15)
Таможенная система (663)
Теория государства и права (240)
Теория организации (39)
Теплотехника (25)
Технология (624)
Товароведение (16)
Транспорт (2652)
Трудовое право (136)
Туризм (90)
Уголовное право и процесс (406)
Управление (95)
Управленческие науки (24)
Физика (3462)
Физкультура и спорт (4482)
Философия (7216)
Финансовые науки (4592)
Финансы (5386)
Фотография (3)
Химия (2244)
Хозяйственное право (23)
Цифровые устройства (29)
Экологическое право (35)
Экология (4517)
Экономика (20644)
Экономико-математическое моделирование (666)
Экономическая география (119)
Экономическая теория (2573)
Этика (889)
Юриспруденция (288)
Языковедение (148)
Языкознание, филология (1140)

Реферат: аза тарды барша тіршілік болмысы

Название: аза тарды барша тіршілік болмысы
Раздел: Рефераты по ботанике и сельскому хозяйству
Тип: реферат Добавлен 09:17:09 01 июля 2011 Похожие работы
Просмотров: 342 Комментариев: 8 Оценило: 1 человек Средний балл: 2 Оценка: неизвестно     Скачать

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН БОЛЖАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМДАР

Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, бойлық бойынша тербеліп көшіп қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастырған. Мұндай жүйе барша өмір салты, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық және рухани мәдениеттің қасиетін, салт-дәстүрін, талғам-танымын реттеп өміршең етіп отырады. Бұл тарихи дамудың кепілі болып келген.

Ұлттық өнегемізбен өзіндік дүниетанымымызды қалпына келтіріп, қазақ деген халықты асқақ түсінігін ары қарай жалғастырып,әр затқа, құбылысқа байланысты ұғымымызды келер ұрпаққа сіңірту жауапты мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазақтар табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға қарсыласы ретінде қарамаған. Неғұрлым табиғат сырын терең тануға, табиғатпен бірге өмір сүруге бейімделген. Олар табиғатты бағындыру арқылы емес табиғатпен тіл табысу арқылы бақытты өмір сүруге болатынын таным-тәжірибе деңгейінде ғана біліп қоймай, мұның өзін өздерінің моральдық-эстетикалық қалыптарына айналдырған. Ғасырлар бойы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының қасиет-болмысын қалт жібермей бақылау арқылы қазақтар өздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған.

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығымен мәдениетінде кеңістік пен уақыт санаттары ерекше орын алады. Олардың дүниетанымында бұл шамалар өмір сүрудің негізгі кепілі деп қарастырылады. Көшпелі қазақтар жыл мезгілдерін қатаң айырып, өз шаруашылық әрекетін соған байланысты бағыттаған.

Қазақтардың табиғат құбылыстары жөніндегі ақпараттылығы ол өмір тәжірибесі. Олар ай мен маусымдарға, жұлдыздарға ат қоя білген, осының негізінде өзіндік ұлттық күнтізбесін жасаған. Табиғат құбылыстарымен заңдылықтарын терең зерттеген қазақтардың халықтық экологиялық қағидалары қалыптасқан.

Осындай тәжірибе біліктері нәтижесінде ауа райын болжаудың қазақи дәстүрлі болжамдары туындады. Олар өздерін қоршаған табиғатқа байланысты. Алдымен табиғаттағы өзгерістерге аспан шырақтары мен жұлдыздарға қатысты болса, қалғаны жануарлар мінез-құлықтары және өсімдік әрекетіне байланысты жіктеледі. Осылардың негізінде әртүрлі ауа райы құбылыстарын белгілейтін амалдар қалыптасты.

Көкейкестілігі: Қоршаған табиғат ортасын бақылап, зерттеп қалыптастырған қазақтардың түсініктерімен білік тәжірибелері ұмытылуда, сондықтан оларды жаңғырту өзекті мәселе болып келеді.

Шешу жолдары: Бұл жұмыстың зерттеу объектілері қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына керекті түсініктер мен табиғатқұбылыстары болып саналады. Жұмыс барысында нақты шамалар, маусым аттары мен ұлттық күнтізбесі, халықтық қағидалар, дәстүрлі болжамдарды жинақтау.

Жалпы, жұмыс барысында Павлодар облысының Ақтоғай ауданының Өтес ауылының тұрғыны Найманбаев Жапбек ақсақалмен кездесуде болдым. Жапбек ақсақал атамыз 1924 жылы дүниеге келген. Кезінде басқарушы болғанмен 1942 жылдан бастап, ауа райын болжай бастаған .

Жапбек ақсақал аптадағы жеті күнді өзінше болжайды:

Дүйсенбі- ауыр күн, алысқа барма.

Сейсенбі- сәбәбшүлкін күн, сақ бол.

Сәрсенбі- сәтті күн, шаруаңды бітір.

Бейсенбі- берекелі күн, алыс- берісіңді есепте.

Жұма- жақсылық күні, мейірімді бол.

Сенбі- кіші базар күні, бар да бағыңды ұсын.

Жексенбі- алдыңғы аптаға есеп беруге дайын бол.

Мұсылман дінді қазақтар Айды киелі деп табынатын дәстүр болған. Ай арқылы қазақ жұрты ауа райын алдын – ала болжап білген. Ай шалқайып туса, онда сол айда күн жайсыз, суық болады, ал Ай еңкіш, еңкейіп туса, онда сол айда күн жылы, жайлы болады дейді. Айдың үш жаңасында ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көтерілсе, сол айда жауын – шашын, жел борасын аз болады деп есептейді. Егер Айдың екі ұшы сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол ай жауын – шашынды, желді, борасынды болады. Ай туғанда, бұрынғысынан үлкендей көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын жауатының белгісі. Толған ай ашық туса, күн жылы, жақсы болады. Ай қызыл түспен қорланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Егер Ай бұлыңғыр болса – жаңбырға қарсы, ал ашық түсті Ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Жұлдыз шақшиып тұрса, күн аязды болады.Күзде Шолпан таңертең көрінсе, қыс жұмсақ болады. Егер Шолпан күзде кешке таман көрінсе, қыс қатты болады [5].

Тоғыс есебі.

Қазақ есепшілері бағзы заманда аспан әлеміндегі және жер бетіндегі сан қилы табиғат құбылыстарын ұзақ жылдар жіті бақылап, зерттеп, Күн, Ай, жұлдыз секіді аспан шырақтарының бір – бірімен тығыз байланыстылығын, олардың көк жүзіндегі қозғалыстары арқылы жыл маусымдрын, ай, тәулік сияқты уақыт өлшемдерін анықтаған. Осы қағида негізінде нысанаға Ай мен белгілі бір жұлдыздың «кездесуі» алынып, халықтың күн қайыру жүйесі жасалған.



1– күн: «тоғам» 2 – күн: «ауыл үй қонды» 3– күн: «өріп шықты»

1- сурет Ай мен Үркердің тоғысуы

«Тоғыс» деп есепшілер түнгі аспанда Үркер шоқжұлдызы мен Ай табағының қатар көрінуінен немесе бір жанасындағы Айдың Үркерді басып өтуін айтқан. Есепшілер Ай мен Үркердің тоғысуын үш күнге бөледі (1-сурет):

1) Ай мен Үркердің бір – біріне жақын келген 1 – ші күнін «тоғам» деп атаған. Кей жағдайларда тоғам кезеңі де айдың басы болып есептелген.

2) Бір жаңасындағы Ай табағының дәл алдына келіп, Үркер тоқтаған 2 – ші күнін «ауыл – үй қонды» деп атаған. Көбіне осы кезең тоғыс айы басталғаның білдіретін құбылыс ретінде қолданылған.

3) Ай табағы Үркерді басып өткен 3 – ші күнді «еріп шықты» деп атаған.

Бұл күні Үркер Ай табағының сыртқы жағында жарқырап тұрады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты алдыңғы екі тоғысты көре алмаған есепші осы құбылысты көріп, тоғыс айы басталғанын біліп отырған [10].

Есепшілер мен қарапайым жай халық тоғысу кезінде Аймен Үркердің орналасуына қарай түрлі болжамдар жасаған.

1) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркердің бір – біріне жақын орналасқанын көрсе «мына екеуі әмпәй – жәмпәй бола қалыпты, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп қуанысыпты.

2) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – бірінен алыс болса, «бұл екеуі бір –біріне қырбай болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе болар еді» деп қауіптеніпті. Әсіресе, «жұт» болатын жылдардың алдында осындай құбылыстар бірнеше рет қайталанып отырған екен.

3) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – біріне жақын орналасқанымен Ай сәл шалқайып тоғысса да халқымыз «бұл тоғыс Айға жайлы, малға жайсыз» болады деп ренжіскен.

Туар ай мөлшері жұлдыздық ай мөлшерінен – 2,2089272 немесе 2 тәулік 5 сағат 51,31 секундтай көп. Мұндай уақыт айырмашылығы Жердің Күнді айналатын бағытымен сәйкес келуінен пайда болады (2-суретке сәйкес).

Жаңа айдан кейін Үркер жұлдыз шоғыры, Ай мен Жер Күн сәулесі тіке түсетін сызық бойына орналассын делік (тоғысу құбылысы). Жұлдызық ай (27,321 тәулік) өткенде Жер өз орбитасы бойынша 27 градус жол жүріп Ж жағдайына, Ай А жағдайына, Үркер Ү жағдайына келгенімен, жаңа ай тумайды, бірақ, «тоғысу» құбылысы болады. Себебі, бұл кезде Ай Жер мен Күнннің арасында болып «озып» кеткен Жерді қуып келе жатады. Жаңа Ай туу үшін Ай А Жер Ж жағдайына тура келіп, Күн сәулесі бойындағы түзү сызық бойына орналасуы қажет. Міне, осы «қуып жету үшін» жоғарыда айтқан 2,2089272 немесе жуық түрде 2 тәулік 5 сағат керек. Сонда 27,321661 + 2,2089272 = 29,5305882 тәулікте тең туар (синодтық) ай мөлшері пайда болады [29].



2 - сурет Жердің Күнді айналу бағыты

Тоғыс есебіндегі айлар жүйесі.

Тоғыс есебіндегі айлар жүйесі Айдың кемитін фазалары бойынша табиғи реттілікке қарсы тақ сандармен белгіленген. Тоғыс есебіндегі айда 28 тәулік болғанымен жылдың 1 – ші айын 27 тақ санымен «ойша» белгілеп, 1 санын өзгеріссіз қалдырған. Одан кейін 25, 23, 21, 19, 17, 15, 11, 9, 7, 5, 3 сандарымен тоғыс аяқталады. Ғылыми тілді неомения, қазақша «өлара» деп аталатын 2 тәулік 5 сағат бойы Ай көрінбейді. Бұл уақытта ай өз орбитасы мен алға жылжып кеткен Жерді қуып келе жатады. Ай Жерді қуып жеткен соң бір жаңасындағы Ай Үркер жұлдызымен қатар көрінеді. Бұл тоғыс айының басы болып табылады. Бірақ, «тоғысулар» үнемі тақ сандарға сәйкес келмей кейбір айларда жұп сандарға да тура келіп қалады. Әйтсе де, дәстүр үрдісін бұзбау үшін, жұп сандарды тақ сандарға ауыстырып санай береді. Мұндай уақыт айырмашылығы 28 күндік тоғыс айымен нақты жұлдыздық (сидерлік) ай арасындағы сәйкессіздіктен пайда болады. 28 күн – 27,321661 күн = 0,678339 немесе 16 сағат 17 минутке тең. Сондықтан да, 364 күндік тоғыс жылы мен 355 күндік жұлдыздық Ай жылының арасында 9 тәулік айырмашылық пайда болып, мұндай уақыт айырмашылығы ең әрі кеткенде 19 тәулікке дейін жетіп, Тоғыс есебімен қайтадан теңесіп отырады [18].

Жаңа сипаттағы Тоғыс есебі үшін – 160 жылдық айналыс ең қолайлы болып табылады. Оның математикалық теориясын былайша көзге елестетуге болады:

1) 160 жыл * 365,25625 тәулік – 58441 тәулік – 0,0001104 тәулік қысқа.

2) 2139 ай * 27,321645 тәулік- 58441 тәулік 0,0000154 тәулік қысқа.

3) 1979 ай * 29,530571 тәулік – 58441 тәулік – 0,0000172 тәулік қысқа.

4) 12 жыл * 5 – 60 жыл * 8 – 480 жыл : 3 цикл – 160 жыл болып теңеседі.

Қорытынды: Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да өзін жалпы жаратылыстың бір өкілі ретінде сезіне біледі.

Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік етіп, тұрмыс құра жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Қазақ халқының дүниетанымы оны қоршаған ортаға – кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға оның шаруашылығына байланысты қалыптасты.

Қазақтың табиғат және оның алуан түрлі құбылыстары дүниетанымдық көзқарасы - біздің ұлттық рухани сезімімізді, адамгершілік қасиетімен мінез – құлығымызды қалыптастырады және табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді оятады. Халқымыздың шығуы тарихи жағынан тереңге кетіп бүгінгі күнге дейін жеткен ежелгі жәдігерлерінің қай қайсының да пайда болуы мен пайдалануында белгілі бір ғылыми негіз бар. Ол көбінесе халқымыздың тұрмыс тіршілігі мен оның кәсібінде, салт – сана дәстүріне байланысты көрініс тауып отырады.

Қазақтардың табиғат құбылыстары туралы дүниетанымдық мол мұрасының маңызы ерекше, халық қазынасын жан – жақты пайдалану қажет екендігін бүгінгі күннің өзі талап етуде.

Табиғат құбылыстарының қайталанып келіп отыруын мұқият бақылау қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Халқымыз жыл мезгілдері мен әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын көбінесе аспан денелерімен жан – жануарлар әрекетіне қарап болжаған. Олар аспан әлеміндегі негізгі планеталарды жақсы айыра білген. Қазақтар түнгі аспан шырақтарына қойған аттарын да өздерінің шаруашылық өмірінен алғанын. Халқымыз табиғаттың сан алуан құбылыстары мен жабайы жан - жануарлар арасындағы табиғи байланыстың құпия сырларын бақылай отырып, өзіндік тұжырым, қорытындылар жасағанын, әлі оларға ерекше мән бергенін көреміз.

Өзін табиғатпен тұтастықта, табиғаттың бір бөлшегімін деп тану, халқымыздың табиғат құбылыстары туралы дүниетанымымен ұласып, атадан балаға ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде өз жалғасын табуы керек.

Өмірде қолдануы:

Қазақтардың ауа райын болжаудағы ұстанымдарын білу кімге де болсын көптік етпейді. Мектебімізде географияның бастапқы курсында география пәнінің мұғалімі Жакупов Алтынбек Аманжолұлы 6- сыныптарда, Жер қабаттары тарауының §34, ал 7- сыныптарда атмосфера және климат тақырыптарында, 8- сыныптарда Қазақстанның клиаты тарауының агроклиматтық қорлар тақырыптарында қолданса, 9- сыныптарда Агроөнеркәсіптік кешені тақырыптарында ауа райының өзіндік ерекшеліктері туралы мәлімет беріп өткен. Осы тұста, оқушы дүниетанымын кеңейту, іздендіру үшін менің жобамның өзіндік үлесі бар. Сондықтан да, оны қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сол сияқты жұмысымды арнайы кітапша ретінде шығарып, мектебіміздің кітапханасына тарту еттім. Яғни, толық танысқысы келетін оқушыларға көмек болар деп санадым.

Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе - тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ»,«Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған. Қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп қастерлеген.

Қасиетті сөз бар еді «Кие»- деген

Киелігі жоламас жүйе деген

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық аппатар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі аңық айқындалды.

Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы – тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын, тепе – тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс – әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс – тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға,табиғат пен арадағы тепе– теңдікті қалпына келтіруге бағытылған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ І ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым - қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

Қазіргі кезде Семей полигоны, Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында және т.б. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда.

Марқакөл меелекеттік табиғи қорығынның ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімі осы мәселерді шешуге өз үлесін қосу барысында мынадай міндеттер қойдық..

Табиғат –адам–қоғам–өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара – қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

– Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алуы болып табылады.

– Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым– қатыныста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.

– Мектепте жас ұрпақтарға экологиялық білім беруде қорық қызметкерлерімен бірігіп қоғамдық пайдалы еңбек, экологиялық апталық, саяхат, практикалық жұмыс жасау.

Жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық табиғат қорғау акциясы «Саябақтар–шеруі» аумағандағы өткізілетін «Табиғатты қорғайық», «Біз Марқакөл өркеніміз» деген суреттер жарысы, «Менің Марқакөлім» атты балалардың шығарма жұмысының жарысы осыған дәлел. Жергілікті тұрғындар мен қорық қызметкелері бірігіп көгалдандыру, құстарды қорғау, көшедегі лас– қоқыстарды жинау, тұған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескеркіштерін қамқорлыққа алу сияқты шаралар өткізіліп отырады.

Өзіміз тұратын Күршім ауданында, әсіресе, Марқакөл қорығынның аймағында экологиялық мәселелер жоқтың қасы емес. Қорық қызметкерлерінің табиғатты қорғау тұрғысындағы еңбектері, осы қорықтың жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толығымен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете алмайды. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынның ғылыми зертеулерінің 2007–2012 жж. перспективті жоспары жасылынған. Мысалы: ММТҚ «Табиғат жылнамасын» жүргізіп, биологиялық алуан түрлігінің жыл сайынғы мониторингісі, экожүйеге антропогендік факторлардың әсерін бақылау, хариус балығын көбею экологиясын зерттеу зияқты ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Айрықша қорғалатын және қорғалмайтын аймақтарды эко жүйелерінің өзгеруіне болжам жасалуда, Оңтүстік Алтайдың флорасы мен фаунасына инветаризация жасалады.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (ММТҚ) қорғау аймағында санитарлық шаралар жыл сайын өткізіліп отырады, соның ішінде:

– Қорық аумағында ескерту және тыйым салу туралы аншлагтар орнатуы.

– ММТҚ аумағында қорғауға шығу және рейд жасау.

– ММТҚ инспекторлаларына экологиялық ағарту оқу сабақтарын өткізу.

– ММТҚ аумағында туристтер мен дем алушылармен экологиялық ағарту сабақтарын өткізу.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда Табиғат мұражайына саяхат жасаудың зор ықпалы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау аспектілері туралы мақалалар шығару, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғап, сақтап қалуда ұсыныстар жасалады.

Тұған жеріміздің табиғатын қорғау– баршамыздың міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата – бабамыз оқымай– ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған. Қазақ орнатқан ошақтарын да көшкенде жауып кетеді екен.

Ойымызды түйіндесек адам мен табиғат әрқашанда егіз. Әр адам табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарап, табиғат байлығын молайту саласындағы істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу арқылы салауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу әрбір адам баласының міндеті болып табылу тиіс және солай болатына сенімдіміз.

Марқакөл қорығы – біздің табиғи байлығымыз, мақтанышымыз. Өзен–көлдің суының сылдырын, құстардың қалай әндеткенін естімеген, гүлдердің сұлулығын тамашаламаған, арайлы алтын күннің шапағатын қызыға қарамаған адамнының ой–өрісі кең болмайды, қиялы қанатсыз болады. Ендеше, қорық манайында қорық режиміндегі аймақ құрғанда ғана, көл бассейнінің табиғат кешенің сақтауға болады, яғни Марқакөл шұңғымасының қайталанбас табиғаты - Оңтүстік Алтай эталоны бола алады.



Оценить/Добавить комментарий
Имя
Оценка
Комментарии:
Хватит париться. На сайте FAST-REFERAT.RU вам сделают любой реферат, курсовую или дипломную. Сам пользуюсь, и вам советую!
Никита17:02:14 05 ноября 2021
.
.17:02:12 05 ноября 2021
.
.17:02:11 05 ноября 2021
.
.17:02:09 05 ноября 2021
.
.17:02:08 05 ноября 2021

Смотреть все комментарии (8)
Работы, похожие на Реферат: аза тарды барша тіршілік болмысы

Назад
Меню
Главная
Рефераты
Благодарности
Опрос
Станете ли вы заказывать работу за деньги, если не найдете ее в Интернете?

Да, в любом случае.
Да, но только в случае крайней необходимости.
Возможно, в зависимости от цены.
Нет, напишу его сам.
Нет, забью.



Результаты(294399)
Комментарии (4230)
Copyright © 2005 - 2024 BestReferat.ru / реклама на сайте