Банк рефератов содержит более 364 тысяч рефератов, курсовых и дипломных работ, шпаргалок и докладов по различным дисциплинам: истории, психологии, экономике, менеджменту, философии, праву, экологии. А также изложения, сочинения по литературе, отчеты по практике, топики по английскому.
Полнотекстовый поиск
Всего работ:
364139
Теги названий
Разделы
Авиация и космонавтика (304)
Административное право (123)
Арбитражный процесс (23)
Архитектура (113)
Астрология (4)
Астрономия (4814)
Банковское дело (5227)
Безопасность жизнедеятельности (2616)
Биографии (3423)
Биология (4214)
Биология и химия (1518)
Биржевое дело (68)
Ботаника и сельское хоз-во (2836)
Бухгалтерский учет и аудит (8269)
Валютные отношения (50)
Ветеринария (50)
Военная кафедра (762)
ГДЗ (2)
География (5275)
Геодезия (30)
Геология (1222)
Геополитика (43)
Государство и право (20403)
Гражданское право и процесс (465)
Делопроизводство (19)
Деньги и кредит (108)
ЕГЭ (173)
Естествознание (96)
Журналистика (899)
ЗНО (54)
Зоология (34)
Издательское дело и полиграфия (476)
Инвестиции (106)
Иностранный язык (62791)
Информатика (3562)
Информатика, программирование (6444)
Исторические личности (2165)
История (21319)
История техники (766)
Кибернетика (64)
Коммуникации и связь (3145)
Компьютерные науки (60)
Косметология (17)
Краеведение и этнография (588)
Краткое содержание произведений (1000)
Криминалистика (106)
Криминология (48)
Криптология (3)
Кулинария (1167)
Культура и искусство (8485)
Культурология (537)
Литература : зарубежная (2044)
Литература и русский язык (11657)
Логика (532)
Логистика (21)
Маркетинг (7985)
Математика (3721)
Медицина, здоровье (10549)
Медицинские науки (88)
Международное публичное право (58)
Международное частное право (36)
Международные отношения (2257)
Менеджмент (12491)
Металлургия (91)
Москвоведение (797)
Музыка (1338)
Муниципальное право (24)
Налоги, налогообложение (214)
Наука и техника (1141)
Начертательная геометрия (3)
Оккультизм и уфология (8)
Остальные рефераты (21692)
Педагогика (7850)
Политология (3801)
Право (682)
Право, юриспруденция (2881)
Предпринимательство (475)
Прикладные науки (1)
Промышленность, производство (7100)
Психология (8692)
психология, педагогика (4121)
Радиоэлектроника (443)
Реклама (952)
Религия и мифология (2967)
Риторика (23)
Сексология (748)
Социология (4876)
Статистика (95)
Страхование (107)
Строительные науки (7)
Строительство (2004)
Схемотехника (15)
Таможенная система (663)
Теория государства и права (240)
Теория организации (39)
Теплотехника (25)
Технология (624)
Товароведение (16)
Транспорт (2652)
Трудовое право (136)
Туризм (90)
Уголовное право и процесс (406)
Управление (95)
Управленческие науки (24)
Физика (3462)
Физкультура и спорт (4482)
Философия (7216)
Финансовые науки (4592)
Финансы (5386)
Фотография (3)
Химия (2244)
Хозяйственное право (23)
Цифровые устройства (29)
Экологическое право (35)
Экология (4517)
Экономика (20644)
Экономико-математическое моделирование (666)
Экономическая география (119)
Экономическая теория (2573)
Этика (889)
Юриспруденция (288)
Языковедение (148)
Языкознание, филология (1140)

Реферат: Сактандыру нарыгы

Название: Сактандыру нарыгы
Раздел: Рефераты по банковскому делу
Тип: реферат Добавлен 03:41:34 03 сентября 2011 Похожие работы
Просмотров: 2200 Комментариев: 18 Оценило: 7 человек Средний балл: 4.9 Оценка: 5     Скачать

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3

1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5

1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17

2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21

3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24

3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................38

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.

Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.

Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады.

Сонымен қатар, Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.

Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сақтандыру нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз курстық жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым.

Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан сақтандыру нарығының жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сақтандырудың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

· Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау;

· Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету;

· Шет елдердегі сақтандыру нарығының жағдайларын талдау арқылы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыру;

Курстық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығы болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында қалыптасқан сақтандыру қатынастары болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні

“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде жақында ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық жағдайында сақтандыру нарығының болуы туралы сөз де қозғалмаған.

Сақтандыру қызметтері нарығының мәні сақтандыру табиғатынан көрініс табады. Менің ойымша, бұл түсінікті жетекші ғалым-экономисттер көзқарасы тұрғысынан қарастыру керек.

Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді: “Сақтандыру нарығы – сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде айрықша тауарды сату-сатып алу бойынша пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі”.

В.В.Шахов мынадай анықтама берген: “... Сақтандыру нарығы – сату-сатып алу объектісі болып сақтық қорғау табылатын, оған деген сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын ерекше әлеуметтік-экономикалық құрылым, ақша қатынастарының белгілі бір сферасы”.

Кең мағынада сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Тар мағынада сақтандыру нарығы – сақтандыру қоғамдарының жиынтығы.

В.М.Родионова өзінің “Финансы” оқулығында мынадай анықтама ұсынған: “Сақтандыру нарығы – бұл сату-сатып алу объектісі болып арнайы қызмет – сақтық қорғау табылатын, оған деген ұсыныс пен сұраныс қалыптасатын ақша қатынастарының ерекше сферасы”.

Ю.Бугаев өзінің мақалаларының бірінде былай деп жазған: “Мемлекеттің реттеушілік әсерінің негізінде сақтандырылушылардың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын сақтандырушы өзінің ерекше тауарын (сақтандыру) өткізе алатын ерекше сақтандыру нарығы пайда болады. Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы экономикалық қатынастарды ортақтастандырады”.

Осы түсініктердің (анықтамалардың) талдауы негізінде авторлардың барлығы келесідей көзқарасқа ие болған деген қорытынды жасай аламыз: “Сақтандыру нарығы – бұл “сақтандыру қызметі” деген айрықша тауарды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы”.

Осылайша, сақтандыру нарығы қарамағында бір жағынан, уақытша бос сақтандыру қорларының қаражаттары болады, ал екінші жағынан, сақтандыру нарығының оларды жоғары табыс әкелетін және салынған қаражаттардың тез қайтарылуын қамтамасыз ететін қызмет сфераларына салуға мүмкіндігі болады.

Сәйкесінше “сақтандыру нарығы” түсінігі оның мәні есебінен ашылады. Бәріміз білетіндей, мән философиялық категория ретінде белгілі бір құбылыстың ішкі мазмұны деген мағынаны береді.

Сақтандыру нарығының мәні “сақтандыру қызметі” және “сақтандыру

тәуекелі” категорияларын қарастыру кезінде анықталады. Осы жерде “... нарық пен сақтандыру тәуекелі өзара байланысты”. Бір жағынан, нарық сақтандыру тәуекеліне әсер етеді, екінші жағынан – қалыптасқан жағдайға байланысты сақтандырудың тәсілі мен шарттары дайындалады.

Сақтандыру нарығында келтірілген нұқсандар территориялық ғана емес, сондай-ақ уақыт аспектісінде қарастырылады. Осымен бірге сақтандырылушылар арасында сақтандыру қорын қайта бөлу тиімді болу үшін, айтарлықтай үлкен территория және де сақтандырылған адамдардың саны айтарлықтай аз болу керек. Осы шарттар сақталған кезде ғана үлкен территорияларды қамтыған апаттар нұқсандарын үлестіру мүмкін болады.

Кездейсоқ жағдайлардан туындаған нұқсанды уақыт бойынша үлестіру бір шаруашылық жыл шегінен асып кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар бірнеше жыл болмауы мүмкін және олардың нақты болатын күні белгісіз болады. Бұл жағдай қолайлы жылдары түскен сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін қолайсыз жылдары болатын төтенше жағдайларды өтеудің қайнар көзі ретінде қолдану үшін резервтеу қажеттілігін тудырады.

Сақтандыру нарығының ерекше белгісі болып сақтандыру корына жиналған сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру төлемдері мүмкін болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және сақтандыруды жүргізуші сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан тұратын сақтандыру тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің барлық сомасы белгіленген уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында қайтарылады. Қаражаттарды қайтару белгісі сақтандыруды несие категориясына, ал сақтандыру нарығын қаржы-несие нарығына жақындатады.

Сақтандыру қоры қаражаттарының шоғырлануы – сақтандыру нарығын ұйымдастырудың негізгі қағидаты. Бұл қағидат кез-келген сақтандыру ұйымы үшін анықтаушы болып табылады.

Сақтандыру нарығының болуының міндетті шарты болып сақтандыру қызметтеріне деген қоғамдық қажеттіліктердің болуы және сол қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы табылады. Отандық экономиканың нарыққа өтуі экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының рөлі мен орнын өзгертеді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмірдің толық құқылы субъектілеріне айналуда.

Сондай-ақ, сақтандыру нарығының қалыптасуы үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың мүлкін сақтық қорғау үшін сәйкес сақтандыру қорларының болуы шарт. Бірнеше миллиондаған теңге сақтандыру сомасы және де өзінің ірі капиталы бар ондаған сақтандыру компаниялары болуы керек.

Сақтандыру нарығының қызмет етуінің негізгі заңдары болып құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңы саналады.

Сақтандыру нарығы тауарлы шаруашылықтың даму процесінде қалыптасады және де соңғысының ажырамас элементі болып табылады. Айтылған екеуінің де пайда болуының шарты болып қоғамдық еңбек бөлінісі және әртүрлі меншік иелерінің болуы табылады. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардағы субъектілердің дербестігін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу бойынша тең құқылы серіктестігін, көлденең және тік байланыстардың дамыған жүйесін, бәсекелестікті болжайды.

Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.

Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.

Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы – бұл сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше нарықтық қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті серіктестік.

Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар жасайды. Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері нарығында мүдделердің жаңа топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар құралдарының ішінде aнық орын алуда.

1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы

Сақтандыру нарығының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы кеңірек ашады. Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.

Салалық нышаны бойынша өмірді сақтандыру нарығын (сонымен бірге сақтандырудың барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты, аннуитет және т.б. жатады), мүлікті сақтандыру нарығын, жауапкершілікті сақтандыру және де жазатайым уақиғалардан сақтандыру нарығын бөледі. Қазақстан Республикасында сақтандырудың “өмірді сақтандыру” және “жалпы сақтандыру” сияқты екі саласы белгіленген.

Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру нарықтарын бөледі.

Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.

Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.

Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру нарығы ретінде халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих).

Қайта сақтандыру арналары бойынша және брокерлер арқылы ірі тәуекелдер көптеген халықаралық және аймақтық сақтандыру нарықтары арасында бөлінеді. Мүдделерді сәйкестендіру және сақтандыру ұйымдарының жалпы проблемаларын шешу мақсатында халықаралық сақтандыру одақтары (техникалық тәуекелдерді сақтандырушылардың халықаралық одағы, теңіздік сақтандырушылардың мемлекеттік одағы және тағы басқалар) қызмет етеді.

Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандары болып мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру және өзара сақтандыру табылады.

Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында, сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.

Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.

Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен реттеледі.

Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған. Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге дейін заң жобасы ұсынылмаған.

Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру үшін сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б. сақтандыруда кеңінен дамыған.

Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың

қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.

Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:

1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

2. сақтандыру брокері;

3. сақтандыру агенті;

4. сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

5. актуарий;

6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);

7. өзара сақтандыру қоғамы;

8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:

1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;

2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);

3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;

4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;

5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;

6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуді;

7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;

8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;

Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.

Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;

Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық актуарийлік есептеулер;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.

Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);

Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша беруге міндетті. Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді.

1сурет – Сақтандыру нарығының құрылымы

Сақтандыру салалары, сыныптары, түрлері: Сақтандыру көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Ол ерікті түрде немесе заң күші арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.

Сақтандырудың сыныпталуы кез-келген басқа да сыныпталу секілді сақтандыру жүйесін бір-бірімен өзара тығыз байланысты буындардан құрайды.

Отандық сақтандыру нарығында сақтандырудың сыныпталуы негізі екі критерийден құралған: сақтандыру объектілерін ажырату және қауіптілік деңгейі. Сақтандыру объектілері бойынша сыныпталуында жоғарғы буын – сала, ортаңғы буын- кіші сала немесе сынып, төменгі буыны – сақтандыру түрі болып отыр.

Салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектілері бойынша бөлу жатыр. Осы уақытқа дейін сақтандру қатынастарының барлық жиынтығы үш салаға бөлініп келді, олар: мүліктік сақтандыру, жеке сақтандыру, жауапкершілікті және кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру. Алайда, жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру ең алдымен сақтаушылардың мүліктік мүдделерін қорғайды, яғни, сақтандыру арқылы материалды шығындар атап айтқанда – мүліктің немесе табыстың жоғалуынан болған зардаптың орны толтырылады. Жауаптылықты сақтандыру кезіндегі үшінші бір тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру да сайып келгенде, материалдық шығынның орнын толтыруға келіп тіреледі (емдеуге қажетті шығындар, жерлеу рәсіміне кететін шығындар немесе жалақыны жоғалтқан жағдайдағы орнын толтыруға кететін шығындарды айтуға болады).

Сондықтан да еліміздің сақтандыру нарығы қазіргі кезде екі салаға бөлінеді: мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру өз кезегінде 4 кіші салаға бөлінеді: жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерін сақтандыру және жеке азаматтардың мүліктерін сақтандыру.

Жеке сақтандыру екі кіші сала бөлінеді: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру.

Сақтық қызмет - сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадый сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру. Ал жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру

2) медициналық сақтандыру

3) теміржол көлігін сақтандыру

4) автомобиль көлігін сақтандыру

5) әуе көлігін сақтандыру

6) су көлігін сақтандыру

7) жүктерді сақтандыру

8) 3-ші және 7-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;

9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру

11) теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

12) әуе көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру

13) су көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру

14) тасмалдаушының жауапкершілігін сақтандыру

15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

16)10-шы, 14-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтірген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыру ережелерінің әрбір сақтандыру түрі үшін сақтандыру ұйымы жеке-жеке жасайды және олар сақтандырудың тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия берген кезде уәкілетті меншіктік органмен келісуге тиіс. Егер ұсынылған сақтандыру ережелері ҚР-ның заңдарына қайшы келсе және жоғарыда аталған талаптарға сай болмаса уәкілетті меншіктік орган лицензия беруден бас тартуға құқылы. Сақтанушы мен сақтандырушы арсындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасау кезінде анықтайтын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасылуы мүмкін. Сол қосымша талаптар 3 реттен астам қайталанған жағдайда сақтандырушы сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша ережелерді заңдарда белгіленген тәртіппен өзгертуге міндетті.

Міндетті және ерікті сақтандыру .

ҚР-ның Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

1) міндеттілік дәрежесі

- ерікті

- міндетті

2) сақтандырудың обьектісі

- жеке

- мүліктік

3) сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша

- жинақтаушы

- жинақтаушы емес

Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру заңнамалық келісімдер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру түрлері. Ол сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық келісімдермен реттейді. Ерікті сақтандыру- тараптардың еркін білдіруіне орай жасалынатын сақтандыру.

Мемлекет материалдық шығындардың орнын толтыру жалпымемлекеттік мәнге ие болған жағдайда сақтандырудың міндетті формасын орнатады, яғни қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда басымылыққа ие болып отырған сақтандыру объектілеріне міндетті сақтандыру формасы қолданылады. Осылайша, 1997 жылдан бастап еліміздің халық шаруашылығының стратегиялық саласының бірі болып табылатын ауылшаруашылығындағы міндетті сақтандыру түрі жаңартылды.

Жол көлігі, темір жол, су және әуе көлігі сапарларында, апат болған жағдайда сенімді әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушылар мен көлік иелерінің жауапкершілігі міндетті түрде сақтандырылады.

Міндетті сақтандыру формасына мынадай белгілер тән:

1. Міндетті сақтандыру шарттары заң арқылы немесе үкіметтік нормативтік акт арқылы бекітіледі. Осыған сәйкес, сақтаушы сәйкес объектіні сақтауға, ал тиісті лицензиясы бар сақтандырушы осы объектіні сақтандыруға қабылдап алуы міндетті.

2. Міндетті сақтандырудың заңда көрсетілген объектілерді тұтас қамтуы және оның (міндетті сақтандырудың) таратылуының автоматтылығы. Бұл принцип ең алдымен мүліктік сақтандыруда байқалады. Мысалы, ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы жануарларды сақтандыру кезінде олардың барлығы дерлік сақтандырылған болып есептеледі жаңадан қосылған жануарлар жөнінде хабарлап отыру міндетті емес, олар автоматты түрде сақтандырылған болып саналады.

3. Сақтық қамтамасыз етудің мөлшерленуі (нормалануы). әдетте міндетті сақтандыруда орны толтырылатын залал мөлшерінің белгіленген шегі болады.

Ерікті сақтандыру формасы төмендегідей принциптерге негізделеді:

1. Сақтандыру шарттары сақтандырушының ережелері арқылы реттеліп, сақтаушымен келісіліп отырады.

2. Сақтандыру қатынастарына сақтаушының да сақтандырушыныңда өз еркімен қатысуы.

3. Сақтандырудың объектілерді таңдамалы түрде сақтандыруға алуы. Ол ең алдымен сақтаушылардың барлығының түгел дерлік бұл қатынастарға араласқысы келмейтіндігімен және түгел барлық объектіні сақтандырмайтындығымен түсіндіріледі.

4. Ерікті сақтандыруда келісім-шарт келісілген уақыт мөлшерімен шектеледі.

5. Ерікті сақтандыру тек келісілген мөлшердегі сақтандыру төлемі төленген жағдайда ғана қызмет етеді.

6. Ерікті сақтандыру бойынша сақтық қамтамасыз етілудің көлемі сақтаушының қалауына байланысты және тараптардың келісімімен бекітіледі. Бірақ, мүлікті сақтандыруда сақтық қамтамасыз етілудің көлемі сақтандырылған мүліктің сақтандыру бағасымен шектеледі.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау

Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды.

Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Егер 2007 жылы сақтандыру компанияларының саны 41 болса, 2009 жылы 39 компания болды. Сақтандыру компанияларының активтері абсолютті шамамен де, салыстырмалы шамамен де Қазақстанның қаржы қорында және экономикада елеулі рөл атқармайды. Сақтандыру компанияларының активтері 2007 жылы 368,3 млрд теңгеден 2009 жылы 1 124,7 млрд теңгеге дейін көбейді (өсім 205,3%). ЖІӨ қатысты сақтандыру компанияларының активтері онша өсе қойған жоқ: 3,1%-дан 6,8%-ға дейін ғана өсті. Сақтандыру компанияларының меншікті капиталы 2007 жылы 142,6 млрд теңгеден 2009 жылы 330,8 млрд теңгеге өсті (өсім 132%), көрсеткіш ЖІӨ-ге қатысты 1,2%-дан 2,0%-ға көбейді.

1 кесте– Қазақстан Республикасы сақтандыру компанияларының даму үрдісі

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

сақтандыру компанияларының саны

41

44

39

сақтандыру компанияларының меншікті капиталы,млрд. тенге

142,6

224,6

330,8

ЖІӨ-ге %

1,2

1,6

2,0

сақтандыру компанияларының меншікті капиталы, млн. долл.

1171,4

1 879,4

2 812,4

ЖІӨ-ге %

1,2

1,6

2,0

сақтандыру компанияларының

активтері,млрд. тг.

368,3

729,9

1 124,7

ЖІӨ-ге %

3,1

5,2

6,8

сақтандыру компанияларының активтері, млн. долл.

3026,1

6108,0

9562,2

ЖІӨ-ге %

3,1

5,2

6,8

Соңғы жеті жылда сақтандыру компаниялары активтерінің ең жоғарғы өсімі - % 2009 жылы болды. 2006 жылдың нәтижесі бойынша сақтандыру компанияларының активтерінің өсімі 84,7% болды. Қорыта айтқанда сақтандыру рыногының өсуі өте қарқынды, оны 3 бөлікке бөлуге болады: міндетті сақтандыру, нақты ерікті-мәжбүрлі сақтандыру және ерікті сақтандыру. Алдыңғы екі бөліктердің арқасында қарқынды өсу пайда болды. Жұмыс берушінің міндетті сақтандыруы жөніндегі Заң күшіне енді. Оған бөлінетін сыйақылардың мөлшері 9-10 млрд. теңгені құрайды. Халыққа және ұйымдарға кредиттер беру өсіп отыр, бұл «ерікті-мәжбүрлі» сақтандыру рыногының өсуіне үлкен көмегін тигізеді. Ерікті сақтандыру рыногына келсек, менің бағалауымша, мұндағы өсу 10%-дан аспайды.Ал осы сақтандыру сферасында жүргізілген төлемдерді төмендегі диаграммадан көруімізге болады:

2сурет – 2009 ж сақтандыру компанияларынан ерікті сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру төлемдері.

Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2009 ерікті сақтандыру төлемдері бойынша операцияларды ең көп жүргізген «КИС «Халық-Казахинстрах» АҚ болып табылады. Ол шамамен 1,81 млрд т. төлемдер жүргізген, яғни бұл көрсеткіш төлемдердін 29% құрайды. Келесі орынды «КК ЗиМС «ИНТЕРТИЧ» АҚ компаниясы иеленеді. Оның төлемдері 1,42 млрд.т. көсеткішімен 23% құрайды. Келесі 3 орынды 11% үлестерімен «БТА Банкінің «БТА Забота» еншілес ақтандыру компаниясы»АҚ, «КЖС Мемлекеттік аннуитеттік компания»АҚ , сонымен қатар «СК «Еуразия»АҚ компаниялары алып отыр. Ал қалған екі орынды «Казкоммерц-Полис «СК» Ақ 9% үлесімен және де «Мұнай сақтандыру компаниясы» Ақ 6% корсеткішпен алып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның қор рыногы еліміздің экономикасының дамуының негізгі үрдісін көрсетеді және олардың шамалы ғана өзгерістерін байқап отырады. Сақтандыру рыногында соңғы екі жылда жақсы үрдістер сақталды, оны сақтандыру сыйақылары көлемінің тез өсуінен байқауға болады. Былтырғы жылдағы жиналған сыйақы көлемі 79,1%-ға өсіп 120,2 млрд теңгені құрады. Бұл жағдайда сақтандыру сыйақысының көлемі (міндетті, жеке өз еркімен және мүлікті өз еркімен сақтандыру) 17,8 –12,9 және 89,5 млрд теңгені құрап, тиісінше 36,9-65,4 және 93,3% болды. Өмірді сақтандырудың перспективалық түрі бойынша сыйақының өсуі өте маңызды. Қаржыны қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша 2009 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда “өмірді сақтандыру ” саласы бойынша сыйақысының көлемі 2008 жылы 2,6 есеге немесе 3,7 млрд теңгеге өскен, өмірді сақтандырудың жыйынтық сақтандыру сыйақысындағы үлесі 1 қаңтар 2009 жылы 2,1% қарсы, 3,1%-ға жеткен. Бірақ, сақтандыру сыйақысындағы үлесі аз мөлшер болса да, соңғы үш жылда озық өсудің тұрақты үрдісі байқалуда. Оны төмендегі 2-ші кестеден көруге болады.

2 кесте – Сақтандыру компанияларында өмірді сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру төлемдері

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

2007

2008

2009

2009 жылды 2007 жылмен салыстырғанда, %

1

"Альянс-Полис" СК" АҚ

108 281

156 466

231657

144

2

" Amanat insurance" СК" АҚ

29 952

53 541

110465

2,5

3

"АМСГ" СК" АҚ

61 740

56 018

17063

-27,6

4

"Еуразия" СК" АҚ

248 501

498 394

669542

169,4

5

"Казахинстрах" КИС" АҚ

1 016 811

2 592 990

1810008

78

6

"Алтын-Полис" СК" АҚ

19 732

78 126

0

0

7

"Казкоммерц-Полис" СК" АҚ

189 113

481 397

550778

191,2

8

"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ

317 299

388 311

396160

24,2

9

"БТА Сақтандыру" АҚ

1 033

724

0

0

10

ТұранӘлем Банктің еншілес сақтандыру компаниясы "БТА Қамқорлық" АҚ

460 218

807 383

692037

50,3

11

"Коммеск-Өмір" АСК" АҚ

124 762

179 168

167813

34,5

12

"НОМАД Иншуранс" СК АҚ

23 347

25 465

45788

96,1

13

"ИНТЕРТИЧ" ДС ж МС ҚК" АҚ

483 629

972 502

1426874

195,1

14

ТұранӘлем Банктің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы "БТА Өмір" АҚ

485 992

773 622

513530

5,6

15

"АТФ Полис" СК " АҚ

214 278

-

-

-

16

"PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ

783

21 845

24693

3053,6

17

"Қазақмыс" СК" АҚ

61 791

60 515

35483

-42,6

18

"Атланта-Полис" СК" АҚ

517

9 360

2703

443

19

"ТрансОйл" СК" АҚ

8 057

1 898

2074

-74,2

20

"Нұрполис" Сақтандыру компаниясы" АҚ

9 292

30 146

29035

212,4

21

"Лондон-Алматы" СК" АҚ БК

2 178

521

1724

-21

22

"Cентрас Иншуранс" СК" АҚ

19 000

60 258

53976

184

23

"ӨСК Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы" АҚ

140 777

368 730

703384

399,6

24

"Астық сақтандыру компаниясы" АҚ

0

0

0

0

25

"Виктория" СК" АҚ

1 530

552

836

-45,3

26

"АСКО" СК" АҚ

8 130

9 408

9304

14,4

27

"НАСКО-Казахстан" ҰСК" АҚ

0

0

0

0

28

"Валют-Транзит-Полис" СК" АҚ

329

-

-

-

29

"Эко Полис" СК" АҚ

42 808

100 888

83920

96

30

"ЭйАйДжи Казахстан" СК" АҚ

39 678

78 315

71002

78,5

31

"Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ

34 746

91 342

281761

711

32

"Валют-Транзит Life" ӨСК АҚ

33 372

53 400

0

0

33

"САЯ" СК" АҚ

9 757

13 712

19055

95,2

34

"Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ

237

0

0

0

35

"ЦАСО" СҚ" АҚ

0

0

0

0

36

"Пана Иншуранс" СК"

4 524

2 921

2013

-55,5

37

"Алатау" СК" АҚ

0

0

0

0

38

"Халык-Life" ӨСК" АҚ

10 404

59 931

449143

4217

39

"Темір Ат" СК" АҚ

0

0

0

0

40

"Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ

102

9 308

-

-

41

"Alliance-Өмірді сақтандыру "Сақтандыру компаниясы АҚ

0

20 772

85670

0

42

"Allianz Kazakhstan СҚ" АҚ

-

159 791

85510

0

43

"Астана-финанс"ӨСК" АҚ

-

2 169

114274

0

44

АО "Медициналық сақтандыру компаниясы "Архимедес - Казахстан"

-

19 940

264530

0

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай өмірді сақтандыру саласы бойынша Қазақстан Республикасында сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымдарының саны 2007 жылы 41 және 2008 жылы 44 болса,ол көрсеткіш 2009 жылы 39 –ға дейін қысқарған. Берілген мәліметтер бойынша «АТФ Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит Life» ӨСК АҚ және "Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ компаниялары 2007-2009 жылдар аралыгында өз қызметтерін тоқтатқан. Жалпы алғанда соңғы 3 жыл ішінде өмірді сақатандыру компанияларының көбісінде тұрақты өсу байқалады. Мысал келтіретін болса, өз қызметін атқаруымен және де даму темпінің жылдамдығымен елеулі жетістіктерге жеткен бірнещше сақтандыру ұйымдарын атап көрсетуге болады.Осы ұйымдардың ішінде ең көзге түсетін компания "Халык-Life" ӨСК" АҚ болып табылады. Бұл компанияның 2007 ж төлемдері 10404 мың теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2009 ж 449143 мың теңгеге жеткен. Осыған байланысты сол жылдар аралығындағы өсімі 4217% құрады. Келесі орынды "PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ иеленеді. Оның 2007ж төлемдері 783 мың т. болса,2009ж ол көрсеткіш 24693мың т. дейін жетті, ал өсімі 3053,6% жетті. Ал 3 орынды "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ алды. Оның 2007ж төлемдері 34746 мың т. құраса, 2009ж ол көрсеткіш 281761 мың т. жетті, ал өсімі 771% құрады. Сонымен қатар осы жылдар ішінде керісінше сақтандыру төлемдері төмендеген компаниялар да жоқ емес. Олардың ішінде ең алғашқы орында "ТрансОйл" СК" АҚ тұр. Кестеден көріп отырғанымыздай бұл компанияның 2007ж жүргізген төлемдері 8057мың т. болса, ол көрсеткіш 2009ж 2074 мың т. төмендеген, сәйкесінше осы жылдар аралығында оның төлемдері 74,2% төмендеген. Екінші орынды "Пана Иншуранс" СК" иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 4 524мың т. болса, ал 2009ж ол 2013 мың т. құрады, яғни компанияның төлемдері 55,5% төмендеген. Ал келесі орындарды Виктория" СК" АҚ, "АМСГ" СК" АҚ, "Лондон-Алматы" СК" АҚ БК компаниялары өзара бөліскен. Олардың төлемдері сәйкесінше 42,6%, 27,6% және 21% төмендеген. Өкінішке орай, бұл берілген тізімде мүлдем 3 жыл бойына да ешқандай іс жүргізбеген компаниялар да бар. Олар: "ЦАСО" СҚ" АҚ, "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ, "Темір Ат" СК" АҚ және т.б компаниялар болып табылады.

2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.

Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.

Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:

- ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;

- сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;

- нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;

- сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;

- сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);

- сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;

- халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;

- сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.

Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:

- жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;

- өзара сақтандыру жүйесін дамыту;

- халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;

- сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;

- міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;

- сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;

- сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;

- қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.

Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

- ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;

- жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;

- сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;

- халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;

- міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;

- сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;

- жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;

- сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;

- сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалау мен реттеудің тиімділігін жоғарылату.

Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:

- жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге бағытталған табысқа салық салу сақтандыру төлемдерін алатын уақытқа ауыстырылады;

- жұмыс берушінің өз жұмысшысының пайдасына жинақтаушы сақтандыру бойынша төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы жұмысшының табысы саналмайды;

- жеке тұлғаның өз пайдасына жинақтаушы сақтандыру келісімдері бойынша енгізген сақтандыру сыйақыларының сомасы толық көлемінде алуға жіберіледі.

Нарықтың негізгі көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.

3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі

Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа

да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру нарықтары жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының нарықтарын қарастырып өтпекпін.

Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.

Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 2006 жылы өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса, 2007 жылы 60%-ды құрады. 2007 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс - 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 2002 жылы 0,25%-дан 2007 жылы 1,48%-ға дейін өсті. Соңғы 6 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен көруге болады.

3 кесте - Қытайдағы сақтандыру саласының 2002-2007 жылдардағы табыстары. (млрд юань)

Жыл

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Табыс

59,5

77,7

108,0

124,7

210,9

388,0

2006 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2006 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.

Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының

болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің 52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы (24%) тұр. “Тайпинян” компаниясы 11%-ды, ал “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды. Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.

2005 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары, 7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларына және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің саны - 150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің қызметін пайдаланады.

Қытай басшылығының елді сыртық экономикалық қатынастарға ашық екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене бастады. Өкілетттіктердің ең көп санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің 113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2007 жылы ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.

2007 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қытай Халық Республикасында шет елдің қатысуымен 37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге жуық басқа шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және тағы басқалар) бар.

АҚШ сақтандыру нарығы. Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып табылады.

Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң

және сақтық бақылау органы жоқ.

Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.

Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.

Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:

1) бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);

2) жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);

3) коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).

Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.

Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың қызметін талдайды, олардың қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.

Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар және инвестициялар бойынша пайда коэффициенті, дебиторлық қарыз деңгейі саналады.

Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру бойынша ірі сақтандыру компаниялары жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады.

Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары өндірістік корпорациялармен тығыз байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың әрбір 100 директорлар кеңесінің 27-сінде сақтандырушылар отырады.

Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық негізін акционерлік қоғамдар мен өзара сақтандыру қоғамдары құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру брокерлерінің – сақтандыру агенттерінің немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың институты бар. Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша “Пруденшл” ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, “Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”, “Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.

Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға дейін төмендеді. Бұл көптеген ұсақ сақтандыру компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.

Америка Құрама Штаттарының сақтандыру компаниялары қаржылық конгломераттар деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес компаниялары арқылы өздерінің негізгі қызметінен басқа несиелер мен қарыздар беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.

Жетекші сақтандыру компанияларына “Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.

Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара келісім негізінде өмірді сақтандыратын “Метрополитен Лайф иншуранс К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған компаниялардың бірі болып саналатын, “Коннектикут дженерэл корпорейшн” және “ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған “Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма” компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.

“Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші халықаралық диверсификацияланған сақтандыру топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы саудалық және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр.

Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.

Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары болып:

1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы;

1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф Америка” компаниясы;

1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы саналады.

Көріп отырғанымыздай, әрине бұл елдердің сақтандыру нарығының даму деңгейі, олардың сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің сақтандыру нарығының мәліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары

Елдің сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың бірқатар міндетті түрлері енгізілді,сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компаниясы, экспорт-импорт кредиттерін сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.

Сақтандыру секторы: мақсаты мен міндетi. Орта мерзімді перспективада сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерімыналар болып табылады:

- азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің сақтандыруды қорғаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне мемлекет экономикасын дамыту үшін ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды шоғырландыру жөніндегі шараларды əзірлеу жəне іске асыру;

- халықты əлеуметтік қорғаудың құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;

- халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін жəне сақтандыру қатынастары барлық субъектілерінің сақтандыру мəдениетін арттыру;

- үздік халықаралық практика негізінде сақтандыру қадағалауын жетілдіру.

Ағымдағы жағдай. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өрлеуі жəне ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау жөнінде мемлекет қабылдаған шаралар осы саланың шапшаң дамуына ықпал етті. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің бірнеше жыл ішіндегі серпініне оң баға берілуде. Дегенмен, елде өмірдісақтандыру жəне жинақтаушы жəне ұзақ мерзімді сақтандырудың өзге түрлері нарығы жеткіліксіз дамыған.

Қазіргі кезде өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мəселесі өзекті болып қалып отыр. Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру төмен деңгейде, олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлігі қайта сақтандыру арналары арқылы шет елдерге беріледі.

Бұдан басқа, міндетті сақтандыру жүйесінде бірқатар проблемалар бар. Айталық, міндетті

сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің барлық əлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары бар. Міндетті сақтандырудың тиімділігін төмендететін басты проблемалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: сақтандырушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік қадағалау деңгейінің жеткіліксіздігі мен қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі;

міндетті сақтандыруды қолдану туралы нормаларды қамтитын салалық заңдарды əзірлеуді шектеу қажеттілігі.

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ын міндетті сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерінің бірі болып табылады, бұл көлік құралдары иелерінің жəне жол қозғалысының басқа қатысушыларының мүдделерін қозғайды. Сондықтан сақтандыру нарығында осы сақтандырудың проблемалары неғұрлым өткір сезіледі.

Жақын арадағы жылдары сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлігіндегі маңызды мəселе өзара сақтандыру жүйесін дамыту болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру нарығы элементтерінің бірі болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттігі, ең алдымен əрқилы себептерге: көп шығынға, сақтандыру сомаларының жоғары мəніне байланысты коммерциялық сақтанушылар сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тəуекелдердің көп болуымен негізделген.

Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тəуекелдерді басқару жүйесі дамытуды талап етеді. Негізгі шаралар:

1. Сақтандыру ұйымдары қызметінің ашықтық деңгейін арттыру (шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру) - осы сəтте қолданыстағы шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы ұйымының нақты меншік иесін, қаржы ұйымының шешімдерін анықтайтын аффилиирленген тұлғалар тобын анықтау мүмкіндігі көзделді, қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерге елеулі əсер ететін қаржы ұйымдарының акционерлерін анықтау бөлігінде банктермен сақтандыру жəне зейнеткерлік заңнаманы біріздендіру жүргізілді.

Жүйелік тəуекелдері бар неғұрлым ірі сақтандыру ұйымдары банк конглометрлеріне жатады жəне оларды шоғырландырылған негізде реттеу банк конглометрі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банк конгломератына жатқызылмаған 24 сақтандыру ұйымына шоғырландырылған негізде пруденциялық реттеуді жүзеге асыру мүмкіндігі аз қолданылады.

Бұл кең көлемде олардың арасында қаржы кангломератын құрайтын заңды тұлғалар тобының іс жүзінде жоқтығымен түсіндіріледі.

Осылайша осы бағыттағы келесі саты осы сақтандыру ұйымдары мен олар құрған топтар үшін шоғырландырылған негізде пруденциалдық реттеуді жүзеге асыру болады.

2. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру

Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті сақтандыру жүйесі, тұтастай алғанда қалыптасты. Міндетті сақтандырудың енгізілген түрлері субъектілердің ауқымды шеңберін түрлі, оның ішінде қаржылық,

əлеуметтік, экологиялық, табиғи, техногендік тəуекелдерден сақтандырумен қамтиды.

Сонымен қатар, міндетті сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің барлық

əлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары бар.

Міндетті сақтандыру жүйесін неғұрлым нақты ұйымдастыру жəне оның жұмыс істеуі мақсатында мыналар:

сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар алу үшін шарттар анықтау;

қаржылық есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

Үкімет тарапынан сақтандырушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі бірқатар шаралар жүргізілетін болады.

Осымен бір уақытта міндетті сақтандыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдау қажет.

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру өзекті мəселелерінің бірі сақтандыру тарифтері мөлшерінің республикадағы жол қозғалысы тəуекелдерінің деңгейіне барабарлығы мəселесі болып отыр. Төмен рентабельдікке, ал кейбір сақтандыру ұйымдарында сақтандырудың осы түрі бойынша операциялардың шығындылығына байланысты сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартатын, сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартатын, агенттік пункттер санын

қысқартатын жағдайлар орын алып отыр, бұл сайып келгенде, сақтандырушыларға жəне жол-көлік оқиғасының нəтижесінде зардап шеккен тұлғаларға келеңсіз əсер етеді.

Жолдарда апаттардың жоғары деңгейін, елдің автопаркінің икемсіз өсуін жəне сақтандыру төлемдерінің көлеміне əсер ететін өзге факторларды ескере отырып, көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыруының жəне тарифтерге байланысты проблемаларға жедел əрекет етудің тұрақты мониторингін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру жөніндегі, оның ішінде сақтандыру жағдайын қарау тəртібін жеңілдету жəне қысқарту жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыру мақсатында заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Халықаралық тəжірибені жəне осы жүйені қолдану практикасын ескере отырып, шығындарды тікелей реттеу жүйесін енгізу мүмкіндігі əзірленетін болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2007 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 11 сəуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы əзірленген болатын, оның негізгі мақсаттары көлік-коммуникациялық кешенін одан əрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның көлік жүйесін дүниежүзілік көлік жүйесімен ықпалдастыру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген стратегия атап айтқанда Қытай мен Ресей сияқты елдерді қамтитын пайдалы, сенімді жəне қол жетімді транзиттік бағыттарды құра отырып, елдер арасында өсіп отырған сауда байланыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ), немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде қолданыстағы «Жасыл карта» халықаралық автосақтандыру жүйесіне ұқсас көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық жүйесін құру мүмкіндігі əзірленетін болады. ЕурАзЭҚ немесе ШЫҰ шеңберінде көлік құралдары иелерін сақтандырудың халықаралық жүйесін енгізу Қазақстанның «Жасыл карта» жүйесіне қосылуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ мемлекетаралық автомобиль қатынасы проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Отандық практиканы жəне халықаралық тəжірибені ескере отырып, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүргізу ережелері мен тəртібін одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте экономикалық қызмет түрлерін кəсіби тəуекел топтарына жатқызу тізбесін нақтылау жəне сақтандырудың осы түрінің басқа шарттарын жаңғырту қажет. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру сақтандырудың міндетті түрі болып табылатындығын ескере отырып, оның жүргізудің барлық шарттары айқын жəне осы құқық қатынастарының барлық қатысушылары үшін түсінікті болуы тиіс. Осыған байланысты сақтандырудың осы түрі бойынша аннуитетті өнімдерге қатысты бірыңғай ең төменгі міндетті

талаптарды белгілеу мүмкіндігі зерделенетін болады.

3. Міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру кезінде дауларды шешудің соттан тыс тетіктерін құру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты дауларды жою жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында сақтандыру омбудсман түрінде соттан тыс тетіктерді құру қажеттілігі туындады. Дауларды шешуде мұндай тетікті қолдану икемділікке негізделген, ол тұтынушылардың да, сақтандырушылардың да мұқтаждарына неғұрлым сəйкес келеді, атап айтқанда: төмен

шығындар, рəсімдердің жылдамдығы мен формалдық емес сипаты, сақтандырушылардың қабылданған шешімді міндетті орындауы.

Сақтандыру омбудсманы институттарын қолданудың дүниежүзілік тəжірибесі үкіметтік агенттіктердің, заңнамалық комитеттердің, сақтандыру ұйымдары өкілдерінің жəне сақтандыру қызметтері тұтынушыларының тұтынушылар тарапынан сақтандыру қарым-қатынастарын бақылау мақсатында оларды құру жөніндегі мүдделерін біріктіруге негізделген.

4. Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту

Сақтандыру нарығын дамыта отырып сақтандыру нарығының дамыған инфрақұрылымының болуы үлкен əсер алып отыр. Осыған байланысты сюрвейер, андеррайтер, апат комиссарлары жəне т.с.с. сияқты сақтандыру нарығы қатысушыларының өкілеттіктерін заңнамалық бекіту талап етіледі. Аталған нарық қатысушыларын дамыту сақтандырылатын тəуекелдерді жəне сақтандыру жағдайы басталу нəтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін нақты бағалауды жүзеге асыру қажеттілігімен шартталған.

Сақтандыру ұйымдарының делдалдары - агенттер желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Сақтандыру агенттерінің тиімді жұмыс істейтін желісін құру сақтандыру ұйымдарына өз сақтандыру

өнімдеріне сату көлемін ұлғайтуға жəне сақтандырушыларды неғұрлым кең қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Агенттік желісін құрудағы маңызды сəт агенттердің кəсіби даярлығын ұйымдастыру болып табылады. Қандай да бір сақтандыру өнімінің біліктілік, білім, оның ар-намысын көрсету деңгейіне тұтастай алғанда сақтандыруды дамыту жəне атап айтқанда өмірді сақтандыру тəуелді. Қолданыстағы заңнамаға сақтандыру нарығының аталған қатысушыларының мəртебесін, біліктілік талаптарын, қызметінің шарттары мен жауапкершілігін анықтайтын тиісті түзетулерді енгізу қажет.

Сақтандыру агентінің жеке кəсіпкерлікке жатқызу мəселесін қарау ұйғарылады. Жеке кəсіпкер ретінде сақтандыру агенті қызметінің басымдықтары мыналар болып табылады. Сақтандыру агенттері салық салудың оңайлатылған жүйесін алатын болады, сақтандыру ұйымдары пайда тартуға бағытталған өз қызметінде мүдделі білікті агенттерді алады, ол түптеп келгенде сақтандыру қызметін кеңейтуге жəне ұсынылатын сақтандыру өнімдер санының артуына, қызметтер ұсыну сапасының жақсаруына əсер етеді. Мемлекеттің атынан уəкілетті органдар сақтандыру ұйымының ішкі құрылымының айқын моделін алады.

Осылайша сақтандыру нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде өзара сақтандыру жүйесін дамытуға көңіл бөлінетін болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру нарығы элементтерінің бірі болып табылады. Өзара сақтандыру қажеттілігі ең алдымен коммерциялық сақтандырушылар түрлі себептерге: таза шығындар, сақтандыру сомаларының жоғары мəніне байланысты сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тəуекелдердің көп санының болуымен шартталған.

Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлігінде маңызды мəселе сақтандыру нарығының түрлі қатысушыларын біріктіретін қоғамдық ұйымдарды құру жəне дамыту болып табылады. Мұндай ұйымдарға оқу бағдарламаларын дайындау, əзірлеу жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу жəне сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыруға пиғылды тұлғаларды оқытуды жүргізу, сондай-ақ сақтандыру нарығына қатысушылардың, оның ішінде сақтандыру агенттерінің, андеррайтерлер мен т.б. қызметін сертификаттау қажет.

Сақтандыру секторын дамытудың маңызды сатысы кепілдік беру институттарының қызметін одан əрі жетілдіру, оны халықаралық практикаға сəйкес келтіру болып табылады. Кепілдікті схемаларды құру мақсаты сақтандыру қызметінің тұтынушылары жəне сақтандыру нарығының тұрақтылығын сақтау үшін сақтандыру ұйымын мəжбүрлеп тарату зардаптарын жұмсартуға негізделген. Сақтандыру ұйымын мəжбүрлеп таратқан жағдайда сақтандырушылардың құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қолданыстағы «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» акционерлік қоғамының негізгі міндеті болып табылады. Қор міндетті сақтандырудың неғұрлым жаппай түрлері бойынша, атап айтқанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі жəне тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлеміне кепілдік береді. 31 сақтандыру ұйымы Қордың қатысушылары болып табылады.

Қордың жəне сақтандыру ұйымдарының тікелей өзара байланысын ескере отырып Қорды акцияландыру туралы мəселені қарау қажет. Бұл Қордың жұмысын нарық қажеттілігіне бағыттауға, үлкен икемділік пен басқарушылық алуға мүмкіндік береді, бұл Қордың өзінің де, тұтастай алғанда сақтандыру нарығының да елеулі дамуына əкеп соқтырады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін одан əрі кеңейту мақсатында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне сақтандырудың басқа міндетті түрлерін, сондай-ақ өмірді сақтандыруды кезең- кезеңмен енгізуге бағытталған шараларды қабылдау қажет, өйткені осы сəтте оның барлығынан да артық жоғары əлеуметтік мəнге ие болуына байланысты осындай кепілдіктерге мұқтаж. Кепілдік беру резерві сомасының сақталуы мен көбеюін қамтамасыз ету үшін оларды инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту қажет.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында сақтандыру ұйымдарына өз қызметін «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі берілген. Осымен қатар, «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін одан əрі жетілдіру шеңберінде оның қызметін халықаралық тəжірибеге сəйкес келтіру ұйғарылады, ол сақтандыру ұйымына оны қайта ұйымдастыру дегенді білдіреді.

5. Сақтандыру ұйымдарын одан əрі капиталдандыру

5-8 жыл бойы сақтандыру нарығының іс жүзінде өмір сүруі жəне дамуы кезінде сақтандыру нарығында сақтандыру ұйымдарының банкроттық мысалдары іс жүзінде жоқ. Ішінара бұл уəкілетті органның сақтандыру ұйымын капиталдандыру деңгейіне қоятын талаптарының тұрақты артымен шартталған, оны барлық сақтандыру ұйымдары уақтылы қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, мəжбүрлеп таратудың себебі жеке меншік капиталдың жеткіліктігі бөлігінде пруденциалдық нормативтерді орындамау, болып табылады. Бұған бірнеше себептер ықпал етеді: акционерлердің мөлшерінің аздығына байланысты капиталдың талап етілетін мөлшерін төлей алмауы (мəжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымдарының көп бөлігі шағын акционерлері бар үлкен емес болып табылады), сондай-ақ жеке меншік капиталдың жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін барабар емес тарифтік саясаты, жылдам пайда алу үшін ашылған бірқатар сақтандыру ұйымдарының

алыпсатарлық бағыттылығы жəне өзге объективті жəне субъективті факторлар.

Бұл ретте жеке меншік капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын

талаптарды арттырудың негізгі міндеттері жеке меншік капитал өсімінің тиісті қарқынымен қамтамасыз етілмеген жиналатын сақтандыру сыйақылары көлемі өсуінің жоғары қарқыны, ЕС Директиваларында белгіленген талаптарға, атап айтқанда 2-3 млн. eypo жақындауы. Жеке меншік капиталдың ең аз мөлшерінің осы сомасы сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымдарын капиталдандырудың кезең-кезеңмен үш жылдық жоспарын аяқтағаннан кейін 2008 жылдың басына қамтамасыз етілетін болады. Кейіннен сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды сақтандыру ұйымдарының акционерлері тікелей жүргізетін болады, ол объективті себептермен, атап айтқанда сақтандыру ұйымы қызметінің өсуімен шартталған.

6. Сақтандыру ұйымдарын пруденциалдық реттеуді одан əрі жетілдіру

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сəйкес пруденциалдық нормативтер ЕС Директиваларына (Solvency) жəне IAIS қағидаттарына сəйкес келтірілді. Risk based supervision енгізу жолымен пруденциалдық реттеуді одан əрі жетілдіру жəне Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу талап етіледі. Мұның бəрі сақтандыру нарығын реттеуге жəне сақтандыру ұйымының тəуекелдерін басқару жүйесін орнатуға жағдайлар жасайды.

7. Сақтандыру статистикасының базасын қалыптастыру, сақтандыру тарифтерін реттеу

Қазіргі сəтте Агенттікке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарифтерін есептеу əдістемесін қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген. Көрсетілген өкілеттік объективтік қажеттілікпен шартталған.

Айталық, көптеген сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту мақсатында сақтандырудың ерікті түрлері бойынша тарифтердің деңгейін кірістіліктің жеткілікті деңгейін жəне тиісінше сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мəннен төмен азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, сақтандыру статистикасының толыққанды базасы қалыптастырылатын болады, жиналатын деректерді, бірінші кезекте міндетті сақтандыруда u1089 сақтау жəне өңдеу осы сəтте сақтандыру нарығын дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Сақтандыру статистикасының деректерін жинау үшін сақтандыру ұйымдарынан өзге мемлекеттік органдар, оның ішінде ішкі істер, мемлекеттік статистика, еңбек жəне əлеуметтік қорғау органдары тартылатын болады.

8. Сақтандыру қызметтерін сатуда жаңа технологияларды дамыту

Бүгінде сақтанушылар неғұрлым алданғандар болып барады жəне кез келген уақытта сақтандыру қызметтерін беруді талап етеді. Мұның шешімі Интернет-сақтандыру бола алады, ол тұтастай алғанда, əсіресе ерекше консультацияларды талап етпейтін қарапайым сақтандыру өнімдерін тікелей сату мəнін арттырады.

Кейбір деректер бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік сақтандыру

нарығының интернет-айналымы 250 млн. долларға жетеді, ол Интернет-сатудың жалпы көлемінің 2-2,5%-ын құрайды. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары кірістерінің 2 %-ы электрондық коммерцияға келіп отыр. Сондықтан, Қазақстанда Интернет-сақтандыруды дамыту мəселелері əзірленетін болады.

9. Сақтандыру ұйымдарының тəуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру

Сақтандыру ұйымдарының қызметі айқын еместікке негізделетіндігін назарға ала отырып, сақтандыру ұйымдары оның ағымдағы жəне алда күтілетін қаржы жағдайын қозғауы мүмкін барлық міндеттемелер спектрін ескеру қажет. Осыған байланысты, бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тəуекелдерін басқару жүйесін құру мəселесі өзекті болып отыр.

Тəуекелдерді басқару жүйесі тиісті корпоративтік саясат пен рəсімдерді дамытуды, тəуекелдерді өлшеудің сандық əдістерін пайдалануды, олардың тəуекелдеріне сəйкес өнімдер мен қызметтерді бағалауды, тəуекелдердің шектерін белгілеуді, ырықтандыру жəне хеджерлеу арқылы тəуекелдерді басқаруды, шығындарды жабу үшін «қауіпсіздік жастығын» құруды (міндеттемелер мен капитал тарапынан) қамтиды.

Бұл құралдарды қолдану тəуекел түріне жəне қадағалау режиміне байланысты.

Сақтандыру ұйымының тəуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаты қандай-да бір тəуекелдерді қабылдау мүмкіндігін жəне оларды өлшеу мен басқару үшін көзқарастарды белгілеуді анықтау болып табылады

ҚОРЫТЫНДЫ

Сақтандыруды барлық елдер үшін маңызды институт деп және нарықтық экономиканың тұрақты дамуының факторы деп тану экономикалық аксиома болды. Сақтандыру кез-келген елдің тұрақты және тепе-теңдік дамуына себебін тигізетін ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі. Біздің республикамызда соңғы жылдары сақтандырудың пайда болуы мен дамуы өтуде. Сақтандырудың қалыптасуы мен дамуы бірқатар проблемалармен ұштасуда.

Сақтандыру қызметі нарығы реформаланушы экономиканың төмендегілерге әсер ететін маңызды секторларының бірі:

- мүліктік нұқсан мен табыстағы жоғалтуларды толық және уақтылы өтеуге;

- сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі арқылы сақтандыру қорларының уақытша бос ақша қаражаттарын (сақтандыру резервтерін, меншік капиталын) тиімді пайдалануға;

- елдің мемлекеттік бюджетінің табыстық бөлігін сақтандыру операцияларынан түсетін табыс есебінен толықтыруға.

Жоғарыдағы талдау негізінде төмендегідей қорытындыға келдім:

· Нарықтық экономика сақтандыру нарығының дамыған инфрақұрылымын көздейді. Оның құрамына мыналар кіреді:

- сақтандыру операцияларын реттеудің құқықтық тетігі;

- сақтанушыларға қызмет ететін субъектілер, заңды тұлғалар;

- банктік ұйымдар,

- кеңес беруші фирмалар, кадрлар дайындау бойынша мекемелер, ақпарат, баспа, жарнама, т.б. органдары.

· Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу екі фактімен анықталады: тұтынушы қорғанысымен және үкіметтің жүргізетін экономикалық саясатымен.

· Инвестициялық қызметті жетілдіру үшін, оның ақырғы нәтижелерін жақсарту үшін сақтандыру компанияларына қаржылық ресурстарды басқаратын бөлім құру керек. Бұл бөлім уақытша бос ақша қаражаттарын

инвестициялаудың нарықтық жағдайларын зерттейді, көптеген инвестициялық жобалардың ішінен тиімдісін таңдаумен айналысады.

· Банктік тәжірибені зерттеу көрсеткендей, қаржы нарығының дамуымен банктік және сақтандыру институттарының жақындасуы байқалды. Дәл осы банк және сақтандыру қызметтерінің ұштасуында соңғы он жылы революциялық өзгерістер болды. Бұл “ банктік сақтандыру” идеясымен байланысты. Банктік сақтандыру – халық пен корпоративті клиенттерге сақтандыру және банк қызметтерін бірге ұсыну.

· Сақтандыру компанияларының тиімді жұмыс істеуінде олардың сақтандыру нарығындағы алатын орны маңызды рөл алады. Бұл көрсеткіш екі өзара байланысты компоненттерге байланысты: қаржылық және қоғамдық. Рейтингті анықтау зерттеулердің түрлі тәсілдерімен анықталады.

Қаржылық-экономикалық дағдарыс және экономикалық тұрақсыздық жағдайында сақтандыру нарығы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын экономикалық тетіктердің бірі болып саналады. Ол халық қаражаттарын ел экономикасына тарту арқылы экономиканың өсуіне алғышарт жасайды, сондай-ақ, азаматтар мен ұйымдарды сақтандыру арқылы оларға сенім ұялатады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы

2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003ж. 25сәуірдегі №405-ІІ заңы

3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы 2005ж

4. «Страховое дело» журналы, 2007 ж. №2

5. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің статистикалық мәліметтері, 2007,2008,2009жж.

6. Баяхметов Т. «Қазақстандағы сақтандырудың маңызы мен болашақта дамыту тенденциялары» - Алматы, Қаржы-қаражат, №2, 2008ж,24-28бет

7. www.afn.kz

8. www.government.kz

9. www.google.kz

Оценить/Добавить комментарий
Имя
Оценка
Комментарии:
trendlive.ru Раскрутила свои видео, сайты с помощью сервиса трендов хештегов сайта trendlive.ru
02:02:16 20 июня 2022
Хватит париться. На сайте FAST-REFERAT.RU вам сделают любой реферат, курсовую или дипломную. Сам пользуюсь, и вам советую!
Никита10:50:33 05 ноября 2021
.
.10:50:31 05 ноября 2021
.
.10:50:30 05 ноября 2021
.
.10:50:28 05 ноября 2021

Смотреть все комментарии (18)
Работы, похожие на Реферат: Сактандыру нарыгы

Назад
Меню
Главная
Рефераты
Благодарности
Опрос
Станете ли вы заказывать работу за деньги, если не найдете ее в Интернете?

Да, в любом случае.
Да, но только в случае крайней необходимости.
Возможно, в зависимости от цены.
Нет, напишу его сам.
Нет, забью.



Результаты(294399)
Комментарии (4230)
Copyright © 2005 - 2024 BestReferat.ru / реклама на сайте