«Қаржы нарығы және делдалдар»
пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Астана 2008
Тақырыптар, және олардын мазмуны
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опциондар
|
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы
|
Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні.
(
кіріспе сабағы)
1.Қаржының мазмұны мен мәні.
2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.
3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.
Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған ?
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қорыта келгенде, қолдағы қаржы мемлекеттік үлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.
Қаржының экономикалық категория болу себебі неге байланысты
?
Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған.
Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда тауар деген үғымды білдіреді. Бүл арада теориялық түрғыдан айрықша атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды .
Қаржының өзгеше белгілері қандай ?
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар.
Қаржының объективті қажеттігі неде ?
Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді.
Қаржы қандай функцияларды орындайды ?
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Экономистердің көзқарасы бойынша қаржы екі функция орындайды : бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қоғамдық жалпы өнім мен оның бөлігі – үлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде көрінеді. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен өтеу қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған қүн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
-өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- елдің аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
-қаржы ресурстарын сала ішінде бөлу.
Қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бүл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз немесе тиімді пайдалануын көрсетеді.
Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?
Қаржының экономикалық ролі мына бағыттардан көрінеді :
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды;
қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы үлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы қүндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі.
Қаржы саясаты дегеніміз не ?
Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттік қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны, міндеттері қандай ?
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны күрделі,олар келесі стадияларды қамтиды:
1) экономикалық заңдардың өрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде қаржының ғылыми негізделген түжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерлі қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.Демек,экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғурлым мүмкін болатын көлемін қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында үтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстыратын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай ?
Қаржы саясатының қағидаттары келесі :
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау;
қаржы механизмінің дүрыс қүрылуын қамтамасыз ету;
салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит- ақша саясатының тепе-тендігі.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады :
объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады..
Негізгі терминдер
:
Қаржы
Қаржы ресурстары
Қаржы қорлары
Қаржы саясаты
Қаржы стратегиясы
Қаржы тактикасы
Қаржы механизмі
Әдебиеттер :
Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.
Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.
Финансы в вопросах и ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,
д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.
1.Бақылау сұақтары :
1.Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған ?
2.Қаржының экономикалық категория болу себебі неге байланысты ?
3.Қаржының өзгеше белгілері қандай ?
4.Қаржының объективті қажеттігі неде ?
5.Қаржы қандай функцияларды орындайды ?
6.Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?
7.Қаржы саясаты дегеніміз не ?
8.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны, міндеттері қандай ?
9.Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай ?
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
1.Қаржы нарығының ерекшеліктері неде?
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
2.Қаржы нарығының құрылымы қандай ?
Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады
Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының нарығы
Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады
Қаржы нарығында сатып алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды .”Қор нарығы “ термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы –
бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.
3.Қаржы нарығының жұмыс істеуінің қандай шарттары бар ?
Қаржы нарыңыныің жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :
1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
4.Қаржы нарығының маңызы неде ?
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.
Оның жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.
5Ќаржы ќўралдары дегеніміз не?
Жалпы кењ маѓынада ќаржы ќўралдары – бўл ќаржы активтерін молайтатын немесе кљлемін ўлѓайтатын кез- келген шартты айтамыз. Мысалы, « А » кђсіпорны « Б » кђсіпорнына тљлем мерзімін ўзартумен ( комерциялыќ несие ) тауар жіберді, нђтижесінде « А » кђсіпорныныњ дебиторлыќ ќарызы љсті, ал « Б » кђсіпорныныњ кредиторлыќ ќарызы сол сомада љседі.
Ќаржы ќўралдары 2 топќа бљлінеді:
1. Бастапќы
2. Кейінгі
Бастапќы ќаржы ќўралдарына вексельдер, несиелер, заемдар, облигациялар, акциялар жђне т.б. ќўнды ќаѓаздар жатады.
Кейінгі ќаржы ќўралдары ( туынды ќўралдар немесе деривативтер ) – бўл ќаржы опицондары, фьючерстер, форвардтыќ келісімдер жђне своптар.
6.
Ќаржы институттары ќаржы нарыѓында ќандай ќызмет атќарады?
Ќаржы институттарын 2 топќа бљлуге болады: бірінші топ – депозит типіндегі несиелік ўйымдарѓа байланысты ќаржы делдалдары ( комерциялыќ банктер, жинаќ институттары жђне несиелік одаќтар ), саќтандыру компаниялары, зейнетаќы ќоры, ќаржылыќ жђне инвестициялыќ компаниялары жђне хеджингтік ќорлар; екінші топ – ќаржы нарыѓыныњ функцияларын ќамтамасыз ететін ўйымдар, соныњ ішінде инвестициялыќ банктер, ќор жђне валюта биржалары.
7.
Ќаржы делдалдарына ќандай ќаржы институттары жатады жђне дамыѓан елдер экономикаларында олардыњ алатын рљлі.
Ќаржы делдалдары міндеттемелердіњ шот есебінен ресурстыќ базасын ќўрайды жђне ол ќаржыларѓа баѓалы ќаѓаздарды сатып алып, ссудаларды ўсынады.
Ќаржылыќ делдалдар уаќытша бос ќаражаттары бар тўлѓалармен аќшалай аќшалай ќаражаттарѓа мўќтаж тўлѓалар арасындаѓы ара ќатынасты ўйымдастыруѓа маманданады, осы буында ђлемніњ дамыѓан елдеріндегі ќаржылыќ жџйелер ењ алдымен инвистициялыќ маќсаттарѓа ќолданылатын кџрделі ќаржылыќ ресурстарына ьаѓытталѓан.
8.
Коммерциялыќ банктердіњ нарыќтыќ экономикада алатын ерекше рљлініњ мђні ќандай?
Коммерциялыќ банктіњ ерекше рљлі:
біріншіден, коммерциялыќ банктер аќшалай аѓымдарды бљлуді жџзеге асыратын ірі есеп жђне кассалыќ орталыќтар.
Екіншіден, коммерциялыќ банктер экономикалыќ субъектілерді несиелендіру жџйесінде негізгі орынды алады.
Џшіншіден, тљлем ќўралдарын эмиссиялау процесінде коммерциялыќ банктіњ жаѓдайы ерекше.
Тљртіншіден, ќаржы ресурстарын жинаќтай отырып, кђсіпорыѓа, салаларѓа несие тџрінде ўсынады. Экономика љсімін жђне ќўрылымын ќайта ќўруѓа кљмектеседі.
9.
Ќандай ќаржы институттары жинаќтаушы институттарына жатады?
Жинаќтаушы институттары миаманданѓан ќаржы мекемелеріне жатады, негізгі ќаржылары – жинаќ салымдары жђне депозиттер болып табылады. Бўл институттар акќшалай ќаражаттарды ќысќа мерзімдерге аѓымды жђне жинаќтаушы шоттарды ќолданумен тартады, ал кейіннен ќозѓалмайтын мџлік тџрінде ќамтамасыз етуге ўзаќ мерзімге оларды біріктіреді. Осы топќа ќўрамыныњ ипотекалыќ, жинаќтаушы банктер жђне басќа да мамандандырылѓан несиелік мекемелер кіреді.
10.Н
есие одаќтарын ќўру ерекшеліктері мен ќызметтерініњ мђні ќандай?
Несие одаќтары љз ара несиелендіру институты болып табылады. Олар жеке тўлѓалардыњ жинаќтарын ќабылдайды жђне одаќ мџшелерін несиелендіреді. Несиелік одаќтыњ мідеттемесі жинаќ жђне чектік шоттары бойынша ќўралады. Несиелік одаќ љзініњ ќўралдарын ќысќа мерзімді тўтыну ссуда тџрінде одаќ мџшелеріне ўсынады. Несие одаѓындаѓы ђрбір мџше жалпы одаќ жиналысында дауыс беруге ќўќыѓы бар. Несие одаќтары негізінен кђсіп белгілеріне, тўрѓын орнына жђнедіни белгісіне ќарай ќўрылады. Несие одаќтарыныњ депозиттік типтегі ќаржы институттарына ќараѓанда артыќшылыќтары бар. Олар табысќа салынатын салыќтан босатылады.
11.
Ќандай ќаржы институттары келісім негізінде ќамтамасыз ететін жинаќ мекемелеріне жатады?
Саќтандыру компаниялары жђне зейнетаќы ќоры келісім негізінде ќызмет ететін жинаќ мекемелеріне жатады. Бўл ќаржы институттары саќтандыру полистерін ўстаушылар мен зейнетаќы ќор шот иелерініњ тўраќты тџсіп отыратын ќўралдармен сипатталады. Олар ўзаќ мерзімге, жоѓары табысты ќаржы ќўралдарын инвестициялауѓа мџмкіндігі бар.
12.
Ќаржы компаниялардыњ коммерциялыќ банктерденер екшеліктері неде?
Ќаржы компанияларыљз ќаржы ќўралдарын, яѓни коммерциялыќ вексельдер, акциялар. Облигациялар шыѓару арќылы ќўралатын немесе ќысќа, ортамерзімді несиелерді тўтынужђне коммерциялыќ ќажеттіліктерді ўсыну жолымен сипатталады. Ќаржы компаниялары ірі ссудаларды ўсынатын жђне депозиттерге кішігірім аќшалай ќаражаттар сомаларын жинаќтайтын коммерциялыќ банктерге ќараѓанда жоѓары тђуекелді несиелерді жиі ўсынады. Бўл институттардыњ заемдыќ капитал џлесі љте жоѓары жђне меншікті капитал кљлемінен асыптџсуі мџмкін.
13.
Тђжірибеде ќандай ќаржы компанияларыныњ тџрлері бар?
Ќаржы компанияларыныњ екі тџрі аныќтылѓан: сауда (тўтыну) жђне бизнес аясында жўмыс істейтін компаниялар. Сауда- ќаржылыќ компаниялары клиенттерге љндірушілерден немесе ђртџрлі сатушылардан тауар сатып алуѓа несиелер ўсынады. Бўл компаниялар тўтынушы несие аясында коммерциялыќ банктермен бђсекелеседі. Сауда ќаржы компаниялары сатып алу жерінде несиені дер кезінде рђсімдеп, клиенттіњ несие алу проблемасын жењілдетеді.
Бизнес саласындаѓы компаниялар факторингтік, операцияларды жџзеге асырумен жђне лизингтік ќаржыландырумен айналысады. Ќаржы компаниялары холдингтік компанияларѓа жататын жеке меншік корпорациялар, ашыќ акционерлік ќоѓам формада ќўрылу мџмкін.
14.
Инвестиицялыќ банктердіњ коммерциялыќ банктерден ерекшелігі неде?
Инвестициялыќ банктер љз атауына ќарамастан, дђстџрлі банктер ќатарына жатпайды: салымдар ашпайды, несиені келтіруге тартылѓан ќаржылардыќолданбайды. Олар тікелей ќаржыландыруды ўйымдастырады. Олар инвестициялыќ ќаржыландыруѓа мемлекетке жђне бизнеске баѓалы ќаѓаздарын орналастырады. Ќўнды ќаѓаздарды сатып біткеннен кейін инвестициялыќ банктер, брокерлер жђне диллерлер рљлінде бола отырып,осы ќўнды ќаѓаздар џшін ќосымша нарыќты ќалыптастырады.
Инвестициялыќ банктер жања эмиссияларды орналастырудыњ кепілдемелері немесе жања компаниялар, мекемелер ретінде болады. Инвестициялыќ банктер жалпы шаруашылыќ стратегия мђселелері бойынша эксперттер, ќаржылыќ кењесшілер ретінде болады.
Негізгі терминдер
:
Қаржы нарығы
Ақша нарығы
Қапитал нарығы
Бағалы қағаз нарығы
Қаржы құралдары
Қаржы компаниялары
Әдебиеттер :
Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.
Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.
Финансы в вопросах и ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,
д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.
1.Бақылау сұақтары :
1.Қаржы нарығының ерекшеліктері неде?
2.Қаржы нарығының құрылымы қандай ?
3.Қаржы нарығының жұмыс істеуінің қандай шарттары бар ?
4.Қаржы нарығының маңызы неде ?
5.Ќаржы ќўралдары дегеніміз не?
6.Ќаржы институттары ќаржы нарыѓында ќандай ќызмет атќарады?
7.Ќаржы делдалдарына ќандай ќаржы институттары жатады
8.Коммерциялыќ банктердіњ нарыќтыќ экономикада ролі ќандай?
9.Ќандай ќаржы институттары жинаќтаушы институттарына жатады?
10.Несие одаќтарын ќўру ерекшеліктері мен ќызметтерініњ мђні ќандай?
11.Ќандай ќаржы институттары жинаќ мекемелеріне жатады?
12.Ќаржы компаниялардыњ екшеліктері неде?
13.Тђжірибеде ќандай ќаржы компанияларыныњ тџрлері бар?
14.Инвестиицялыќ банктердіњ коммерциялыќ банктерден ерекшелігі неде?
Тақырып 2.Капитал нарығы
1. Капита.л туралы түсінік.
2. Капитал нарығы және оның құралдары.
3. Несиенің экономикалық мәні, қажеттілігі, түрлері және қызметтері.
4. Құнды қағаздар құрылымы.
5. Ақша мен облигациялардың мәні мен маңызы.
Капитал нарығы дегеніміз не және оның құралдары қандай?
Капитал нарығы орташа және ұзақ мерзімді қорлардың (ақша, бағалы қағаздар) қозғалысын жүзеге асырады. Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру үшін капитал нарығының негізгі құралдарына тоқталайық
1. Корпорациялардың акциялары – бұл бірнеше жеке тұлға мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын жинастыра отырып акциялық қоғам ашып, сол қоғамға иелік ету. өз үлесін қосқан акционар түскен табыстан өз үлесін алуға және акционерлік қоғамды басқаруға, шешім қабылдауға құқылы болады.
2. Корпарациялық облигациялар – бұл корпарацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін растайтын құнды қағаздардың бір түрі.
3. Мемлекеттің ұзақ мерзімді құнды қағаздары – бұл мемлекет тарапынан шығын әртүрлі құнды қағаздаар. Ол мемлекеттің қарыздарын облигацияла, векселдер сияқты құнды қағаздар.
4. Жергілікті әкімшіліктердің құнды қағаздары – бұл обылыс, ауданн, район бойынша жергіліктімекелердің республиа және заңды тұлғалар арасындағы жүретін құнды қағаздар.
5. Банктердің коммерциялық несиелері – бұл екінші деңгей банктер арасында жүзеге асырылады. Яғни коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға ұзақ және орта мерзімді аралығындағы әртүрлі несиелермен қамтамасыз етудә айтамыз.
6. Ұзақ мерзімді тұрғын ұй несиесі – бұл жағдайда түсіндіру үшін жеке тұлғаларды немесе жаңа үйлермен жанұялар үшін ұзақ мерзімді несиелермен қамтамасыз ету. Яғни бұл несие 20-25 жылға дейін беріледі. Дұған мысал ретінде ҚР ипатека және ипатка лайт несиелері көрсетілген.
7. Ұзақ мерзімді несие және тұтыну несиелері – несинің бұл түрін тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында немесе өндіріс процестері банкрод болған жағдайда өз ісін ары қарай жалғастыру үшін осы ұзақ мерзімді несиелерді пайдаланылады.
Несиенің экономикалық мәні және қажеттілігі неде?
Несиенің эконмикалық катигория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде өз бетінше сипаттайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік қатынастар немесе жүзеге асыру формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәілесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатылатына тән. Экономикалық тарихи дамуына бұл мәліметтер жиілейді, ұлғаяды жетілдіреді және жалпылама мәнге заңды және жеке тұлғалардың арасындағы келісім шарт.Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты қанағаттандыра алады. Ал қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түдейгейлі шеше алады. Жеке адамзаттар, кәсіпорындарда, ірі бірлестіктерде, мемлекеттің өзі де несие қызыметін пайдалануға құқығы бар. Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың бір тұтқасы ретінде танылып отырады. ҚР несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар аша отырып пайда табуға арта түседі. Осы тұрғыдан алғанды алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туынған құбылыс әрі аса тиімді қоры болып отыр.
Несие түрлері қалай жіктеледі?
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиелердің мынандай формалары бар:
1. Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары үшін төлемді қайта қалдыру.
2. Банктік несие – бұл банктердің, арнайы қаржылық мекемелерінің қарыз алушыға арнайы ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.
3. Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.
4. Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып, берілетін несие.
5. Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе несие беруші ретінде мемлекетке болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
6. Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шартымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы қарыз капиатлының несиенің қозғалыс формасы.
Несиенің қызметтері қандай?
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтері мен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді басқарады.
1) Қайта бөлу қызметі – кез келген елде ұлттық экономиканың толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Бұл қызмет арқылы экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады.
2) Несиенің айналыс шығынның үнемдеу қызметінің іс жүзінде асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытшы болатын аймақтық кей жағдайда қаржылай ресурстарды деген қажеттілікті туындатады.
3) Айналыстағы нақты ақшалардың орнын алмастыру қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар арқылы жүзеге асады.
4) Капитал шоғырлануын жеделдету қызметі өндірістің ауқымын кеңейтуге, пайда алуға мүмкіндік береді.
5) ҒТП жеделдету қызметі ғылыммен айналысатын ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Несие қатынастары қалай қалыптасады ?
Адамзаттың өз өрісінде несие
ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, кәсіпорындар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құқығы бар.
Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Әдетте, несиенің өріс алуын өнім өндіру саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен анықтау керек. Өйткені тауар айырбасы оның бір қолдан екінші қолға өтуін бейнелейді. Сондықтан бұл құн қозғалысы болумен қатар несие қозғалысының өзегі болып саналады. Сонан несие қатнастары
қаржы-қаражат айналысына қарай қалыптасады. Мәселенки, құн түрінде көрініс табатын еңбек құралдары мен шикізаттар кәсіпорындарында ақша, өндіріс, тауар тұрғысында болуы мүмкін. Бірақ бұлардың әр қайсысының игілікке жаратылуы түрліше.
Өйткені еңбек құралдары өндірісте ұзақ мерзім бойы пайдаланылады, олардың құны шығарылатын тауар құнына біртіндеп, бөлік-бөлік қосылады. Осындай жолмен негізгі капиталдың құны қайта қалпына келтіріледі. Бұл қор өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға, одан артылған, кәсіпорынның өз есеп шотында қалған ақша қаражаты басқа қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді. Несие алушы
жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.
Ақша түріндегі капиталдар нарығында ұзақ мерзімдік құрылыс несиелері, банктердің коммерциялық займдары, тұтушынылық займдар, фермерлік және сауда займдары айналымда болады.
Құнды қағаздардың маңызы неде ?
Құнды қағаздардың мәні мен мазмұнын құнды қағаздар нарығының қызмет атқару механизмінен шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде, құнды қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады. Құнды қағаздар нарығы қаржы-қаражат (капитал) нарығының қүрамдас бөлігі болып, ұзақ мерзімдік қарыздар айналымына жатады (қайтарым мерзімі бір жылдан артық)
Құнды қағаздар дегеніміз – мемлекет немесе корпорациялар шығаратын коммерциялық ақшалай құжат. Құнды қағаздар, біріншіден, капиталдың нендей бір түріне деген меншіктік иелік құқығын куәландырады, екіншіден, құнды қағаздар арқылы оның иелері келтіреді.
Құнды қағаздар тұңғыш рет сауда және өсімқорлық саладағы алыс-беріс қызметіне байланысты өмірге келген. Алғаш құнды қағаздар вексель,
коносамент
түрінде пайда болды. Кейін мемлекеттік эмиссиялық қызмет пен акционерлік қоғамдар
өріс алуына қарай құнды қығаздар жөніндегі қажеттілік құлаш жайды. Сөйтіп, капиталды құнды қағаздарға инвестицияландыру ХІХ ғасырдың орта шенінде кеңінен тарала бастады. Өйткені ақша қаражаттарын құнды қағаздарға айналдыру мақсаты – көбірек кіріс-пайда табу, капиталдың тұрақтығын сақтау, капиталдың өсімін күшейту еді.
Жалпы құнды қағаздар екі топқа бөлінген. Олар негізгі
және туынды
деп аталады. Негізгі
топқа жататын құнды қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер, мемлекеттік қазналық міндеттемелер.
Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға – ең алдымен опциондар,
фьючерстер
жатады.
Сонымен бірге, құнды қағаздар нарықтық
және нарықтық емес
деген топтарға бөлінеді. Нарыққа қатысты құнды қағаздарды айналысқа қатыстырылатын құнды қағаздар тобы құрайды. Ал нарықтық емес құнды қағаздар тобын әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың дамуы жағдайында өиірге келген әрі өзіндік ерекшелігі бар қағаздардан тұрады. Ондай қағаздар қатарында сақтық облигациялар, зейнеткерлік қорлардың облигациялары, депозиттік облигациялар бар. Бұл қағаздар өз иелеріне капиталға деген иелік құқығын қамтамасыз етеді.
Нарыққа қатыса алатын құнды қағаздар сауда-саттық айналысына қатыса алады. Дәлірек айтқанда, оларды сатуға, сатып алуға, иелік құқығын ауыстыруға болады.
Қорыта келгенде, құнды қағаздар өз иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз ету еді, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық даму процесінде елеулі рөл атқарады.
Акцияның мәні және оның түрлері қандай ?
Акция
– акционерлік қоғам шығаратын құнды қағаздардың бір түрі. Акция – акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның өндірістік дамуы мақсатында көздеген, оған өзінің өз қаржысы есебінен үлес қосқанын куәландыратын құнды қағаз. Акционерлік қоғамға немесе кәсіпорынға қаржы қосқан жеке тұлға сол ұйымдардың пайдасы есебінен өзі қосқан қаржысы үшін дивиденд
түрінде кіріс алуына құқылы екенін акция куәландырады. Сол сияқты акция қоғамның, кәсіпорынның акционер
алдындағы қарыздарлық міндетін де айқындайды.
Акцияның иесі аталған
және ұсынушыға арналған
деген түрлері бар. Иесі атап көрсетілген
акцияға оны алушының тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады. Мұндай акция басқа біреуге берілмейді, егер бұл талаптар көрсетілмесе акция, өз күшін жойған деп саналады. Ондай акцияға пайдадан үлес берілмейді.
Ұсынушыға арналған
акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады.
Сол сияқты акцияға байланысты тағы бір ерекшелік: акциялар кәдімгі
және артықшылықты
болып бөлінеді.
Кәдімгі акцияны иеленген тұлға акционерлік қоғамды, корпорацияны басқаруға, пайданы бөлуге, түрлі шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы болады. Ал артықшылықты акцияны иеленуші басқару ісіне қатыса алмайды, бірақ пайдадан үлесті бірінші кезекте алуға құқығы бар.
Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар.
Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға
сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.
Акция сертификаты
дегеніміз белгілі тұлғаның өз қолында қанша акция барын анықтау жөніндегі куәлік, бұл сертификат та құнды қағаз деп саналады.
Вексельдің мәні және оның түрлері қандай ?
Вексель
дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.
Вексельдер коммерциялық
және қаржылық
деп аталатын топтарға бөлінеді. Коммерциялық
вексель нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді. Ал қаржылық
вексель – қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат. Коммерциялық вексель сатушының сатып алушыға өз тауарын бергені және қызмет көрсеткенін дәлелдейтін бір жолғы құрал ретінде қаржылық жүйеде кеңінен қолданылады. Вексель өзіне несиелік
және есеп айырысу
сияқты функцияларды шоғырландырады.
Вексельдердің қарапайым
және аударма
деп аталатын түрлері бар. Қарапайым
вексельді сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар. Аударма
вексель – көмегі арқылы қарызгер өзінің жеке борыштарынан құтылады, есеп айырысады.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” Заңында вексельді пайдаланудың тәртібі және вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.
Қазақстанда вексель айгалысы жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, ол бойынша талап ету құқығын беруді қамтиды.
Индоссамент
– ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығынығ басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.
Аваль
дегеніміз – вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ал вексель төлеміне берілетін жазбаша келісімді – акцепт
деп атайды. Төлем төлеуші акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады.
Облигацияның мәні және оның түрлері қандай ?
Облигация
– құнды қағаздардың бір түрі. Ол – корпорацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін мақұлдайтын құжат. Облтгация көмегімен жинақталғанкапитал акционерлік капитал бола алмайды. Облигация шығару – капиталдық қарыздың бір нысаны.
Облигацияның да өзіне тін ерекшеліктері бар.
Облигацияны иеленуші корпорацияның акционерлік қоғамның несиешісі болып табылады.
Облигация иеленуші ол бойынша тиісінше пайыз алады, пайыздық төлем әдеттегі барлық төлемдерден бұрын беріледі.
Корпорацияның, акционерлік қоғамның облигациялары қарыздың мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ол мерзім бір жылдан жеті дылға дейінгі мерзімге арналған.
Облигациялар өзінің түріне қарай баламалы
және әдеттегі
болып бөлінеді. Баламалы
облигация артықшылықты сипаттағы акцияға ұқсас, белгілі жағдайда корпорацияның, акционерлік қоғамның артықшылықты немесе кәдімгі акцияларына алмастырылуы мүмкін. Ал кәдімгі түрдегі облигацияның мұндай құқығы жоқ.
Облигацияның акция сияқты нақты
және нарықтық
бағасы болады.
Сонымен қатар, облигацияның сериялы (көп даналы), кірісті, тіркелген, жоғары сыныпты, купондық, кепілдік, үкіметтік, сақтық деп аталатын түрлері бар. Осылардың қайсысы болмасын бағалы қағаздар рөлін атқарады.
Құнды қағаздар нарығының құрылымы қандай ?
Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық миханизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығнда құнды қағаздардың биржалық айналымы және бирадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады. »Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату- сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.
Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама (котировка) алғаннның немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фрманң биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орынн алуын білдіреді.
Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама алу үшін фирма:
1. 29, 350 доллар кіру жарнасын және әрбір жеке акция бойынша қосымша төлем төлейді.
2. Жыл сайын айналмға алынған акциялардың санына қарй биржаның бағдарламалық қызметі үшін 11, 750 –58, 700 долларға дейін комиссиялық төлем төлейді. 1982 жылдан бастап жоғарыдағылардан басқа тағы қосымша талаптар анықталған. Олар:
3. Компанияның әрбіреуіне 100-ден кем емес акциялары бар 2 мың акционері болуы қажет.
4. Компания жеке акционерлер иелік ететін 1 млн қарапайым акцияны айналмға шығаруға міндетті.
5. Инвесторлардың қолындағы акциялардың нарықтық құны 16 млн доллордан кем болмау қажет.
6. Соңғы екі жылда компанияның жылдық табысы 2,5 млн доллардан кем болмауы қажет.
7. Компанияның мүлкі 16 млн доллардан кем болмауы қажет.
Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.
Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс айналымда да болады.
Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.
Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды.
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:
1. тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;
2. сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;
3. іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.
Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:
1. құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.
2. Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.
3. Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.
4. Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.
Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.
Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор биржасында айналатын өнеркәсіп және транспорт акциялары бойынша есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.
Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс» газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша
Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.
Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.
Қор индекстері нарық жағдайына жалпы суреттемесін береді, сонымен бірге олар экономикалық болжамдар жасау үшін де қолданылады.
Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың кесімді бағасының құндық өлшеміне күміс жүрді.
Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.
Биржаның басқару органдары:биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы;байқаушы орган – биржа кеңесі;орындаушы орган – басқарма;бақылаушы орган – түгендеу комиссиясы.
Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні неде ?
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар
- өз қаражаттарын бағалы қағаздар ға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекеттік Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс қимыл жасайды. Эмитенттер
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары - бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін
ұ
йымы
- бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.
Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады.
Брокер
- сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен, жасалатын мәмілелерді жүзіге асыруші делдал. Өз клиенттерін бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты үстаушы ретінде болу мүмкін.
Диллер
- бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.
Костодиан
- клиенттерін сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау және осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретінде қызметі және басқа қызметтер көрсету міндеттірін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар дипозитарийі
- бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды биматериаландыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
Орталық дипозитарий - комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құралады. Орталық дипозитарий алатын пайда оған қатысушылар арасында бөлініске салынбайды, ал техникалық дамуына жұмсалады. Орталық дипозийтаридің клиенттері брокер-диллерлер мен костодиандар болып табылады.
Андеррайтер
- бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар комерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларына қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізігі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыногтегі қызмет ету ұдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және оларын сақталуын бақылау болып табылады.
Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастырды реттеудін жұне қадағалау тиімдіігін арттырудың бір тұтас жүйесін ұймдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногің мемелекеттік реттеудін бір ынғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, №872) қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметің реттеу жөніндегі комитетінің функцияларымен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.
Еліміздің есептік төлем балансың неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері - Төлем балансы мен валюталық реттеу департтаментің және Ұлттық банк басшылығының қызметің қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған. Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметің мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бір түтас жұйесіне кезең кезені мен көшу қамтамасыз етілуі тиіс
Негізгі терминдер
:
Капитал нарығы
Акция сертификаты
Инвесторлар
Эмитентер
Брокер
Диллер
Костодиан
Адеррайтер
Бақылау сұрақтары׃
Капитал дегеніміз не ?
Капитал нарығы деп нені айтамыз?
Капитал нарығының құралдары қандай ?
Капитал нарығының ақша нарығының айырмашылығы неде ?
Несиенің айырмашылығы неде ?
Несиенің эканомикалық категория болу себебі неге байланысты?
Акция мен облигацияның айырмашылығы неде?
Акцияның қандай түрлері бар?
Облигацияның қандай түрлері бар
Әдебиеттер:
1.Ілиясов Қ.Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы : Оқулық – Алматы : 2003., 387-402 бет.
2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001., 13-15 бет.
3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002.,
95-106 бет
Тақырып 3 Ақша нарығы.
1.Ақша және ақша нарығы туралы түсінік.
2.Ақша нарығының құралдары.
3.Банктік акцептер және оның ерекшеліктері.
5.Коммерциялық вексельдер.
4.Қысқа мерзімдік қазыналық вексельдер.
6.Жай және аударма вексельдер.
7.Депозиттік сертификаттардың түрлері және олардың шығару ерекшеліктері.
Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
Ақша дегеніміз- тауардың жалпы эквивалентінің жинақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Ақшаның қоғамдық мәнін К Маркс « Жеке адам » өзінің қоғамдық билігінде қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады . Ол мынадан айқын көрінеді:
Тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады М : А-Т-А
Әр адамның еңбектігі себебі, адам қоғамдық еңбектігі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Айырбас үрдесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түріде айырбас қатынасының, бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл таурға қарама-қарсы ақша тұрады.
Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызмет түріне қарай, мына функцияларын жатқызамыз:
Құн өлшемі
. Құн өлшемі- бұл мемлекеттің тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Айналыс құралы
- бұл ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді Т-М (міндеттеме)-Т немесе М-Т
Қор жинақтау құралы. Қорлану-үшін ақша айналыста алынады, сөйтіп сату-сатып алу қозғалысы өзгереді. Қор жинау- қызметін толық бағалы емес ақшалар атқармайды, себебі олардың меншікті құны жоқ..
Дүние жүзілік ақша құралы- сыртқы серіктестіктерге қызмет көрсету, сыртқы сауда байланыстары халықаралық зайымдар барысын дүние жүзілік ақшаларды пайда болуына себеп болды.
Ақша жиыны дегеніміз не? ҚР-да ақша жиыны неше бөлімнен тұрады?
Ақша жиыны- нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады. М: АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін-төрт Швейцария мен Германияда-үш , Ұлыбританияда-бес, Францияда-екі ақша агрегаты қолданылады.
ҚР –да ақша жиынының құрамына төменгі ақша агрегатты кіреді:
М1-айналыстағы қолма-қол ақша.
М2-құрамына М агрегатын және шаруашылық субьектерінің есеп шоттарымен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың қоғамдық жәнебасқа үкіметтік емес ұйымдар шоттардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді .
Ақша агрегаттарының құрамы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді, яғни бұл ақша нарығында қараймыз.
Ақшаның түрлері қандай ?
Ақшаның дамуы барысында екі түрге бөлінеді : толық құлды және толық құнсыз ақшалар . толық құлды ақшалар – номиналдық ақша құлы осы дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар .Мұндай ақшаларға металл ақшалар ,
соның ішінде мыстан , күмістен және алтыннан жасалғалдар жатады. Толық құнсыз ақшалар-наминалды құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісінне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келеді. Оларға құнның металдық және қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екі түрге бөлінеді: қағаз ақшалар, несиелік ақшалар. Қағаз ақшалар- бұл ақша өкілі, металға ауыстырылмайтын, мемлекеттің белгіленген номасы бар. Несиелік ақшалар- тауар өндірісінің дамуымен, яғни таурларды сатып алу және сатудың кешіктіріп төлеуге берумен байланысты болған ақшалар.
Ақша нарығы дегеніміз не және оның маңызы қандай ?
Ақша нарығы дегеніміз –
ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).
Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.
Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар:
1. Дисконттық нарық;
2. Банкаралық нарық;
3. Валюталық нарық;
4. Депозиттік сертификаттар нарығы.
Дисконттық нарық –
бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.
Банкаралық несие –
ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.
“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.
Еуровалюта нарығы –
қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.
Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.
Депозиттік сертификат дегеніміз – ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.
Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері қандай?
Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді :
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын және аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар –
салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар -
басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Негізгі терминдер:
Ақша
Ақша нарығы
Ақша жиыны
Ақша айналыс заңы
Ақша базасы
Акцепт
Акцептант
Акцепті банк
Ақша жүесі
Ақша бірлігі
Вексель
Жай және аударма вексель
Эмиссия
Ақша мультипликаторы
Депозит
Депозиттік сертификаттар
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ценые бумаги. Учеб/под.ред. В. И. Колесникова, В.С. Горколовского/М:-1998.
2. Деньги. Кредит. Банки/ Под. Ред. О. И: Лаврумина/М:-1998
3. Финансы. Кредит. Деньги. Учеб/Под.ред. О:В: Соколовой/М:-2000
4. Қ.Ж. Оразалин, М.м. жайасов. Русс. Каз. Толковый словарь.по. сов. Экон./М:2001
5. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. А:2003.
6. Ақша. Несие. Бактер. Валюта қатынастары. Б. Кошекова. А.:20007
7. В.Д. Мельникова, К.К. Ильясов,Финансы А:2001.
8. Ақша. Несие. Бактер. Ғ.С. Сейітқасымов. А: 2001.
9. Ақша. Несие. Банктер. Б. Сайденов. А: 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
2. Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
3.Ақша жиыны дегеніміз не, ҚР-да неше бөлімнен тұрады?
4.Ақшаның түрлері қандай?
5.Ақша нарығы деген не, оның маңызы қандай?
6.Ақша нарығының ұсынысы мен сұранысы?
7.Ақша нарығындағы қандай резервтерді білесіз?
8.Ақша нарығының атқаратын операциялары қандай?
9.Ақша нарығындағы құралдары дегеніміз не?
10.Банктік акцептер дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?
11Қысқа мерзімді қазыналық дегеніміз не?
12.Вексель дегеніміз не ?
13.Вексельдің қандай түрлері бар?
Тақырып3. Алтын нарығы
1. Алтын өндірудің маңызы
2. Асыл металдың қасиеттері, құндылығы
3 Алтын нарығының ерекшеліктері
Алтын
ө
ндіруді
ң
ма
ң
ызы неде ?
Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын
адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда алтын Египет,Греция, Қосөзен бойындағы елдер; өндіріліп, аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен әсер алатын деңгейде суреттеген. Алтын өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып кеткен, бұл жер қойнауындағы алтынның қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік ескерткішіндегі алтын адамның бейнесіндегі алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен тең жартысы бірнеше аса ірі еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Васильковское кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс қоры жүздеген мыңға жетеді. Сол жыныстың әр тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп шамаланған.
Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын өндірісінің құлдырап кеткені байқалды. Мысалы, алтын өндірудің ойдағыдай болмауы салдарынан КСРО-да 1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна алтын сатып отырды.
Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.
КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.
Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.
Алтын
қ
оры
дегеніміз
не?
Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.
Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.
Асыл металды
ң
касиеттері,
құ
ндылы
ғ
ы қандай ?
Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.
Алтынның тағы бір басты қасиеттері мынадай: ол өзіндік кұрамы жағынан біртұтас, біртекті, аса берік, ұзақ мерзім бойы сақтауға лайықты, бөлшектеп басқа бір металға қосып, кез-келген бұйым жасауға жарамды. Аса берік тұтастық қасиетіне қарай соңғы жылдарда алтын электроника өнеркәсібінде, ғарыш технологиясында байланыс кұралдарын жасауда ойдағыдай пайдаланылып жүр.
Адам баласы сонау бағзы заманнан-ақ алтынды өз қажетіне жарата білген. Алтыннан сырға, жүзік, алқа, басқа да әсем зергелік бұйымдар жасалған. Қанша ғасырлар өтседе алтыннан жасалған бұйымдар өзінің аса асыл металл ретіндегі қасиетін жоймайды. Мұны жер шарының түрлі аймақтарында жүргізілген архиеологиялық казбалардың нәтижесі айқын дәлелдеп отыр.
Алтынның дүниежүзілік тарих бедерінде сол сияқты, экономика саласындағы қолданылуы оның тек табиғи қасиетімен ғана емес, қоғамдық мақсат өрісінде оның төлемдік кұн рөлін бейнелеп, ақша ретінде қолдаланылуымен де айрықша ерекшеленеді. Ал ақша — экономикалық және әлеуметтік кұбылыс. Алтынның ақша орнына қолдаланылуының экономикалық катынастарда ерекше маңыз алуы - тауар өндірісінің өмірге келіп, дамуымен тікелей байланысты.
Адамзат баласы рулық-қауымдық қоғамдағы күнделікті тіршілігінде өзара топтаса жүріп, тапқан тамақтық заттарды бөлісіп жеумен тіршілік еткені тарихтан белгілі. Адамзат өзінің дамуы, өсіл-өркендеуіне жетілуіне қарай күнкөріс кәсібін де өзгертті. Әр түрлі өнім шығаруды меңгерді. Осылай өздері шығарған өнімдерін басқа біреулер шығарған өнімдерге баспа-бас немесе баламалай айырбастап, өзіне қажетті заттарды алумен шұғылданды. Сөйтіп, даму барысында басы артық өнімдерін сатуды меңгерді. Бірақ сол-кезде адамдардың сана-сезімінде ақша дегеннің не екені, оның қандай кажеті барына ешқандай түсінік, ұғымы болмаған, ал өмір тәжірибесі өзіне жаңа өрістер ашып отыратыны белгілі.
Адамдар өз төңірегіндегі, ерекше көз тартатын, жұртты серпілтетін заттарды даралай білген. Осы негізде қолдағы артық тауарды қандай затқа айырбастауға болатынын ойластыра бастаған. Тек осы мақсат, ниетке байланысты қолындағы артық, өз қажетінен тыс тауарды айырбастап алу үіпін қымбат бағалы деп таныған піл сүйегін, бағалы аңтерісін, т.б, тұз, теңіз тастарын, какао, мал, тіпті адамдарды да ,құлдарды да пайдаланды.
Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.
Ақыры біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрын алтыннан Қытай, Индия, Мысыр (Египет) елдері, ал көне Грецияда біз дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырда, Арменияда бірінші ғасырда алтын теңгеліктер шығарылған.
Айталық, XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, алтын дүние жүзінде ақша үшін пайдалануға беріктігі, тұтастығы, тозбайтын қасиеті жағынан зор маңызға ие болып, ақша сахнасына еш теңделік жоқ металл ретінде көтерілді. Міне сол кезеңнен бастап, ақша рөлін атқарып келеді. Осыған сәйкес алтынды белгілі мөлшерде жұмсау мақсатында алтын стандарты деген ұғым пайда болды. Алғаш алтын стандарты
(оны пайдалану үлгісі ретінде) түрде әрекет етті. Бірінші, теңгелік алтын стандарты деп аталды. онтоғызыншы ғасырдың аяғына дейін айналыс өрісінде болды. Екінші алтын стандарты алтын валюта делінді. Ал үшінші, ал құйма стандарты еді.
Алтын стандарты тұңғыш peт ақша жүйесі тұрғысында 1 жылы Ұлыбританияда елінде қалыптасты. Ал көптеген елдерде алтын рты XIX ғасырдың соңғы кезеңінде қолданылды. Алтын стандартына тән ерекшеліктер:
тауарлар бағасын алтын түрінде белгілеуге лайықты өлшем
мемлекет алтын ақшаны өз қажетіне қарай шығаруға мүдделігі бар
алтын ақшаның несие ретіндегі ақшаға емін-еркін айырбасталатындығы
алтынды шетке шығаруға және шет жерден алып келуге қойылмайтындығы болып табылады.
Осындай қасиеттерімен алтын-теңгелік стандарты ақша -жүйесінде тұрақты рөл атқаратын болды. Әр елдің шаруашылық жағдайына қарай алтын стандарты түрліше рөл атқарды. Мысалы, бір елдің алтын стандарты екінші бір елдің алтын стандартына құны жағынан салыстырмалы тұрғыда қолданылатын болды. Мұның өзі көбіне ақшаның құнсыздануы процесімен байланысты болатын ерекшелік.
Алтын стандартының ақша айналымында қолданыс табуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде күрт өзгерді. Атап айтқанда, 1929-33 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде алтын стандарты барлық елдерде түлкілікті жойылды. Бұл процесс дағдарыс салдарынан ақшаның құнсыздануынан пайда болған құбылыс болатын.
Осы жағдайдың ықпалына қарай дүниежүзінде әр ел өзінің алтынға байланысты ақша жүйесін, оның сауда-саттық қатынастарда әрекет ету қызметін елдің ішкі экономикалық жағдайына қарай ұйымдастыратын болды. Әр ел өз қорындағы ақшаны өзіне тиімділікке қарай пайдаланды. Мысалы, 1971 жылы тамыз айында АҚШ үкіметі алтынды долларға сатуды ресми түрде тоқтатты. Сөйтіп, бұл елде алтын стандарты жүзеге асырылмайтын болды. АҚШ-тағы алтынға байланысты жағдай басқа елдерде де өзгеріске ұшырады.
АҚШ-тың алтынға қатысты саясатына қарай, 1978 жылы Халықаралық Валюта Корының жарғысында алтын халықаралық валюта эталоны (нақты мөлшері) беделінен айырылғаны ресми атап көрсетілді. Соған сәйкес Халықаралық Валюта Қорына мүше елдерде алтынның ақша түрін бейнелейтін мазмұны жойылды.
Мемлекеттік мүдде тұрғысынан алғанда, аса құнды метал алтын нарқы мәселесімен арнайы құрылған орталық шұғылданады. орталық негізінен қолдағы басы артық алтынды халықаралық нарық жүйесінде сату немесе сатьш-алу жұмысымен айналысады. Алтынмен байланысты сауда-саттық, яғни, алтынды сату немесе сатып-алу жұмыстары алтын жөніндегі нарыктық баға бойынша жүргізіледі. Алтынды сату өнеркәсіптік тұтыну мақсатында немесе жеке адамдардың алтынды сатып алып, өзіндік жеке алтын қорын жинау мақсатында, инвестициялық қор құру жөнінде тәуекелдік қор жинау немесе алыпсатарлық тұрғыда атқарылады. Бұл аталған мысалдар алтын нарқына байланысты жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерін көрсетеді.
Алтын нарқының негізгі көздері мынадай: сатуға негізін жаңадан өндірілген алтын қоры жұмсалады. Әр ел алтын сату өзінің ішкі мүмкіншілігіне қарай жүргізеді. Мысалы, 1970 жылы БАР өзінің ішкі қорына карай 1 мың тонна алтын өндіріп, алтын көбірек сатуға мүмкіндік алды.
Алтын нарқына байланысты қордың екінші бір кез мемлекет және жеке алтын қорын жинаушылар тарапынан сатылатын алтын. Нарық жүйесінен сатып алынған алтын қор өнеркәсіптік, тұрмыстық мақсатта мысалы, радио-электрника атом, ракета техникасы үшін пайдалану мақсатында жургізіледі жеке адамдар өзі сатып алған алтынды сол сияқты өз қолында алтынды зергерлік бұйымдар соғу үшін пайдаланады. лы сақина, сырға сияқты бұйымдар жасайды. Сатылатын алтынның бағасы дүниежүзілік алтын нарқында қолданылып отырған нақты| кезендегі алтын бағасына сәйкес анықталады.
Алтын нарығының ерекшелігі қандай ?
Алтын нарқының әрекет ету ерекшеліктері мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық тұрпаттағы алтын құймасы 400 троя өлшемінде болады. Сатылатын алтынның салмақтық өлшемі унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық унция қолданылуда. Оның өлшемді салмағы 31,101 грамм. Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын. Ал 1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.
Алтын нарқында алтыннан соғылған байырғы теңгелікті (яғни алтын стандарты кезеңіндегі) жоғары бағаланады. Осы бағалы алтын теңгеліктерді мемлекеттік тұрғыдан ұйымдастырылады. Осындай алтын теңгеліктерді жеке фирмалар сата алады. Сол сияқты жаңадан соғылған алтын теңгеліктер сатылады. Ерте заманда соғылған алтын теңгеліктер мен соңғы кезеңде соғылған теңгеліктердің бағасы олардың салмағы құрамының тазалығына байланысты болып отыр. Нарықта, алтын тек теңгелік тұрпатында ғана емес, әсемдік бұйымдар, арнайы сым жұқа парақша, тағы басқа түрінде сатылады. Алтын caтумен шұғылданатын мемлекеттік арнайы орталық немесе жеке фирма көбірек қолданылатын алтын бұйымдар жасап, оны молынан сатуды басшылыққа алып отырады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде алтын сатумен шұғылданатын елуден аса ірі орталықтар бар. Олардың басым бөлігі Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африка елдерінде шоғырланған. Мысалы, Лондон, Париж, Токио қалаларындағы алтынмен сауда жасайтын орталықтар өз қызыметімен мол тәжірибе жинақтаған.
Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін алтын сату жүйесі төрт түрге бөлінген, олар:
дүние жүзілік (Лондон, Нью-Йорк, т.б.);
елдің өз ішінде еркін түрде жургізілетін алтын нарқы (Париж, Ыстамбұл, т.б.);
жергілікті жерде бақылауға алынған нарық (Африка, Мысыр) жасыры(көлеңкелі) түрдегі нарық .
Қорыта келгенде, осы аталған алтын нарқының төрт түрі алтын сату әдісін ліше жүргізеді. Мысалы біреулері алтынды көбірек сатып алумен шұғылданады. Кейбіреулері, алтын сату үшін өз қорының шамалы болуына сәйкес сауданы кеңінен жүргізе алмайды. Дегенмен, алтын өзінің тауар ретіңдегі рөлін дамыта беруге әрекет етеді.
Әдебиеттер:
1.Алмазова О. Д. Золото и валюта :прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998.
2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Валюта қашан пайда болды?
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.
Валюталық жүйенің типтері қандай?
Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.
Ұлттық валюталық жүйе –
елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе –
дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Аймақтық валютадық жүйе –
валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Ұлттық валюталық жүйе
|
Дүниежүзілік валюталық жүйе
|
1. Ұлттық валюта;
2. Ұлттық валюта айналым дәрежесі
3. Ұлттық валютаның паритеті;
4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі;
5. Халықаралық валюталық өтімділік;
6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
7. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы;
8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы;
9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі;
10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар.
|
1. Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік валюталық;
2. Валюталардың өзара айналымдығының шарты;
3. Валюталық паритеттердің бір тұтас режимі;
4. Валюталық бағамдар режимдерінің регламентациясы;
5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу;
6. Валюталық шектеуді мемлекет аралық реттеу;
7. Халықаралық несие айналыс құралдарын пайдаланудың бір тұтас ережесі;
8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі формасының бір тұтастығы;
9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарығының режимі;
10. Мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.
|
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік валюталарға, халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта дегеніміз не?
Резервтік валюта –
халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Халықаралық есептік ақша бірлігі дегеніміз не?
Халықаралық есептік ақша бірлігі
- валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (Европа валюта бірлігі) қызмет етеді.
Валюталық паритет дегеніміз не?
Валюталық паритет -
валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Валюталық жүйенің даму
кезендері
Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:
- бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе -
өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.
- екінші дүниежүзілік валюталық жүйе –
1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.
- үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе –
1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:
Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.
- төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе –
қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:
а) СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%, ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген, соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;
б) Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тиым салынды; ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
в) Валюталық бағамдар режимын таңдауға құқық берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
г) ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Валюта нарығы дегеніміз не?
Валюталық нарықтар –
сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда – саттық жүргізетін ресми орталық.
Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшейуі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операция жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырған алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту;
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар –
ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олар Лондандағы, Нью – Иорктағы, Токиодағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валютамен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық валюталық нарықтар –
белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүзеге асырылады. Оған Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары жатады.
Ұлттық валюталық нарықтар -
ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағындағы орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиыны.
кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)
Нарыққа қатысушы мүшелер.
Нарыққа қатысушы барлық мүшелерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар,
яғни оларда валюталық операцияларды жүргізу қажеттілігі
Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)
Активтік қатысушылар
өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет – мэйкерлер).
Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.
Валюталық жүйенің маңызды элементтері.
Валюталық жүйенің маңызды элементті –
валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігімен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай – ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделіп отырады.
Валюталық бағам –
бұл бір елдің ақша бірлігіне басқа бір елдердің ақша бірліктерінбейнеленген бағасы. әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.
Бағамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Саяси –
саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық –
халықаралық тәжірбиеде анықталатын экономикалық төртбұрыштың шыңы сияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы, инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%), дүниежүзілік нарықтағы тепе – теңдік;
Психологиялық –
жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық нарықтың объектілері мен субъектілері.
Валюталық нарықтар – бұл тауар ретінде валюталық құндылық саналатын нарық.
Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- шетел валютасы (ақша белгілері, банкноталар, қазыналық билеттер, монеталар т.б.) – құнды қағаздар ( чектер, векселдер) қор құндылықтары ( акция, облигация) және т.б. шетел валюталары көрінетін міндеттемелер.
- құнды металдар ( алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий,ретений, осмий) және табиғи құнды тастар ( алмаз, рудийн, изумруд, сабфира, александрид, жемчук)
Валюталық нарықтар субъектісіне- банктер, биржалар, экспартерлар мен импартерлар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкімет ұйымдары жатады.
Валюталық нарықтар объектісіне- келген қаржы талаптары жатады. Валюталық нарық субъектісімен сатылады және сатып алынады.
Валюталық нарықтар субъектілері келесі операциялар түрін орындайды;
- сатып алушылық қабілетті беру.
- хеджерлеу (ашық валюталық позицияны сақтау)
- спекуляция (валюталық курсы немесе пайыз мөлшерлемесімен пайда табу.
- Пайыз мөлшерлеменің орбитражы (депозит қабылдаудан алынған пайда және оларды жоғары мөлшермен белгілі кезеңге қайта жұмсау)
Сатып алушының мүмкіншілігін беру келесі операциялар түрінде жүргізіледі;
1. Кассалық (спот)-валюталарды жедел түрде жеткізу әдетте келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні көлемінде.
2. Жедел (форворд)-валютаны жеткізу белгілі бір уақыт мезгілінен кейін жүргізеді.
3. своп-сату және сатып алу операциялары әртүрлі орындалу мерзімінде бір уақытта жүргізіледі.
Валюталық нарықтың объектілерімен жұмыс істегендевалюталық нарық субъектілері тек қана экономикалық мақсаттылық көзқараста ғана емес, сонымен қатар ұйымдық, экономикалық және құқықтық көзқарастарға сүйенеді.
Бұндай қатынастарды- қажы валюталық қатынас жүйесі деп атайды.
Негізгі терминдер
1. Валюта;
2. Валюталық жүйе;
3. Резервтік валюта;
4. Халықаралық есептік ақша бірлігі;
5. Валюталық паритет;
6. Халықаралық валюта қоры;
7. Валюталық нарықтар;
8. Валюталық нарықтардың қатысушылары;
9. Валюталық бағамдар
Қолданылған әдебиеттер
1. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
2. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы, 2003 ж.
3. Мамыров Н.Қ. «Макроэкономика» Алматы 2002 ж.
4. Әудакиров “Әлеуметтік экономика негіздері”, Экономмика баспасы, Алматы 2002 ж.
Бағалы қағаздардың туындылары
1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
2. Бағалы қағаздардың құрылымы.
3. Бағалы қағаздардың түрлері.
4. Бағалы қағаздардың туындыларының түрлері.
5. Бағалы қағаздар туындыларына ғылымдардың көзқарасы.
Бағалы қағаздар нарығы қашан пайда болуы?
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа кономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі Егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының лғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да, өркенделген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Басқа елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындарда, халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алды. Жекеменшіктендіру бағала қағаздарының жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздарының бір түрі, олар өз иесіне мемдекеттің иелігіне алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Бағалы қағаздар құрылымы қандай?
Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық – құқықтық формасы акционерлер қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуна жол ашты. Бұл жағдай жаңа акцияллар мен облигацияларды эммиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болды. Сонымен бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. Сол сияқты акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?
Жалпы бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді. Олар: негізгі және туынды.
Негізгі топқа жататын құнды қағазадар
: акциялар, облигациялар, векселдер, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер.
Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға ең алыдымен
: опцион , фьючерс, своп, спот, форворт, биржалық нарық т.б.
Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?
Туынды бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін айяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажетіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығуының мүмкіндігін алуға байланысты.
Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?
Бағалы қағаздар туындыларының түрлерін төмендегідей қарастырайық.
Қазақстанда қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелділігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруіді қажет етеді. Олардың біріне опциондық ссуданың дамуы жатады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акциянерлеу барысында опцондер кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерлерге енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құығы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп опцон деп – контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін құжатты (келісімді) айтады. Мәмілені сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Сатып алу опционы келісімдегі мерзімде, акциялар немесе басқа да құндылықтарды белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді. Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: Европалық және Американдық.
Европалық опцион
– келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.
Американдық опцион
– келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.
Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық береді.
Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық тоқта шектеулі. Сауда “Еркін айқай” тәсілмен жүзеге асады. Опциондық мәмлелерден басты айырмашалағы, мүнда арнайы бекітілген диллер жоқ. Олардың орынында “Еденде сауда жасаушылар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және ставкамен опциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды.
Фьючерстік келісім
– қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.
Форворттық келісім
–
валюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.
Спот келісім – тауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.
Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.
Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?
1)Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.
2)Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.
3)Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.
Негізгі терминдер
1. Бағалы қағаздар;
2. Негізгі және туынды бағалы қағаздар;
3. Опцион;
4. Фьючерс;
5. Своп;
6. Спот;
7. Форворт;
8. Акция;
9. Облигация
Бақылау сүрақтары
1. Бағалы қағаздар нарығы қашан пайда болуы?
2. Бағалы қағаздар құрылымы қандай?
3. Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?
4. Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?
5. Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?
6. Бағалы қағаздар туындыларына ғалымдардың көз қарасы қандай?
Қолданылған әдебиеттер
1. «Ақша, Несие, Банк» Сейтқасымов Ғ.С. Алматы, 2001 ж.
2. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.
3. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
4. «Экономикалық сөздік» Ж.М. Алыпова, Алматы, 1992 ж.
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
37Әлемдік ақша орталығы
Әлемдік қаржы нарығы қалай қалыптасты?
Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:
-қарыз капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл қаржы нарқы деп аталады.
-қарыз капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы – бұл капитал нарқы деп аталады.
Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.
Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.
Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.
Әлемдік қарыз капиталы қалай пайда болды?
Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты.
Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 – жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды.
Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді.
Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы.
ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.
Олар:
-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.
Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.
-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:
-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.
-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.
-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.
Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.
Сол сияқты банк несиені ролловерлік
деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.
Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:
-инвестициялық барлық соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп жүргізіледі
-несие белгіленген лимит бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде беріледі
-несиенің көлемі, ставка пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше айға немесе 10 жылға, одан да көп мерзімге беріледі;
-ролловерлік шарт бойынша қажетті соманы толық беру мүмкіндігін қалыптастыруға назар аударылған.
Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде.
Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері:
-халықаралық банк несиелері;
-халықаралық эмиссиялық облигациялық қарыздар;
-еуропалық векселдер болып табылады.
Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар.
Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық несие қатынастарының нысандары қандай?
Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ 60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.
Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған.
Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту үшін) түріндегі акцептік-авальдық
операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын
бірінші деңгейдегі төлем қаражатына айналдыруға мүмкіндік жасады.
Мемлекет сыртқа тауар шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден әкелетін тауарлардың бағаларын арзандатуға, сонымен бірге сол тауарлардың сауда жүйесінде бәсекелестік қабілетін- өтімділігін арттыруға ықпал жасады. Өйткені халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен тауар жанама салықтан босатылуы керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын талаптарға баса назар аудару негізінде орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді.
Сыртқы рынокта монополиялардың кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік деңгейде экспорттық – импорттық банктер ұйымдастыру болды.
Ол банктер сыртқы сауда қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге несие берумен шұғылданды. Осы банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония және басқа елдерде де құрылған.
Экономикалық салада халықаралық несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан нысандары бар. Атап айтқанда:
-банктердің шетелдермен байланысы қызметінің шеңберін шектей білу
-ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы қызметтің өзара ықпалының салдарын айқындау, шектеу
-ұлттық банктің халықаралық банк консрциумдарымен қарым-қатнасын реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады. Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.
Экспорттық несие берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады.
Экспорттық несиенің жалпы көлемі мемлекттердің инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/ доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды.
Бірақ 80-жылдардың ортасында мұнайдың бағасы халықаралық саудада арзандап, оны сатудан алынатын қаржы мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер несие жөнінде қарызды өтей алмау дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық банктерден жеңілделілген несие алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық пайдалануға күш салды. Осы негізде сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады.
несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:
несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
. Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?
Коммерциялық банк нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны.Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету,өнеркәсiп мекемелерiн,мемлекет пен халықты несиелеу,халық шаруашылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банк
– бұл тiкелей кәсiп орындарға,ұйымдарға,сондай ақ халыққа қызмет ететiн банiктердi бiлдiредi.
Коммерциялық банк
деп – бұл жерде Қазақстан республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер туралы айтылып отыр.
. Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?
Коммерциялық банктер мынандай белгiлерiне байланысты жiктеледi
1 Жар
ғ
ылы
қ
капиталды
ң қ
алыптасуына
қ
арай
:
- мемлекеттiк
- акционерлiк
- жеке
- пай қосу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
- аралас, шетел капиталының қатысуымен.
2
Операцияларыны
ң
т
ү
рлерiне
қ
арай
:
- әмбебап, яғни экономиканың балық салаларына бiрдей және кең көлемде банктiк қызмет көрсететiн банктер
- Маманданған, яғни бiр ғана салаға қызмет көрсететiн банiктер.
3
Аума
қ
ты
қ
белгiсiне
қ
арай:
- халықаралық
- мемелекетаралық
- ұлттық
- аймақтық
4
Салалы
қ
белгiсiне
қ
арай
:
- өнеркәсiптiк банктер
- сауда банiктерi
- ауылшаруашылық банiктерi
- құрылыс банктерi
- басқа да банiктер
5
Филиалдар санына
қ
арай:
- филиалсыз
- көп филиалды.
.
Коммерциялы
қ
банк
қ
ызмет
қалай ұ
йымдастыр
ылады?
.
Коммерциялық банiктiң ұйымдастырылу құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функциянолдық бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктердiң қызметiне тиiмдi жетекшiлiк етудi қамтамасыз етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.
5.
Коммерциялы
қ
банктер
қандай
операциялар
жұргізеді?
Пассивтiк операциялар негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары.
Банк ресурстары пассивтiк операциялар нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары делiнедi.
Пассивтiк операциялар көмегiмен банктер нарықтан несиелiк ресурстарды сатып алады.
Пассивтiк операциялардың мынандай формалары болады
- коммерциялық банктердiң бағалы қағазды алғашқы эмиссиялауы.
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту немесе құру
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу
- депозиттiк операциялар.
Сонымен банктiң ресурстары 2 топқа бөлiнедi
1. Банктiң меншiктi қаражаттары
2.Банктiң тартылған қаражаттары
Банктiң меншiктi қаражаттары
- бұл ұзақ мерзiмдi активтерге жұмсалымдардың басты көзi болып табылады
Банктiң меншiктi қаражаттары банктiң экономикалық дербестiгiн және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әртүрлi қорлар/ капиталдар/ мен бөлiнбеген пайда жиынтығы.
Банктiң меншiктi қаражатына жататындар:
- Банктiң жарғылық капиталы
- Банктiң резервтiк капиталы
- қосымша капиталы және пайда есебiнен құрылған басқа қорлары.
- Сақтандыру резервтерi
- Бөлiнбеген пайдасы
Банк жарғылық капиталы – банктiң заңды тұлға ретiнде мiндеттi түрде құрылуын және өмiр сүруiнiң экономика негiзiн құрайды.
Резервтiк қор – банк қызметiнде пайда болуы мүмкiн зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Қосымша капитал – негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесiнде құрылады.
Арнайы қорлар болса – негiзгi қорларды қайта бағалау негiзiнде,
Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесiнде құрылады.
Бөлiнбеген пайда – акциялар бойынша дивидендтi төлегеннен кейiн және резервтiк қорға аударғаннан қалған пайданың бөлiгi.
Банктiң тартылған қаражаттары
- активтiк операциялар, оның iшiнде, несиелiк операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетiн қанағаттандырады. Олардың ролi бiршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар халықтың тұтыну қажетiн қанағаттандырады.
Әлемдiк банктiк тәжiрибеден барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсiлдерге байланысты үлкен 2 топқа бөледi
1 - топ депозиттер;
2 - топ депозиттiк емес тартылған қаражат.
Тартылған қаражаттар iшiнде ең көп бөлiгiн депозиттер құрайды.Депозиттер банк үшiн бiрден – бiр арзан ресурс көзi болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердiң, жеке және заңды тұлғаларды, банктегi белгiлi бiр шотқа салған және өздерi пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттiк емес тартылған қаражат - бұл банктiң қарыз түрiнде немесе өз меншiктi қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Активтiк операциялар
– бұл операциялардың көмегiмен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшiн және тде өздерiнiң өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшiн орналастырады.
- шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әртүрлi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi несие беру.
- Халыққа тұтынушылық несие беру, үй құрылысын жүргiзу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзiмде пайдалануға, мүлiк сатып алу.
- құнды қағаздар сатып алуға несие беру
- Лизингiлiк операцияға несие беру
- Факторингiлiк операцияларға несие беру
- Басқа банктерге несие беру, банк аралық несие
7.
Коммерциялы
қ
банкт
е
рдi
ң
бас
қ
а да
қ
аржылы
қ қ
ызметтерi
Лизингтiк операциялар, «лизинг» ағылшын тiлiнен аударғаннннда жалға беру деген ұғымды бiлдiредi, лизингтiк операция деп - ұзақ мерзiмде пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,компьютерлердi) жалға берудi айтады.
Лиззинг бiрнеше қызмет атқарады
1. Ол келесi қорларға ақша жұмсау, яғни қаржылардың формасы;
2. Бұл өндiрiстi жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техниикамен материалды - техникалық қамтамасыз етудiң анағұрлым прогресивтi формасы.
Лизингтiк мәмiледе 3 қатысушы болады: Олардың өзра қатынастары мәмiлемен реттеледi:
1. қатысушы мүлiк иесi ( лизинг берушi)
2. мүлiктi пайдаланушы (лизинг алушы)
3. Мүлiктi сатушы. Коммерциялық банкткрдiң басқа да қаржылық қызметтерi
8.
Лизинг т
ү
рлерi
.
Жедел лизинг
- анағұрлым қысқа мерзiмге берiледi.
Оның объектiсi болып моральдiк тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады
Каржылы
қ
лизинг
– анағұрлым ұзақ мерзiмге берiледi. Ол мерзiм машиналар мен құрал жабдықтардың амортизациялық тозу мерзiмiмен сәйкес келедi. Бұл жерде мәмiле аяқталмай, күшiн тоқтата алмайды, онда мүлiктi лизинг алушы мен сатып алушы мүмкiндiгi көрсетiлген.
Қалдық құны бойынша лизинг
– пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру,сондықтан лизинг объектiсi бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланған.
Лизингтiк бизнестiң дамуы үшiн лизингке берiлетiн арнайы лизингтiк компаниялар құрылады, олардың негiзгi қаражат көзiне құрал жабдықтарды сатып алу үшiн берiлетiн банктiк несиелер жатады.
Факторингтiк операциялар
– клиентпен төленбеген қарыздың талаптар, счет факторлар, векселдер, бойынша төлемдi талап ету құқын басқа банкiге беру.
Факторинг мәнi – банктер өз клиенттерiнен төлем – құжаттарды, олардың дебиторлардың қарызын, пайыздық сыйақы үшiн сатып алу.
9.Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.
Банк ресурстары
– бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстардың құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік кпиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асығаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшелігіне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурсының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы;
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурсының құрылымындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
10.Коммерциялық банктің меншікті капиталы:көздері мен қызметтері.
Коммерциялық банктің меншікті кпиталының рөлі мен шамасы басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банктік қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, жалақыға жұмсалған және т.б. жабылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.
Банктің меншікті капиталы
- бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:
- жарғылық капитал,
- меншікті капитал, қосымша капитал,
- банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған қорлар (резервтер),
- бөлінбеген банк пайдасы.
11. Банктің тартылған қаражаттары.
Банк ресурсының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит
– бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар –
бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туады.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Коммерциялық банк туралы не білесіз?
2 Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?
3 Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?
4 Коммерциялық банк қызметiн ұйымдастыру.
5Коммерциялық банктердiң операциялары - банктiң пассивтiк операциялары.
6 Банктердiң активтiк операцияларына не жатады?
7 Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi қандай?
8 Лизинг түрлерi қандай?
9 Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы туралы не айтала аласыз?
10 Коммерциялық банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері.
11 Банктің тартылған қаражаттарына не жатады?
Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
1.Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде?1
Кеңестік дәуірден мұра болып қалған зейнетақы тағайындау жүйесі қысқа уақыт ішіндегі соңғы жалақыға негізделетін, бұл еңбек қызметінің бүкіл кезеңіндегі жалақы туралы толық деректерге қол жеткізудің шектеулілігін білдіреді. Еңбек еткен бағзы жылдардағы табысын қалпына келтіру бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырудың неғұрлым күрделі мәселелерінің біреуі болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы осы жұмыстың күрделілігі мен ең бастысы, растаушы нақты фактілерді алу мүмкіндігінің болмауымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда, мәселені шешудің неғұрлым жеңілдеу жолдарын қолдану жиі ұсынылады. Бұл универсалдық база бойынша (республикалық орташа жалақы немесе “бұрынғы” зейнетақы мөлшерін “кейінгі” зейнетақы мөлшерлерімен салғастыру жолымен) өткен кезеңдерді “несиелеу” нысанында берілуі мүмкін, тбұның да белгілі бір кемшіліктері бар. Мәселе мынада, бұл әдіс бойынша біреулер ұтқанымен, басқа біреулер өз мүдделеріне қысым жасалды деп есептеуі мүмкін. Өткен кезең деректерін қалпына келтіру және оларды тану туралы ереже тағы бір жаңа әділетсіздіктерге жол бермеуінің маңызы зор.
Зейнетақы төлемдері процесінде, зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейі есепке алынуы тиіс, зейнетақыны индекстеу секілді маңызды факторды ескеру қажет. Ең оңтайлы индекстеу қандай болуы керек? Бұған қатысты әртүрлі пікір айлылып жүр. Кейбіреулер зейнетақыларды тұтыну бағаларының деңгейіне қарай индекстеу және олардың нақты құнын осылайша қолдау жеткілікті деп есептейді. Енді біреулер, зейнеткерлердің әл-ауқаты оның нақты табысына ғана емес, бұл табыстардың қоғамда қабылданған өлшемдеріне қатыстылығына да тәуелді деп көрсетеді. Өмір сүру стандарттары жедел өсіп келе жатқан біздің республикамыз үшін бұл мәселе қай кездегіден де өткір болып отыр.
Жоғары айтқанымыздай, әр зейнеткердің өткен уақыттардағы табыстары туралы толық нақты фактілер алу өте қиын. Бұл жағдайда зейнетақы мөлшерін арттыру үшін зейнетақының осы кезеңге қалыптасқан және заңнамамен бекітілген мөлшерлері негіз болуы мүмкін. Бұл ретте “бұрынғы” зейнетақыларды жаңадан тағайындалатын зейнетақыларға жеткізудің мүмкін жолы қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін индекстеудің сараланған тәсілі болуы ықтимал. Бұндай жағдайда оның мөлшер сәйкестігінің өлшемін ғана назарда ұстап қоймай, қалыптасқан фактілерді де ескеру қажет.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің жолдары қандай?
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан – банктерінің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.
Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтау зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті.
Зейнетақы реформасының мақсатты бағыты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету.
Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамсыз етуге мүмкіншілігі болмады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банкі және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мено ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарналарынан, азаматтардың жеке жарналарынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады.
Зейнетақы жарналарының ерекшелігі – иұзақ мерзімнен кийінгі көп жылдар есебі бойынша төленеді, сондықтан жарнаның төлену мерзімі мен жиналған соманың төлену мерзімі айтарлықтай үлкен. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің жинақтау мерзімін ұзаққа болжамдау осы факторға байланысты. Сондықтан, қаражатты инфляциядан қорғау мақсатында олар қысқа мерзімді қаржы инструменттерін қолданып, ұзақ мерзімді активтерге немесе инвестициялық бағдарламаларға да салуға болады.
Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдану қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімінің секторының қатысушысы болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік - қаржы институттары болып табылады. Ұзақ мерзімде қызмет атқаратын зейнетақы қорларының активтерінің мөлшері де салмақты. Мысалы, Европа мемлекеттері одағының жинақтау зейнетақы қорларының активтері 1993 жылы 1.2 трлн доллардан асқан, ал ООН қызметкерлерінің жинақтау қоры 1995 жылы 12.6 млрд доллар сомасында бағаланған.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестор ретіндегі қаржы нарығындағы үлес салмағына байланысты, активтердің қарқынды өсуіне кейбір мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салық салудан жеңілдік беріледі:
- ол енгізілген активтерге қалай әсер етсе, инвестициялаудан түскен табысқа да солай әсер етеді. Бұны түсіну үшін қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамыған болуы керек, ол мемлекеттік ауыртпашылықты төмендетуге жол береді;
- ел экономикасына мемлекеттік емес зенетақы қорларының қаражаттарын қатыстыру қордың өсуіне және күнделікті тұтынудың азайуын қамтамасыз етеді.
Дамыған елдерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестициялық шегі 40-60 жыл. Ал басқа инвестициялардың, мысалы, банктер ғана емес, және де әртүрлі инвестициялармен қаржы корпорацияларының ұзақ мерзімді инвестициялары 12-15 жылға дейін ғана жоспарланады.
Мемлекуеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді болып табылады да қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің өзгене стабилизаторы болып табылады.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және біздің елімізде оны реттеугежағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналғанмемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті ұзақ мерзімді инвестицияны тартуға және де Қазақстанның қор нарығының стабилизаторы бола алады.
Осы күйдегі зейнетақы жүйесі ары қарай осындай жағдайда қала берсе, онда ол дағдарыстың шиеленісуіне және күйреуіне әсер етеді. Бұл жайсыз жағдайдан айналып өту үшін 1997 жылы 20 маусымда “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, сонымен бірге, 1998 жылдың 1 қантарында нарық экономикасының барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы жүйесі енгізілген.
Зейнетақы қорларының ары қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті.
Зейнетақы жүйесінің тағы бір ерекшілігі зейнетақының жинақталуы тек қана жарна берушінің есебінен ғана емес және әртүрлі инвестициялардан алынатын табысынан да құралады.
Зейнетақылық төлемдерді бағалы қағаздарға инвестициялауға зейнетақы активтерін басқару компаниялары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың қызметін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы реттейді. Қазіргі кезде зейнетақы жарналарын жинақтау және зейнетақыларды төлеуді іске асыруға заңмен бекітілген тәртіп бойынша 1 мемлекеттік, 15 мемлекеттік емес зейнетақы қорларына лицензия берілді.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қоры жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады. Және де ашық немесе корпоративті болуы мүмкін. Ашық зейнетақы қорларының құрылтайшылары – заңды және тұлғалар бола алады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комиссия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды. Ұлттық зейнетақы агенттігінің талаптарына сәйкесәр қор зейнетақы тәртібін бекітуі қажет. Тікелей қызметі бойынша зейнетақы жарналарынан 1% және инвестициялық табыстан 10% мөлшерінде шығындарын қамтамасыз етуге комиссиондық алым алуға болады.
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады, құрылтайшылары резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді беруді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорының айырмашылығы – мемлекет зейнетақы төлемдерінің сақталуын қорғайды: зейнетақы активтерін тәуекелділігі аз және біршама табысы аз тетіктерге инвестициялайды.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтерінің негізгі бөлігі активтерді басқару компаниялары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарға және банкі депозитттеріне инвестициялай арқылы жұмсайды. Қалған бөлігі Қазақстан қор биржасының А листингі бар қазақстандық кәсіпорындардың акцияларын алу арқылы отандық кәсіпорыдардың даму инвестициясы жұмсалады. А листингі бар кәсіпорындарға халықаралық аудит станедартына өткеніне 2 жылдан асқан кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтау қорларына қарағанда инвестициялық табыстан жоғары процент мөлшерінде табыс беріп отыр.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.
Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді.
Ал өз кезінде кастодиан – банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қаматамасыз етеді.
Бірақ, сонымен қатар жинақтау зейнетақы жүйесінде проблемалар да жоқ емес.
Бірінші проблема - халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптасуы. 2000 жылдан бастап қана жинақтау зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады. 2000 жылдың 1 шілдесінде салушылардың саны 3359 мыңға дейңн жетті. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда 12,2%–ке көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да санының өсуі байқалады: 10 мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға.
Жалпы зейнетақы жарналарының сомасы 77,7 млрд теңге болды, соның ішінде 2000 жылдың 1- жартысында 21,1 млрд теңге салынды.
Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын артттыру, халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.
Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайтуға қажет.
Жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуеклділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.
Жалпы жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструметтерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.
Жәнеде, зейнетақы қорлдарының инвестициялық мүмкіншілігінің дамуына әсер ететін тағы бір жағдай - қаржы нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда инвестицияның қандай инструменттеріне немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды.
Қазіргі кезде мұндай жағдайдан шығу үшін портфель құрылымын тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл қазір қиынға түседі – зейнетақы қорларының активтері өз бетімен таратылмайды, ол активтерді басқару компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және компания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырмауына да болады. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару компаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімімен қайта –қайта қарастырылуы қажет.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып , мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел зкономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасамағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арасынан, қазіргі кезде әлеутеттік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:
- әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру
- мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру
- өзіндік резервтік өорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі
Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қызметтері қандай?
Инвестициялдық компания -
өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.
Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор ашық
және жабық
нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз акцияларын инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор жиналған капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды қайта сатып алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан ашық қор ауыспалы капитал деп те аталады.
Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.
Қолдағы құнды қағаздардан кіріс түрліше тәртіппен:
- белгіленген пайыздық ретпен
- пайыздық ставканы сатылап қолдану
- құнды қағаздардың құны көрсетілген индексі бойынша
- ұтыс заемдарын тарату арқылы
- дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.
Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға тиіс.
Практикада, құнды қағаздармен байланысты істерде тәуекелділік жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың қатарына тәуекелділіктің мынадай түрлерін атауға болады:
- ұдайы кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды қағаздар нарқы дағдарысына қатысты тәуекел:
- Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен байланысты;
- селективтік
тәуекел. Бұл портфел қорын қалыптастыру кезінде басқадай қағаздармен салыстырғанда инвестициялауға арналған бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын тәуекел;
- уақытша тәуекел. Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын тәуекел;
- құнсыздану әрекетінен болатын тәуекел. Бұл инвесторлардың құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын тәуекел.
- құнды қағаздардың бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.
Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да өз қаржысы қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің бірі де осы.
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлері қандай?
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарқы" заңында бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері атап көрсетілген. Республикамыздың қаржыгерлері мен менджерлері сол қызмет түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.
Ол қызметтер – брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастандиандық
және :
- құнды қағаздар портфелін басқару;
- құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді айқындау;
- құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;
- өкілетті органның белгілеуі бойынша кәсіби қызметін басқа да түрлері;
Аталмыш Заңда құнды қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу негіздері талап көрсетілген.
Олар – ең алдымен құнды қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өткізілетіндігі:
- құнды қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік актілер шығару;
- эмиссиялық құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
- құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметін лицензиялау;
- биржадан тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың бағасын белгілеуді және оның саудасын технологиялық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен ұйымдардың қызметін лицензиялау;
- құнды қағаздар нарқында инвесторлардың құқықытарын эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;
- құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны үшін тиісті санкцияларды қолдау;
- құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;
- құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;
Құнды қағаздар нарқы саласында басты қызметпен шұғылданушы мамандар қатарында :
Брокер –комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің тапсырмасы бойынша , соның есебінен құнды қағаздарды сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал.
Олар атқаратын қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы , несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.
Дилер –
құнды қағаздар нарқына қатысушы, өз есебінен және тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.
Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен қаржы қорын молайту, оны әр салада ұтымды пайдалануға елеулі үлес қосатын құралдар.
Қазіргі кезеңде техникалық өркениеттің дамыған жағдайында қағаздар нарқа тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше жүйелі жүргізу мақсатымен нақ заманы компьютерлер мен телекоммуникация желілерін қолдану өте-мөте жақсы. Мұның өзі осы құнды қағаздар рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді шаралар белгілеуге көмектеседі. Компьютерлердің көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды қағаздар нарқы ауданындағы істі білуге, сауда қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар түрлері, бағалар, басқа да шешуші бағдарламаларды біліп, нарықты тиімді ұйымдастыруға негіз қолайлы.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Заңында құнды қағаздардың бір түрі – вексельді пайдаланудың тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің түрлері, индоссамент, аваль
туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған. Осыған байланысты аталған құнды қағазға сәйкес ерекшелікті атаған жөн. Айталық, аударым векселі және жай вексельдің жасалуы мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда аударым векселінде қандай белгілер болатыны түсіндірілген. Мысалы мынадай талаптар белгіленген:
- құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде айтылған вексель атауы.
- белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
- төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;
- төлем мерзімін көрсету;
- төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;
- кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;
- вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;
- вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.
Ал жай вексель мыналардан тұрады:
- мәтіннің мазмұнына енгізілген және сол құжат жасалған тілдегі вексель атауы;
- белгілі бір ақша сомасын төлеуге қатысты мәселелер мен шарттастырылған уәде;
- төлем мерзімінің көрсетілуі;
- төлемді жүргізген орынның көрсетіуі;
- кімге немесе кімнің бұйрығымен төлемнің орындауға тиіс тұлғаның атауы;
- вексельдің шығарылған күні мен орнын көрсету;
- құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы болады.
Заңда Республикада вексель айналысының тәртібі айтылған. Мысалы, Қазақстанда вексель айналысы жай және аударым коммерциялдық вексельдерін шығаруды, ол бойынша тап ету құқығын беруді, оған байланысты вексель міндеттемелері мен операцияларын орындауды, есеп-қисап кеңселерінде вексельдермен операциялар жүргізуді қамтиды. Вексельдік міндеттеме –вексель берушінің тиісті дәрежеде рәсімделген вексельді заңды түрде берген мерзімнен бастап пайда болады. Сол сияқты Республикада заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысуларды жай және аударым вексельдерін пайдалануға құқылы.
Ал индоссамент
деген не ? Ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.
Егер индоссамент бланктік индоссамент болса, онда вексельге иелік етуші:
- өз кезегінде вексельді бланк арқылы немесе қандай да басқа бір тұлғаның атына индоссациялай алады.
Вексельді бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшінші тұлғаға бере алады.
Менеджерлер вексельге байланысты аваль
деген терминнің мәнін білгені жөн. Аваль
дегеніміз вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Сондықтан Заңда авальдің кімнің есебінен беріліп отырғанын көрсету ескертілген. Ал вксель төлеміне берілетін жазбаша келісімді акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады. Акцепті пайдалануға байланысты ережелерді Заңдағы талаптарға сәйкес жүйелеп алып, сол бойынша іс-қимыл жасау ерекшілігін акцепке қатысты қызмет атқаратын мамандар жете білуге, осы негізде іс жүргізуге тиіс.
Соңғы жылдары Қазақстанда құнды қағаздар шығару ісі қолға алынды. Бұл мәселемен көбінесе жекешелендірілген кәсіпорындар айрықша шұғылданып отыр. Мысалы, 1997 жылдың тек бес айы ішінде ғана Қазақстанда жалпы сомасы 22 миллиард сома мөлшерінде құнды қағаздар шығарылды. Негізінен олар – акциялар , облигациялар. Тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің нарықтық өркендетуге, ең алдымен, қаржы фукнцияларының ықпалын нығайтуға күш салды. Сөйтіп , Республика дағдарысқа тап болған экономикаға жаңа бағыт-бағдар берді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі шетелдерден инвестициялдар тартты. Шетелдік инвесторлардың қаржысын тарту есебінен бір қатар өндіріс ошақтарын ортақтаса пайдалануды ұйыдастырды. Әрине, бұл шараларды іске асыру оп-оңай болған жоқ. Үкіметтің табанды іскерлік- қимылы арқасында республика экономикасы ілгері басып отыр.
Әдетте, қолдағы қаржы қорын молайтудың жолдары сан алуан. Ақшаны тікелей өндірісте пайдалану, тауарлар шығаруды еселеп молайтып, оны сату есебінен қою жинақтау сияқты ұтымды әдістер дамыды, керісінше жетілдіріп отырылды.
Қаржы нарқын құрып, оны дамытуға да айрықша көңіл бөлінді. Бұл салада құнды қағаздар шығару аса тиімді болды. Ол үшін үкіметтің "Құнды қағаздар туралы" арнай заңының маңызы зор. Құнды қағаздар мен жұмыс істейтін қор биржасы құрылды. Осы заңға сәйкес қор биржасының фукнциялары белгіленді. Ол мынадай бағытта:
- биржа өз клиенттеріне құнды қағаздарға байланысты жұмыс атқаруға қажетті сауда алаңын беру;
- құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру;
- құнды қағаздарға арнап баға белгілеуді жүзеге асыру;
- биржа өз тарапынан өз мүшелеріне қызмет көрсету;
- биржа өз қызметіне сәйкес талдамалық мақсатта зерттеулер жүргізу;
- құнды қағаздар нарқында субъектілер арасында құқықтық қатынастар негізінде есеп айырысуды жүргізу;
Бираның басқару органдары да құрылды . Ол органдар:
- биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің - жалпы жиналысы;
- байқаушы орган – биржа кеңесі (байқаушы кеңес);
- орындаушы орган – басқарма ;
- бақылаушы орган - түгендеу комиссиясы.
Қор биржаның бүкіл ұйымдық шаралары заңда белгіленген ережелерге сәйкес жүргізілуде. Мысалы, құнды қағаздар бойынша сауда ұйымдастыру ауыкциондық нысанда атқарыларды. Дүние жүзінде аукциондар ұйымдастырудың бірнеше нысандары қалыптасқан. Айталық, қарпайым аукцион – сұраныс пен ұсыныстың шағын көлемі жағдайында ұйымдастырылады. Мұнда құнды қағаздарды сатушы мен сатып алушылар өздеріне пайдалы ұсыныстарды анықтау үшін ынталы болады.
Ағылшындық аукционда бәсекелестік жағдайда сатып алушы бағаны әдейі арттыра беруге ынталы, сол арқылы ол бастапқы бағаны жоғары деңгейге өзгерте береді.
Голландық аукционда - сату өрісінде ең алдымен ағымдағы баға орнына ең жоғарыбаға аталады. Егер сол баға бойынша алушы болмаса, онда оны біртіндеп кемітуге мәжбүр болады.
Сырттай өткізілетін аукционда сатып алушылар бағалық мөлшерлемені бірмезгілде атайды, кейін саудаласу кезінде құнды қағаздар бір тоқтамға келген баға бойынша сатылады.
Тәжірибеде, қарапайым аукцтонда бәсекені сатушылар, әйтпесе сатып алушылар ұсынады. Бұл шара дамыған қаржы нарқында аса тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан қарапайым аукцион баға бағамының өрісіне қарай қосарландырыла ұйымдастырылатын аукциондық әдіске көшіріледі. Бірақ бұл әдіс нарық жағдайына әрқашан тиімді бола бермейді. Сауда өрісін қалайда ұтымдылыққа қол жеткізу үшін түрліше әдістер қолданылады. Мысалы, нарық жүйесінде бір дүркінді немесе талап етушілік деп аталатын аукцион түрі бар. Бұл әдіс саудада өтімділік төмендеген кезде қолданылады. Сол сияқты үздіксіз ұйымдастырылатын аукцион кезінде ұсыныстар тіркелетін кітаптағы мәліметтер пайдаланылады.
Қор биржасы құнды қағаздармен көтерме сауда жүргізетін буын болғандықтан, Қазақстанда биржаның экономикалық қатынастарда тиімділікті күшейту бағыты ұстанған. Қазір Қазсқатанда құнды қағаздардың қарыздық құнды қағаздар, таратылатын құнды қағаздар, үлесті құнды қағаздар, туынды құнды қағаздар сияқты түрлері бар. Қазсқатанда құнды қағаздар нарқы біртіндеп дамытылуда.
Дүние жүзінде құнды қағаздар акцияларның нарқы жүйесінде бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда осы нарық 1939 ж. құрылғын. Нарықта реттеушілік, бақылаушылық тәртіп нығайтылған. АҚШ-та коммерциялық банктердің құнды қағаздар бойынша сауда жүргізуіне аранай актімен шек қойылған. Өйткені бұрынғы шығарылған, қосымша шығарылған акцийялардың беделі, рөлі бірдей болады.
Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында. XIX ғасыр басында Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен кейінгі дәуірден бері қалыптасқан акционерлік қоғамдардың Англияда ұзақ тарихы бар. Соның өзінде ағылшындардың тек 5 пайызға жуығының ғана акция алады екен. Керісінше, қор сақтық компанияларының, жеке меншікті зейнеткерлік қорлардың, қор басқарушы топтардың үлесінде. Ұлыбританияда акциялар үшін екінші деңгейдегі нарық әрекет етуде. Бұл нарық "Баламалы инвестициялық нарық" (АІМ) деп аталады.
Жапония акциялармен сауда – саттық жөнінде әлемде екінші орында. Мұнда аса ірі биржалар Токио, Осака қалаларына орналасқан. Осы екі биржа арасында бәсекелестік өте-мөте күшті. Жапония құнды қағаздар жөнінде дүние жүзінде ең ірі фирмалары бар ел ретінде мақтана алады. Токио қор биржасының "Екінші секция" деп аталатын екінші деңгейдегі нарық жүйесі бар. Жапония өз акцияларын шетелдерге шығармайды. Сондықтан шетелдік инвесторлар өз акцияларын Жапон сейфтерінде сақтауға келісім жасасады.
Германияда акциялық нарық соңғы жылдары өріс ала бастағанына қарамастан мүмкіндігі әлі шамалы. Неміс инвесторлары акциялардың тәуекелділік сипатынан гөрі, қарыз қағаздарға сенісділігі жоғары.
Ресейде қазіргі кезеңде жекешелендірілген кәсіпорындардың акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.
Әлемнің ірі елдерінде акциялар нарқының ерекшеліктері осындай.
Құнды қағаздар түріндегі инвестиция, бұл қаржылық инвестицияның өзіндік бір түрі. Бұл қосымша ақша табуды көздеген жәй. Ал құнды қағаздар бойынша алынатын кіріс дидвидент (үлес) және бағамдық құнның өсімі арқылы қалыптасады. Осыған қатысты қағаздардың кірістілігі, яғни пайда келтірушілік рөлі де белгілі болады. Құнды қағаздардың кірісін нақты пайымдау үшін нақты мысал келтірейік.
Купонмен шығарылған құнды қағаздар өз иелеріне тиісінше кіріс келтіреді. Ол кіріс құнды қағаздың тіркелген кезіндегі құнының тиісті пайызы түрінде алынады. Мұндай жағдайда кіріс купондар бойынша төленеді. Егер құнды қағаздың купондық мөлшерлемесі белгілі жағдайда, кірісті төмендегіше есептеп шығаруға болады.
Кіріс осы есептеу нәтижесіне орай төленеді.
Әдетте, құнды қағаздар әрқашан купонымен бірге шығарыла бермейді. Егер құнды қағаздар купонсыз шығарылса, олардың бағасы алғашқы таратылуында нақты құнынан төмен деңгейде белгіленеді. Сонан эмитент құнды қағазды бастапқы құны бойынша сатады. Сондықтан құнды қағаздың сатылған бағасы мен алғашқы инвестор сатып алған бағалар арасында айырма қалыптасады. Осы айырма дисконт деп аталады, бұл инвестордың кірісін құрайды.
Акциялар бойынша кіріс дивидент түрінде төленеді.
Тек тиімділіктің әрекет жөнінен айтқанда құнды қағаздар мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жоюға үлкен үлес қосты. Сондықтан да менеджерлер нарықтық экономикада шаруашылық жүргізудің жаңа тұрпатты әдістерін қарқынды дамытып отырған жекешелендірілген кәсіпорындардың қаржы саласындағы, оның тиімділігін арттыру ісіндегі тәжірибелерін зерттеп, менеджменттік практикада сол игілікті шараның кең өріс алуын белсенді түрде ұйымдастырушылары болуға тиіс
Қаржы нарығының делдалдары.
Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?
Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция инстстуттары, сондай – ақ мемлекеттік атқару органдары қор биржасына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды делдалдар мен дилер атқарады.
Делдалдар қанша түрге бөлінеді?
Қаржы нарығындағы делдалдар 2-ге бөлінеді. Брокерлер мен дилерлер.
Брокер –
мәліме жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істеді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланысы бар делдалдық фирмалар жүргізеді.
Дилер –
құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.
Бұған дейін көрсетілгендей, өндірушілер өінің өнімдерін клиенттер типіне және өнімнің түріне байланысты өздері жеткізеді немесе өткізуді ішінара не тұтастай делдал – дистербьюторларға сеніп тапсырады.
Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?
- клиенттер ауқымына және мұқтаждықтарына қатысты әр түрлі
: ауқымды мұқтаждығы бар ірі клиенттер және мұқтаждығы әр түрлі кішігірім, орташа клиенттер ( автокөлігіне жабдықтар өндірушілер: аккумуляторлық батареялар, шамдар, тіркегіштер, тежегіштер, стартерлер) бірінші жинақтау нарығында ірі клиенттермен және жөндеу рыногінде (гараждар, механикалық цехтар, бөлшек сауда) көптеген кішігірім клиенттермен жұмыс істейді;
- айқын жағрапиялық шоғырландырылған саларда:
(қара металлургия) санамағанда клиенттер, жалпы, мемлекет аймағында шашылып жатады және өндірушілер тарапынан тікелей тауар өткізудің шығындары мұндай өткізуге мұрша бермейді;
- өндірістік тауарларды
стандарттауға, олардың көбін қарапайымдылауға беталыс күшейіп келеді. Ал мұндай жағдайда алушыны баға, жеткізудің шапшаңдығы және жеңілдігі, жөндеу мүмкіндігі өте қызықтырады; кейбір тапсырыстардың даралық сипаты және азғантай көлемі, егер оларды делдалдарсыз орындау көзделсе, өндірушіге керемет қымбатқа түскен болар еді;
- өнеркәсіптік сатып алушы көбіне –
көп ілеспе қызметтер тілейді, кей уақыттарда өнеркәсіпте оларды тура саудалық делдалға ұсыну жеңіл болады.
Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?
Көптеген тұтынушылар өздерінің өндірісіне және жөндеуге қажет мыңдаған бөлшектерді, құралдарды т.с.с. өз бетінше табуға және қоймаға жеткізуге әлсіз. Өндірістік бірлестіктер саны шашырынды рынок және әр сипатты рынок құрады, себебі машина жасау, металл өңдеу, химимя салаларында бір түрлілік болмақ емес. Өнеркәсіптегі жабдықтардың күрделі мәселе екеніне сену үшін жүздеген мың, жазбалардағы тауарларға немесе осы тауарлардың өнеркәсіптік тұтынушыларына көз жүгіртсек болғаны. Өнеркәсіпке арналған тауарлардың номенкулатурасын айтарлықтай кеңірек, олардың көздері аса көбірек, ал өнеркәсіптік нарықтың құрылымы, олар көпшілік тұтыну тауарлары нарығында қаншалықты өлшем салса, сонша әр түрлі және шашаырынды.
Делдалдарды қалай басқару болады?
Делдалдар еншілес кәсіпорынның қызметкерлері ме, әлде олар әбден тәуелсіз бе, басқару бұған байланыссыз. Тауар қозғалту каналы дұрыс таңдалды деп жорамалдай отырып, оларды басқарудың мақсаты:
- сауда делдалдарында ( дистрибьютор ) өз фирмасына деген шеттестік сезімін тәрбиелеу;
- олардың лайықты мараппатталуын іске асыру;
- дистрбьюторларды және оларды персоналдарын таңдау және дайындау;
- қызметтеудің стандарттарын анықтау;
- қызметтеудің қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау;
- делдалдардың әрқайсысымен байланыстың тиімді жүйесен қолдау.
Делдалдардың
ниеттестік
сезімін
тәрбиелеу
қалай
жүреді
?
Делдал жағынан оның фирмамен байланысы уақытша деген сезім тууына жол беруге болмайды. Бұл тұста маркетші қоғамдастықпен байланыстар жасау үшін жұмыстар жүргізу принциптерін бетке ұстауы керек. Мәселен, фирманың бөлімдеріне делдалдар мен олардың отбасы адамдары келіп – кетуді оларда аталмыш фирманың мүшесіміз деген сезімді күшейте түседі. Басқа да өздерін жақсы жағынан танытқан және пайдалы әдістер:
- көзге түскендерге бәйгелер, ескерткіш металдар, құрметті белгілер және ақшалай сыйлықтар беру мақсаты – басқаруларды ынталандыру;
- жоғары әкімшілік өкілдерінің және отау компанияның басқарма мүшелерінің дистрбьюторлерімен өз елдерінде кездесулер ұйымдастыруды; ал келушілер болса, әрбір регионның мәдени ерекшеліктері туралы жақсы хабардар етуі керек.
Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?
Делдалдардың қызметіне жалақы төлеу, сыйақы оларды тиімді жұмыс істеуге ынталандыратындай етіп іске асырылуы керек. Әлдебір тауарды өткізу дәстүрге айналған елдерде әдетте сыйақы қалыптасқан және ол табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Тауар жаңа түскен рыноктарда қиышылықтар болып тұрады. Әдетте сыйақы сомасына комиссионалдықтар, өткізуді ынталандыруға бөлістер, сыйлықтар және басқа сомаслар кіреді, бұлар деладалдардың жақсы жұмысын көтермелейді. Сыйақы мөлшерінің максимум және минимум арасында алтын кіндік табу қажет.
Делдалды және олардың штатын оқыту және дайындау. Белгілі қызметкерлер жұмысты тиімді орындайды, бұл нарықта өткізу көлемін өсіреді де молырақ пайда түсіреді. Оқытудың қолайлы бағдарламасы, мейлі оқу орталығында мейлі басқа жерде өтсін дистрибьюторларға және олардың персоналына жұмыстарының тиімділігін көтеруге көмектесумен қатар, олардың ниеттестігінің дамуына да себеп болады. Бұлдан тысқары, осындай курстар қарым – қатынас орны болады да, пікір, әдістері, практика алмасуға мүмкіндік жасайды.
Негізгі терминдер
1.
Брокерлер;
2.
Дилерлер;
3.
Клиенттер;
4.
Дистрибьютор;
5.
Фирма;
6.
Сыйақы;
7.
Ынталандыру;
8.
Делдалдар;
9.
Инвестиция.
Бақылау сұрақтары
1. Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?
2. Делдалдар қанша түрге бөлінеді?
3. Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?
4. Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?
5. Делдалдарды қалай басқару болады?
6. Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?
7. Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?
Қолданылған әдебиеттер
5. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.
6. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
7. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.
8. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.
5. Куликов Л.М. “Основа экономических знаний” М 1998 г.
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, қорлардың брокер-дилердің, ассоциациялары
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.
Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.
Қор биржасысының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.
Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.
“Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы”
ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.
Жоғары ұйымдастырылғанқаржы рыногінің дамыуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылырының-ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады. Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол элименттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктегі әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістік құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендегі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар бағалы рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2. Инвестициялық салымдарды ынталандыру
3. Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы
Қаржы нарығы қалай қалыптасты?
ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.
1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін жариялаған күніне құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының басқа да секторларына қарағанда мүлде болмады. Басқаша болу мүмкін де емес еді, өйткені берілген нарықтың объектілерінің өздері - құнды қағаздар – басымды құқықтарды растайды, өз иелерінің жеке меншік құқығы социалистік шаруашылық кезеңінде жүзеге аса алмады. Сондықтан, сол кезде заңнамалық база, жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар және нарықтың қатысушылары мүлде стандартқа сай болмады, соңғыларының шегі заңнамаға сәйкес брокерлер және қор биржасымен ғана шектелді.
Қысқа мерзімде мемлекетпен құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы үшін өзінің мәні және сапасы жағынан үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру және акционерлеу кезеңі тәуелсіз регистрлардың дамуы мен көптеген акционерлік қоғамдардың құрылуына алғышарт болды.
Осымен қатар, нарықты мемлекет тарапынан реттеу де жетілдірілді – құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша өздігінен қызмет ететін өкілетті орган ретінде құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының 1994 жылы құрылуымен оның дамуы бойынша барлық стратегиялық міндеттер кешенді түрде шешіле бастады.
Нәтижесінде 1997 жылдың аяғына қазақстандық құнды қағаздар нарығында инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау бойынша шаралардың кешенін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне негізделген кеңейтілген заңнамалық база әрекет еткен. Сол кезде өкілетті органның тиянақты жұмысының арқасында құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен орталық депозитарий құрылған болатын, оның құрылуымен базалық институционалдық және техникалық инфрақұрылымның құрылуы аяқталды. Оның негізгі әлемдік талаптарға сай болғандығын ерекше атап өту керек.
2001 жылдың сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың ұлттық комиссиясы “Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы инфрақұрылымының қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар туралы” Үкім дайындады. Бұл Үкім мемлекеттік құнды қағаздар нарығында андеррайтер ретінде қызметті банктермен жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік емес құнды қағаздарды шығаруын және орналастырылуын дайындау бойынша эмитенттерге кеңестік және басқа да қызметтерді көрсетуге шек қоюды қарастырды.
Қаржы нарығының негізгі бағыттары қандай?
Қор нарығының негізгі даму бағыттары болып табылатындар:
- инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;
- акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;
- салық заңнамасын жетілдіру;
- құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.
Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.
1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды.
Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:
- нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
- сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
- елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;
- қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.
Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.
Инвестициялық салымдарды ынталандырудың жолдары қандай?
Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.
Банктер инвестицияларды тарту үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып қор нарығында өзінің қызметін активизациялайды. Мұндай құралдардың бірі болып капиталдың халықаралық нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы табылады. Берілген қаржылық операция бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасайды: біріншіден, шетел валютасындағы заемдар теңгедегі заемдерға тән қарызға қызмет көрсету құны мен жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік береді; екіншіден, банк өз қызметінің аясын кеңейтуге қызығушылық білдіруі керек, халықаралық қаржы институттарымен тікелей өзара қатынасты жүзеге асыруы қажет. Банктің стратегиялық мақсаты – капиталдың халықаралық нарықтарына кез келген кақытта еркін шығуы болып табылады.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктер қаржы нарығының аса дамыған секторы ретінде өзіндік табыстылығын белсенді түрде диверсификациялайды, соның ішінде құнды қағаздар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы қызметтерді, сондай-ақ лизингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдары кіретін қаржы тобының құрылуы жолымен жүргізіледі.
Банктік қызметті реттейтін заң актілерімен консолидацияланған қадағалау режимі анықталған болатын. Осындай қадағалаудың тәжірибелері мен үрдістерін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар болып табылатын қаржы нарығының барлық субъектілерін қадағалау мен реттеу, лицензиялау қызметтерін жүзеге асыратын бөлімдер құрылды.
ҰБ қызметі қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған, экономиканың нақты секторының қаржылық мекемелерін несиелеу механизмдері мен жаңа институттарының дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен тұрғындарды несиелеудебанктердің қатысуының белсендеуінің есебінен ипотекалық несиелендіру белсенді түрде дамуда.
Қаржы нарығы қалай реттелінеді?
Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.
Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.
Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.
Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері табылады.
Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:
- валюталық бағам;
- ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;
- құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;
- валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.
Нарық жағдайында аса үлкен назар реттеудің жанама әдістеріне бөлінеді. Мемлекет шаруашылық процесінің барлық қатысушылары үшін жалпы шарттар мен ережелерді бекітеді.
Макроэкономикалық тепе-теңдік мынадай маңызды экономикалық параметрлерді қарастырады:
o сұраныс және ұсыныс;
o тауарлы және ақша массасын;
o жинақтар мен инвестицияларды;
o инфляция мен жұмыссыздықты;
o еңбек өнімділігі мен оның төлемін;
o қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;
o мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;
o бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;
o төлем балансының активтері мен пассивтерін.
Кейнстік модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі мен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі.
Мультипликатор құбылысы дискрециялық, фискалды саясатты жүргізу кезінде қолданылады. Салықтар табыстардың қысқаруын туындатады, бұл жинақтау мен тұтынудың көлемін төмендетуге әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай әсерді (салықтармен қатар) жинақтар мен импорт тигізеді. Олардың барлығы табыстар-шығындар жүйесінен ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы айырмашылықтарды құра отырып азаяды, бұл инвестициямен, экспортпен және мемлекеттік сатып алулармен толтырылуы мүмкін.
Осылай, кейнстік модель экономиканы реттеудің негізгі факторлары ретінде тауарлар мен қызметтерге сұранысты айқындайды: мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай жасауға әрекет етеді, ресурстардың қамтылу деңгейінің жоғарылауына әсер етеді, мемлекеттік сатып алулардың көлемін кеңейтеді, несие құнын ретейді. Кейнстік шаралар салықтардың төмендеуін, шығындардың жоғарылауын, инвестицияларға жағдай жасауды қарастырады.
Кейнстік теорияға қарағанда монетаризм
экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде ақша айналымы процессі танылады. Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Экономиканың қызмет етуіне мемлекеттік араласуды азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар экономикалық процестердің жанама реттелуінің шешуші факторы ретінде қарастырылады.
Монетаристердің тұрақтаушы бағдарламалары мынларды қамтиды:
- бюджеттік тапшылықтың қысқаруы (салықтарды көбейту, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағалардың жоғарылауы);
- тұтыну сұранысын қысқартуға бағытталған еңбекақының өсімін шектеу;
- банктік пайыз мөлшерлемелерінің көбеюі, Орталық банкте мемлекеттік заемдерға және ақша эмиссиясына шектеулерді енгізу;
- экспортты-импортты операцияларға және бағаларға бақылаудың әлсіздеуі.
ХХ ғасырдың аяғында тұрақты даму - жаңа теориясы қалыптасқан, бұған жаһанды экономикалық және қаржылық процестер жұмылдырылған.
Тұрақты даму теориясында төменгі шаруашылық субъектісінен ұлттық экономикаға дейінгі – тұрақты әрекет ететін себептер анықталған.
Берілген теория келесі қағидаларға негізделеді:
1. эволюциялық қағида, кез келген масштабтағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін сипаттайды;
2. экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру қағидасы өзара әрекет ететін тараптардың қызығушылықтарының балансынсақтауды қарастырады;
3. диверсификация қағидасы, бұл эволюция қағидасының логикалық дамуы мен нақтылануы ретінде болады;
4. өзінің дамуы бойынша экономикалық жүйедегі иерархиялық диференциация қағидасы.
Қолданылған әдебиеттер
1. Банки Казахстана №7-8 – 2000 г.
2. Рынок ценных бумаг Казахстана №4 апрель/2003г.
3. Финансы Казахстана 9-10/2000г.
4. Финансы Казахстана 5/2003г
5. "Финансы" Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы-2001г.
Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Қоғамдық өнімді бастапқы бөлу және қайта бөлу процесі қалай байқалады?
Қаржының өзгеше белгілерін жазып көрсетіңіз
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1.
Төменде көрсетілген функциялардың қайсысы қаржы мағынасын анықтайды:
А) реттеуші;
В) қайта өндіру;
С) ақшалай табыстарды және қорларды пайдалану;
Д) А және В пункттері;
Е) бөлу.
2.
Төмендегі анықтамалардан «қаржы» анықтамасын анықтаңыз:
А) мемлекеттен, шаруашылық субъектілерінен және халықтан жиналған ақша ресурстары;
В) мемлекеттің ақша қаражаттарының мақсатты қоры;
С) мемлекет және шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын ақшалай қатынастар;
Д) құнды бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, ақшалай қатынастар;
Е) қаржы министрі және оның қаржы ресурстарын жеделдететіп басқару.
3.
Қаржы ресурстарының көзі:
А) пайда;
В) өзіндік құн;
С) резервтік капитал;
Д) жарғылық капитал;
Е) дебиторлық қарыз.
4.
Материалдық өндіріс ауқымы қаржысына жататындары:
А) білімге жұмсалатын қаржы;
В) ғылымға жұмсалатын қаржы;
С) ауыл щаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы;
Д) қорғаныс қаржысы;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
5.
Өндірістік емес сфераның қаржысына жататындары
:
А) тұтыну кооперациясының қаржысы
В) байланыс қаржысы;
С) мәдениет және өнер қаржысы;
Д) А және С;
Е) В және С.
6.
Қаржы жүйесі дегеніміз:
А) Қаржы қатынастарының жиынтығы;
В) ақша қаражаттары қорының жиынтығы;
С) қаржылық басқару аппараты;
Д) жоғарыда аталғандардың барлығы;
Е) В және С.
7.
Қаржы саясаты көмегімен шешілетін міндетті анықтау
:
А) Қаржы қатынастарына қатысушылардың барлық қаржы ресурстарына қажеттілігін қанағаттандыру;
В) халық шаруашылығында қаржы ресурстарының мүмкіндігінше мол көлемін құру үшін жағдай туғызу;
С) экономиканы дамыту бағытын орындау үшін қаржы механизмдерін жасау;
Д) В және С;
Е) барлық деңгейдегі бюджет қаражаттарын пайдалануды бақылау.
8.
Төмендегі анықтамалардың қайсысы «қаржы саясаты» түсінігінің мағынасын ашады
:
А) қаржы қатынасына көзқарастар жүйесі
В) мемлекеттік органдардың ықпалымен қаржы жүйесінде болып жатқан процесстердің жиынтығы;
С) өздерінің қызметтерін және міндеттерін іске асыру үшін қаржы төңірегінде мемлекет өткізіп жатқан мақсаты бағыттағы шаралар жиынтығы;
Д) қаржы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау процесінде экономикалық және бақылау жұмысымен айналысушы қаржылық аппарат;
Е) мемлекеттік экономикалық жағдайлардың өзгеруі кезінде қаржыға қатысты саясаткерлардін көзқарастарының өзгеруі.
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1.Қаржының ақшадан айырмашылығы бар
2.Қаржы- ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі
3.Ақша-бұл жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің құралы
4.Ақша болмаған жерде қаржы да болмайды
5.Кезгелегн ақша қатынасы қаржы қатынысы емес
6.Кезгелген қаржы қатынасы ақша қатынасы
7.Қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болада ма ?
8.Қаржыға тепетендік тән
9.Қаржы-қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын
10.Қаржы мен қаржы ресурстары – бара-бар үғымдар емес
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1
2.
3
4
5
6
7
8
9
10
|
Авальшы
Қор арбитражы
Қор биржасы
Солло вексель
Реципиент
Роялти
Бұқалар нарығы
Аюлар нарығы
Бесса
Аллонаж
|
а) Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары курстың жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзінөзі реттейтін бейкоммерциялық ұйым.
б) Жай вексель, төлем төлеуге бір ғана адамның қолы қойылған вексель(әдетте вексельге екі және одан да көп адамның қолы қойылады)
в) Бағалы қағаздардың бағамын немесе тауарлар бағасының төмендетуді мақсат етіп қойған биржалық алып сатарлар.
г) Жер қойнауларын пайдалану құқығы . Патенттерді , сызбаларды, үлгілерді тауар белгілерін пайдалану құқығы
д) Бағаны өсу тенденциясы әрекет ететін рынок
е) Бағаны төмендеуі тенденциясы әрекет ететін рынок
ж) Вексельге тіркелетін қосымша парақ: оған кепіргерлік кепілдеме жазба аваль жазылады.
З) Биржадағы алып сатарлық операция; оның мәнісі бағаны айырма түрінде сатып алып, бір мезгілден кейін басқа рынокта сатуда
И) Әлдебір төлем немесе табыс алатын жеке адам заңи ұйым немесе мемлекет.
К) Вексель бойынша міндетті қайсы біреулердің міндеттемелерін орындау үшін өзіне жауапкершілік алған адам
|
5.Қаржы жұйесінің қүрылымдық сызбасын көрсетіңіз
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Қаржы нарығының анықтамасын, оның мамұныңың ашып көрсетіңіз
2.
Тест сұрақтары
на жауап беріңіз
1.
Қаржы нарығы:
А) Сауда- саттық жұмысымен халықаралық деңгейдегі түрліше қызмет көрсетуге байланысты істермен айналысатын өзіндік жүйе;
В) елдер арасында капитал алмасумен айналысатын өзіндк жүйе;
С) шет елдік валюталарды, құнды қағаздарды сатып алумен тығыз байланысты атқаратын өзіндік жүйе;
Д) барлық жауабы дұрыс;
Е) барлық жауабы дұрыс емес.
2.
Қаржымен басқару әдістеріне қатысты нақты факторларды атаңыз:
А) есеп айырысу жүйесі мен оның нысандары;
В) несие беру және оның түрлері;
С) депозиттер мен салымдар;
Д) валюталық қызметтер;
Е) барлыө\қ жауабы дұрыс.
3.
Депозит дегеніміз не?
А) ақша қаражатын банкте сақтауға беру шарасы;
В) құнды қағаздарды банкте сақтауға беру шарасы;
С) А және В;
Д) құнды қағаздарды сату;
Е) барлық жауабы дұрыс емес.
4.
Хеджирлеу дегеніміз не?
А) Валюталық тәуекелді сақтандыру әдісі;
В) жылжымайтын мүлікті сақтандыру;
С) мүлікті сақтандыру әдісі;
Д) В және С;
Е) А және В
5.
Лизингтік операциялардың трлері:
А) жедел;
В) қаржылық
С) мерзімдік;
Д) А және В;
Е) барлық жауабы дұрыс емес.
6.
Трастинг дегеніміз:
А) құнды қағаздарды сатып алу
В) азаматтардан ақша жинау, сол арқылы серіктестік құру;
С) құнды қағаздарды сату арқылы кіріс;
Д) А және С;
Е) Барлық жауабы дұрыс емес.
7.
Фрэнчайзинг атқаратын қызметті түріне қарай;
А) іскерлік жүйе болып келеді;
В) тауарлық жүйе болып келеді;
С) іскерлік жіне тауарлық жүйе болып келеді;
Д) төлемдік жүйе болып келеді;
Е) барлық жауабы дұрыс емес.
8
.Фрэнчайзинг атқаратын қызметі түріне қарай:
А) іскерлік жүйе болып келеді;
В) тауарлық жүйе болып келеді;
С) іскерлік және тауарлық жүйе болып келеді;
Д) төлемдік жүйе болып келеді;
Е) барлық жауабы дұрыс емес
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1.Қаржы нарығының объектісі ақшалай қорлар
2.Қаржы нарығының объектісі ақша және бағалы қағаздар
3.Ақша нарығында тек ғана қолма-қол ақшалар қозғалыста болады
4.Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді
5. Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету
6. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығымен туынды бағалы қағаздар нарығын қамтиді
7.Бағалы қағаздар мұліктік құқықты немесе қарыздарды, міндеттемелерді растайтын ақшалай құжаттар
8.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991ж. бастап қалыптаса бастады
9.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1990ж. бастап қалыптаса бастады
10.Ақша нарығы мен капитал нарығы бара-бар түсініктер
4.
Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
Қаржы лизингі
Факторинг
Форвардтық мәміле
Свитч
Ақ піл
Рестрикция,
шектелім
Репорт
Рефинанстау
(қайта қаржыландыру)
Қаржы Спрэд
Фиксинг
|
а)Нақты тауарды келешекте белгіленген мерзімді жеткізуді көздейтін мәміле. Белгілі мерзімнен кейін мәміле жасасылған сәтте тіркелген бағам бойынша (форворд бағамы төленеді)
б)Мерзімдік мәміленің бір түрі оның мәні бағалы қағаздардың немесе шетел валюталарының иесі оларды кейін мерзім өткен соң жоғарғы бағамен сатып алуға міндеттеніп банкке салады.
В) Қолдағы міндеттемелерді өтеу үшін жаңа көзден алынған қаражатты пайдалану. Экономикалық әдебиеттен бұл термин мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру мәнінде де қолданылады.
Г) Сауда комиссиялық операцияның бір түрі; аларманның дебиторлық берешегін инкассалауды , несиелендіруді және кредит пен валютаға төнген қауіп қатерден сақтау кепілдеме беруді қамтиды.
Д) Жеткізу мерзімі бір айдан екінші айға ауыстыру келісімшартты жою.
Е) Бағаны өсіру үшін өндірушінің өндірісті сатудан және экспортты шектеу.Орталық банк тарапынан коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру көлемін шектеу.
Ж) Түрлі мерзімде жеткізілетін фьючерсті келісім шарттарды бір мезгілде сатып алу және сату.
З) Биржа жаргонын : шығыны пайдадан басым болатын мәміле тауарды( бағалы қағазды) жедел өткізу қажет болғанда қолданылады.
И) Жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның үлкен бөлігін , сондай ақ жалға берушінің пайдасын өтейтін соманы өзінің жұмыс істеу кезеңі бойынша төлеуді көздейтін келісім.
К) Баға белгілеу тәртібі , ол әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды дәйектілікпен салыстыру арқылы валюталардың банкаралық бағамын анықтап , тіркеуден тұрады.
|
5.Қаржы нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 3 . Капитал нарығы
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Капитал нарығының қажеттілігі неде?
Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы қандай?
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1.Акция келесі түрлерге бөлінеді:
А) проценттік
В) артықшылығы бар
С) ұтысты
Д) купонды
Е) дұрыс жауабы жоқ
1.
Облигация түрлерін көрсет:
А) қысқа мерзімді
В) регрестік
С) проценттік ұтыс
Д) А және В
Е) В және С
2.
Листинг қандай мағынада білдіріледі:
А) құнды қағаздарды сатудан босату
В) құнды қағаздардың саудаға жіберілуі
С) сауда агенттігінің арасында құнды қағазды тарату
Д) жаңа құнды қағаздардың шығарылуы
Е) нарықты коньюктураны қалыптастыру.
3.
Портфельді инвестиция дегеніміз:
А) басқа елдің экономикасына салынған қор
В) құнды қағаздар салу
С) қаражаттарды жылжымайтын мүлікке салу
Д) капиталды құрылысқа ақша қаражатын салу
Е) алтын нарығындағы операциялар
4.
Банк сертификаттарын кім шығарды:
А) акционерлік қоғам
В) кәсіпорын
С) қаржы министрі
Д) банкттер
Е) бар жауабы дұрыс
5.
Құнды қағаз эмиссиясының іске асуы:
А) акционерлік қоғамдарды жекешелендіру және оның қатысушыларының арасында акцияларды тарату
В) бастапқы жарғылық капиталдық көлемі ұлғайғанда
С) заңды тұлғалар мен жергілікті басқару ұйымына мемлекеттік қарыздың өсуі
Д) барлық жауабы дұрыс
Е) А және С.
6.
Құнды қағаздар топтары қалай аталады:
А) негізгі және туынды;
В) негізгі;
С) туынды;
Д) жалпы
Е) А, Д.
7.
Туынды топқа жататын құнды қағаздар:
А) опцион, фьючерс
В) акия, опцион;
С) опцион , весель
Д) фьючерс, весель
Е) фьючерс, акция
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1.Қазынашылық вексель капитал нарығының қаржы құралы
2. Банктік депозиттік сертификат капитал нарығының қаржы құралы
3. Банктік акцептер капитал нарығының қаржы құралы
4. Ұұзақ мерзімді құнды қағаздары капитал нарығының қаржы құралы
5. Мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
6. Банктердің коммерциялық несиелері;
7.Ұзақ мерзімдік тұрғын үй несиелері;
8. Тұтынушылық займдар;
9.Ұзақ мерзімдік несиелер және тұтыну несиелері.1
10 Вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы ол-аваль
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
Эмбарго
Цедент
Хедж
Франшиза
Франчайзинг
Секвестр
Валюта бағамы
Аннуитет
Рентинг
Экспансия
|
А) Бағалық ықтимал құлдырауынан сақтандыру үшін жасалған мерзімдік мәміле.
Б) Басқа елдермен фирмаларды ығыстыру, рыноктарды басып алу.
В) Технологияны , лицензияны, ноу хауды иемденетін ірі фирманың өзінің серіктесіне көмек көрсету және ақыл кеңес беру жөніндегі қызметі.
Г) Даулы мүлікті дау шешілгенше үшінші тарапқа уақытша табыстау. Жекелеген баптардың немесе бүкіл бюджеттің атқарылуын шектеу.
Д) Дүркін дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента, немесе табыс). Сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдерді шамасын көрсетеді.
Е) Мемлекеттік биліктің валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге тыйым салуы.
Ж) Машиналар мен жабдықтарды қысқа мерзімге жалға алуы.
З) Бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшеміне сәйкестірген жағдай.
И) Өзінің талап ету құқығын басқа адамға беруші несиегер.
К) Сақтандыру шартының сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалдарды төлеуге босатуды көздейтін талабы.
|
5. Капитал нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 4. Ақша нарығы нарығы
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Ақша нарығының қажеттілігі неде?
Ақша нарығының қаржылық құралдары қандай?
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1. Банк қозғалмайтын мүлікті кепілдікке алып, несиеге берілетін ақшалы қаражат:
А) тұтыну несиесі
Ә) ипотекалық несие
Б) банктік несие
В) коммерциялық несие
2. Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың қанша түрі бар?
А) 3
Ә) 1
Б) 4
В) 2
3. Ақша нарығы – бұл:
А) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.
Ә) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.
Б) қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.
В) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.
4. 12 айға дейінгі мерзімге берілетін несие түрі:
А) ұзақ мерзімді несие
Ә) орта мерзімді несие
Б) қысқа мерзімді несие
В) дұрыс жауабы жоқ
5. Ақша нарығының инструментіне жатпайтынын көрсетіңіз.
А) мемлекеттік облигация
Ә) ұлттық валюта
Б) коммерциялық қағаздар
В) вексель
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1. Ақша нарығының басты экономикалық функциясы – ақшаны эмиссиялау ма?
2. Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады ма?
3Несие өтеу қабілеті – кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есепке алу қабілеті.
4Капитал нарығын қаржы нарығына жатқыза аламыз ба?
5Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дайінгі мерзім аралығын құрайды.
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
Форфетирлеу
Тантьема
Сконто шегерімі
Спот
Фьючерстік
келісім шарт
Форвард
Қаржы Фьючерсі
Своп
Трейдер
Опцион
|
А) Ақысы дереу төленетін нақты тауар (валюта , бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле.
Б) Келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім, мұнда тауардың сапасы, талаптары, төлем талаптары, жағдайлары қарастырылады. Келісім шарт сауда тақырыбы болып табылады.
В) Шұғыл (жылдам) жеткізілім шартымен( спот мәмілесі) қайсы бір активті сатып алу( сату) жөніндегі мәміле , бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады.
Г) Акционерлік қоғамдардың , банктердің сақтандыру компанияларының басшылары үшін пайдадан төленетін пайыз түрінде белгілейтін қосымша сыйақы.
Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сату үшін айналымсыз сату арқылы экспотты несиелендіру.
Е) Келешекте қайсы бір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға таңдау құқығы. Сатушы немесе сатып алушы өз құқығын актив құнының өзгеруіне байланысты шешеді.
Ж) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форвард мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының серпініне қарай белгіленеді.
З) Қолма-қол ақшалай төлегені үшін немесе төлемдерді мерзімінен бұрын төлегені үшін берілетін баға шегерімі. Құнның 3-5 пайызын құрайды.
И) Делдалдық фирманың бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі тапсырыстарды тікелей орындайтын қызметкері.
К) Шын мәнінде кредитті сату болып табылатын биржалық келісімдері. Келісім шартта алу-сату сипаттамасы қатаң тірелген. Сатып алушы фьючерсті кейіннен қайта сату құқын алады.
|
Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
Терминдер
|
Анықтамалар
|
1. Ақша нарығы
2. Тұтыну несиесі
3. Бағалы қағазды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы)
4.Депозиттік сертификат
5. Банктік несие
6. Коммерциялық несие
7. Евровалюта
|
А) Қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.
Ә) Сатушылардың сатылған тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар формасында беретін несие.
Б) Ақшалай қаражат салымы туралы эмитент-банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез-келген мекемесінен алу құқысын куәландырады.
В) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.
Г) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.
Д) халықтың тұтыну мұқтаждықтарын куәландыру құралы ретінде пайдаланылады. Бұл несиеде жеке адамдар қарыз алушылар болып табылады, ал несие мекемелері, кәсіпорындар мен ұйымдар несие беруші болып табылады. Халықтың төлем қабілеті бар сұранымын ынталандыру.
Е) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.
|
. 5. Ақша нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 5. Алтын нарығы
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Алтын нарығының қажеттілігі неде?
Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1.
Алтынның маңызы:
А) алтын қымбат бағалы металл
В) ұзақ кезең бойы пайдаланылады
С) ақша тауар ретінде қолданылады
Д) барлық жауабы дұрыс емес
Е) барлығы дұрыс
2. Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қай жылы қалыптасты
:
А) 1816 ж.
В) 1815 ж.
С) 1817 ж.
Д) 1820 ж.
Е) 1819 ж.
3.
Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қандай елде қалыптасты:
А) Америкада
В) Ұлыбританияда
С) Қытайда
Д) Грецияда
Е) Египетте
4. Қазақстандағы алтын кеніштері орналасқан аумақтарды атаңыз
:
А) Ақбақай, Бестөбе
В) Жолымбет, Большевик
С) Бақыршық
Д) Васильковское, Суздальское
Е) барлығы дұрыс
5.
Алтын аса көп мөлшерде қандай жерлерде өндіріледі:
А) Калифорнияда
В) Аляскада
С) Қытайда
Д) А және В
Е) А және С
6.
Алтын нарқының түрлері
А) дүние- жүзілік
В) елдің өз ішінде еркін түрде жүргізілетін алтын нарқы
С) жергілілікті жерде бақылауға алынған нарық
Д) қара нарық
Е) барлығы дұрыс
7.
Нарықтық қатынастарда алтынға байланысты форв
а
рдттық жұмыстардың түрлері
А) Хеджирование әдісі
В) алып- сатарлық мақсаттағы жедел келісім жасау әдісі
С) арбитраждық
Д) барлық жауабы дұрыс емес
Е) барлығы дұрыс
8.
Своп
операциясы
А) алтын сатуды көздейді
В) алтынды сатып алуды көздейді
С) А және В
Д) қолдағы алтынды сату мен келісім- шартқа байланысты алтын сату шаралары өзара ұштастыруды көздейді
Е) барлығы дұрыс
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
Алтын стандарты тұңғыш peт Ұлыбританияда қолданылды
Алтын ақшаға әр уақыттаа емін-еркін айырбасталатынды
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
Авизо
Несие
Трансферттер
Тезаврация
Стагфляция
Бонус
Несие капиталы
Хайринг
Стагнация
Боналар
|
а) Пайыз түрінде ақы төлем қайтару шартымен берілетін ақша капиталы .
б) Жеке адамдардың алтынды құймалар, теңгелер нысанында, сондай-ақ зергерлік бұйымдар түрінде жинауы.
В) Өндірістегі, саудадағы және басқа нышандарындағы тоқырау
Г) Өзара есеп айырысудың жай күніндегі өзгерістер туралы немесе ақша аудару , тауар жіберу туралы бір контрагенттің басқа контрагентке жолдайтын хабарламасы.
Д) Қарыз шартына қатысушы біреулердің басқа бір қатысушыларға қайтару және әдеттегідей , көрсетілген мезгілде пайыз төлеу шартымен материалдық құндылықтар немесе ақша беру.
Е) Шетел валютасын бір елден екінші елге аудару, екі немесе бірнеше елдің валюталарын аудару жөніндегі операциялар.
Ж) Ұсақ құнды , майда ақша ретінде айналысқа уақытша жіберілетін қағаз ақша белгілері . Қолданыстан шығып қалған , коллекцияға айналған ақша.
З) Машиналар мен жабдықты орташа мерзімдік жалға алу.
И) Қосымша сыйақы, жекелеген келісім шарттарына сәйкес сатушы беретін қосымша шегерім.
К) Өндірістің құлдырауының инфляциямен ұштасуы жағдайындағы тоқыраумен сипатталатын ел экономикасының жай-күйі.
|
. 5. Алтын нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 5.
Валюталық нарықтар
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Валюталық нарықтың қажеттілігі неде?
Валюталық қатынастарды реттеу неге қажет?
2.
Тест сұрақтары
на жауап беріңіз
1.
Валюталық нарық дегеніміз не?
А) валютаға деген сұраныс
В) валютаны сату жөніндегі ресми орталық
С) валютаны сатып- алу жөніндегі ресми орталық
Д) В және С
Е) барлық жауабы дұрыс.
2.
Валюталық нарық түрлерін атаңыз
А) дүниежүзілік, аймақтық
В) аймақтық, ұлттық
С) дүниежүзілік, ұлттық
Д) аймақтық
Е) С және Д.
3.
Шетелдік валютаны ұлттық валютаға қатысты бағалаудың қандай әдісі бар?
А) тікелей, жанама
В) тура жанама
С) жанама
Д) тура
Е) барлық жауабы дұрыс емес.
4. Тікелей бағалау әдісі бойынша
А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады
С) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
Д) А және В
Е) В және С
5.
Жанама бағалау әдісі бойынша
А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады
С) ұлттық валюта шетелд3к валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
Д) А және В
Е) В және С
6.
Валюталық нарыққа байланысты қызмет түрлерінде үлкен роль атқаратын
А) дилерлер
В) брокерлер
С) менеджерлер
Д) А және С
Е) В және С
7.
Банкаралық нарық түрлері
А) тікелей банкаралық нарық
В) жанама банкаралық нарық
С) тура банкаралық нарық
Д) брокерлік банкаралық нарық
Е) А және Д
8.
Валюталық нарықта банктің позициясының түрлері:
А) ашық позиция;
В) жабық позиция;
С) қысқа мерзімді
Д) ұзақ мерзімді
Е) барлық жауабы дұрыс.
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
Тақырып 4
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Валюта қашан пайда болды?
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.
Валюталық жүйенің типтері қандай?
Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.
Ұлттық валюталық жүйе –
елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе –
дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Аймақтық валютадық жүйе –
валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардағы қолданып жүрген негізгі түсініктемелер.
Валюталық реттеу
– заңмен қарастырылған, валюта заңдылығының сақталуын бақылау мен санкция қолдану, ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Валюта
– мемлекеттің заңды құралы ретінде пайдаланатын ақша бірлігі.
Ұлттық валюта
– ҚР валютасы
Шетел валютасы
– шет мемлекеттердің валютасы
Резиденттер
– ҚР азаматы
Бейрезиденттер
– шетел азаматтары
Ваюталық құндылықтар
– шетел валютасы;
- құймадағы аффинирленген алтын;
- бағалы қағаздар, төлем құралдары /номиналы мен құны шетел валютасында көрсетілген /
валютлық операциялар
– меншік құқының валюта құндылықтарына көшу операциялары және төлем құралы ретіндегі шетел валютасының қолдану операциялары;
- меншік құқының және басқа да құқықтардың валюта бағамына көшуіне байланысты келісім – шарт;
- меншік құқығы мен басқа құқықтардың ұлттық валютаға ауысуымен байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің келісім шарты. Сонымен қатар бағалы қағаздар мен төлем құралдардың ұлттық валютада номиналымен құны көрсетіледі.
Валюталық оперциялар – ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымды операциялар
– экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен аспайтын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;
- 180 күннен аспайтын несиені алу мен жеткізу;
- дивидендті алу мен аудару, депозиттерден, инвестициядан, ссудалық және басқа да операциядан түсетін кірістер мен сыйақылар;
- сауда – саттыққа арналмаған гранттар аударылуы,мұрагерлік сомасының аударылуы, еңбек ақы, зейнетақы, алимент т.с.с.
- капитал қозғалысымн байланысты, қазіргі заңға қатысы жоқ операциялардың барлық түрі;
- капитал қозғалысымен байланысты операциялар;
- инвестициялар;
- мүліктік құқық пен төлем ақыны қозғалмайтын мүлікке аудару;
- 180 күннен асатын несиені алу мен жеткізу;
- экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен асатын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;
Уәкілетті банктер
– валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар банк. Валюталық операцияларды жүргізу үшін – ҚР Ұб /нен лицензия алып, талаптарын орындау керек.
Уәкілтті мекемелер
– валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, ҚР Ұб талаптарына сай келетін банктік операциялардың ерекше түрін іске асыратын – заңды тұлға.
Айырбас пункттері
– ҚР Ұб лицензиясы бар, қолма – қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізетін арнайы жабдықталған орын.
Ашық ваюталық позиция
– шетел валютасындағы банктердің міндеттемелері мен сұраныстары арасындағы айырмашылық
Валюталық реттеу органдары:
1. ҚР-дағы валюталық реттеудің негізгі органы – ҚР Ұб болып табылады, яғни ол ҚР талаптарына сәйкес ваюталық қызметін атқарады.
2. ҚР Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар ҚР талабына сай валюталық реттеуді өзінің жасырындылығымен шектеу түрінде заңға лайықты етіп іске асырады.
Валюталық операциялрды жүргізуді шектеу / шек қою /
1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және кездейсоқ жағдайлар туындағанда ҚР Президенті кез – келген валюталық операцияларды тоқтатуға және шектеуге шешім шығаруға толық құқылы.
2. ҚР Ұб экспортты валюта пайдасының міндетті сатылу тәртібі және резиденттердің валюталық төлем экспортты операциясын тоқтатуға құқылы.
Есептер жинағы.
Білімгерлерге қаржы нарығы туралы тапсырмалары.
1-тапсырма
.
Берілгені:
Банк қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.
Шарты:
Несие мерзімі – 3жыл.
Несие пайызы – 20%.
Ссуда сомасы – 10 млн тг
Пайыздары жай..
Есептеу керек:
3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңдар.
2-тапсырма.
Берілгені:
10 млн теңге мөлшеріндегі несие наурыздың 2-нен желтоқсанның 11-не дейін жылдық 85%-бен несие берілді.
Шарты:
Несие сомасы – 10млн тг.
Жылдық пайызы – 85%.
Есептеу керек:
Түрлі нұсқалар үшін өскен сома мөлшерін анықтаңдар:
а) ссуданың нақты күнімен нақты пайыздар жағдайында;
ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар жағдайында;
б) ссуданың жақындаған күндер сомасымен қарапайым пайыздар жағдайында.
3-тапсырма.
Берілгені:
20 млн теңге мөлшеріндегі несие 3,5 жылға беріліп отыр. 1 жылға жай пайыз мөлшерлемесі 90%, ал әрбір жарты жылдықта ол 5%-ға азаяды.
Есептеу керек:
Көбейген соманы анықтаңдар.
4-тапсырма.
Берілгені:
Фирмаға жылдық 120% пайыз мөлшерлемесімен жай пайыздарға қаңтардың 3-нен наурыздың 12-не дейінгі мерзіммен банктік несие берілді. Несие сомасы- 80 млн теңге.
Шарты:
Пайызы – 120%.
Несие сомасы – 80млн тг.
Есептеу керек:
Үш тәсіл бойынша көбейту коэффицентін және көбейген соманы анықтаңдар:
а) ссуданың нақты күндер санымен нақты пайыздар;
ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар;
б) ссуданың жақындатылған күндер санымен қарапайым пайыздар.
5-тапсырма.
Берілгені:
Жинақ банкі 48 пайыз мөлшерлемесімен ²талап еткенге дейін² салымдар қабылдайды. Пайыздары жай. Бір жылда- 365 күн.
Шарты:
Салым пайызы – 48%.
Салым сомасы – 4,5 млн тг.
Есептеу керек:
Қанша күннен кейін 4,5 млн теңгелік салым 5 млн теңгеге дейін жетеді.
6-тапсырма.
Берілгені:
Егер жылдық 80% жай пайыз мөлшерлемесі қолданылған жағдайда 25 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал 40 млн теңгеге дейін өсетін есептеу кезеңін анықтаңдар.
7-тапсырма.
Берілгені:
Клиент көбейген сома 10 млн теңгеден кем болмау мақсатымен 3 айға 8 млн теңге сомасында банкке ақша салуды қалайды.
Есептеу керек:
Жылдық пайыздық мөлшерлеме қандай болуы керек!
8-тапсырма.
Берілгені:
24 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал жарты жылдан кейін 30 млн теңгеге жететін жай пайыздық мөлшерлемені анықта.
9-тапсырма.
Берілгені:
Кәсіпорынның банкпен келісіміалғашқы жылы кәсіпорынның жылдық 20%-ның төленуін қарастырады. Әрбір жарты жыл сайын 1 пайыздық пункте , яғни 1%-ға жоғарылайды. Келісім мерзімі 2,5 жыл. Несин сомасы 5 млн теңге.
Есептеу керек:
Пайыздары ссуданың жақындатылған мерзімімен қарапайым. 2,5 жылдан кейін қарызды қайтару сомасын анықтаңдар.
10-тапсырма.
Кәсіпкер 55 күн мерзімімен 200 мың теңге көлеміндегі ссуда алу үшін банкпен хабарласты. Банк 80%-ға тең жай есептік мөлшерлеме бойынша пайыздарды көбейту шартымен көрсетілген соманы беруге келісті. Бұл жағдайда қарыздың қандай сомасы вексельде көрсетілген болады.
11-тапсырма.
Берілгені:
Егер 10 млн теңгедегі сома жарты жылға ссудаға берілсе.
Есептеу керек:
8 млн теңгенің алынуын қамтамасыз ететін жай есептік мөлшерлемені есептеңдер.
12- тапсырма.
Берілгені:
40 млн теңге көлеміндегі несие жылдық 35% есептік мөлшерлеме бойынша беріледі. Егер заемшы 35 млн теңгені алуды қаласа.
Есептеу керек
: несие ұсынылатын мерзімді анықтаңдар.
13-тапсырма
.
Берілгені:
Несие 250 күнге жылдық 80% жай мөлшерлемесіне беріледі. Егер 40 млн теңге қайтару талап етілсе, онда заемшымен алынатын соманы есептеңдер.
Шарты:
Пайызы – 80%.
Несие сомасы – 40 млн тг.
14-тапсырма.
Берілгені:
Айналу кезеңі 105 күн және номиналы 100 мың теңге болатын вексель иесі төлем мерзімімен 15 күн бұрын оны 20% жай есептік мөлшкрлемемен есептейді. Векселі иесімен алынған сома құрайды.
Шарты:
Вексель номиналы – 100000 тг.
Айналу күні - 105 күн
Есептеу керек:
вексель иесімен алынған соманы.
15-тапсырма.
Берілгені:
Салымшы 5 жылға жылдық 50%- бен банкке 2 мың теңге салды. Пайыздары күрделі.
Шарты:
Салым мерзімі – 5 жыл.
Пайызы – 50%.
Салым көлемі – 2 мың тг.
Есептеу керек:
Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша!
16-тапсырма.
Берілгені:
Банк 30% номиналдық мөлшерлеме бойынша ²талап еткенге дейін² жеке тұлғалардың валюталық салымдарын қабылдайды. Клиент 2000$ салды. Есептеу керек:
Салым мерзімі 12 ай кезінде көбейту коэффиценті мен көбейтілген соманы анықтаңдар. Пайыздары және есептеледі: а) жылына 1 рет; ә) жарты жыл бойынша; б) тоқсан сайын; в) ай сайын.
17-тапсырма
.
Берілгені:
Клиент банкке 10 млн теңгеде депозит салды. Банк тоқсан сайынғы есептеулерді жүргізеді. Депозит мерзімі 3 жыл. 60% жылдық мөлшерлеме кезіндегі тоқсандық мөлшерлеме 15%.
Шарты:
Салым сомасы – 10млн тг.
Депозит мерзімі – 3 жыл.
Есептеу керек:
Күрделі пайыздар кезіндегі көбейтілген құнды анықтаңдар.
18-тапсырма.
Берілгені:
Депозиттің алғашқы сомасы 100 мың тенге. Мөлшерлемесі жылдық 30%. Бірқатар кезеңдерге қарапайым және күрделі пайыздар бойынша көбейген құнды анықтаңдар. Нәтижесін кестеде келтіру.
Пайыздар
|
180 күн
|
1 жыл
|
2 жыл
|
5 жыл
|
10 жыл
|
Қарапайым
Күрделі
|
|
|
|
|
|
Есептерді жинақтап қортынды жасаңдар.
Шарты:
Салым сомасы – 100мың тг.
Пайызы – 30%.
19- тапсырма.
Берілгені:
Егер заемдағы 1,5 жыл өтеу мерзімімен 500 мың тенге несие берілсе , ал пайыздық көбеюі 20%күрделі жылдық есептік мөлшерлемемен жүргізілсе , онда вексельге қандай соманы белгілеу керек?
Шарты:
Несие сомасы – 500 мың тг.
Пайызы – 20%.
20- тапсырма.
Берілгені:
Егер заемшыға 1,5 жыл өтеу мерзімінен 500 мың теңге несие берілсе, онда вексельге қандай соманы белгілеу керек? Базалық есептік мөлшерлеме бойынша салынған сомаға есептеулер жүргізіледі .
Шарты:
Мерзімі – 1,5жыл.
Несие көлемі – 500 мың тг.
21- тапсырма.
Берілгені:
Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алуы керек болса, банктік депозиттің көлемін анықтаңдар. Банк жылдық 20% күрделі мөлшерлеме бойынша салынғкн сомаға есептеулер жүргізіледі
.
22- тапсырма.
Берілгені:
Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алу керек болса, онда банктік депозит көлемін анықтаңдар. Банк жылдық20% күрделі мөлшерлеме бойынша есептеулер жүргізеді, пайыздық есептелуі тоқсан сайын жүргізіледі.
23- тапсырма.
Берілгені:
Айналу кезеңі 105 жыл номиналы 200 мың теңге болатын вексель иесі оны есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлеме боынша вексель есебін жүргізеді.
Шарты:
Вексель номиналы – 200мың тг
Пайызы – 12%.
Есептеу керек:
Вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар .
24- тапсырма.
Берілгені:
Айналу кезеңі 1,5 жыл номиналы 200мың теңге болатын вексель иесі оны банкке есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлемені қолдана отырып, есепке келісті. Оны мөлшерлеме бқйынша дисконттау тоқсан сайын жүргізеді.
Есептеу керек:
Банк табысын және вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар?
25- тапсырма.
Берілгені:
Фирма банкпен инфляция есебінсіз жай пайыздардың 40% мөлшерлемесіне 1 жылға 60 мың теңгедегі несие туралы келісті. Инфляцияның күтіліп отырған жылдық деңгейі 36%.
Есептеу керек:
Инфляция есебімен көбейген соманы анықтаңдар?
26- тапсырма.
Берілгені:
Коммерциялық банк жылдық24% табысты уәде ете отырып, 90 күн мерзімімен депозитке тұрғындардың салымдарын қабылдайды. Инфляцияның жылдық деңгейі 48% ,К= 365 күн .
Есептеу керек:
Көбею коэфиценттік инфляция есебімен банктік пайыздық мөлшерлемесін анықтаңдар ?
27- тапсырма.
Берілгені:
Кәсіпорын жылдық 20% мөлшерлемемен 2 айға 30 млн теңгедегі несие алуды көздеп отыр . Инфляцияның жылдық деңгейі - 36%.. Жылдық күндер саны 360 деп қабылдаңдар.
Есептеу керек:
Несие құнын инфляция есебінен жылдық есептік мөлшерлемесі н анықтаңдар.
28- тапсырма.
Берілгені:
50 млн теңгедегі несие 2 жылға беріледі Операцияның нақты табыстылығы ссудалық пайыздық күрделі мөлшерлемесі бойынша жылдық 10% құрауы керек.
Шарты:
Несие сомасы – 50млн тг.
Несие мерзімі – 2 жыл.
Есептеу керек:
Көбейген сома мен инфляцияны ескеретін пайыздық күрделі мөлшерлемесін және көбеюдің көбейткішін анықтаңдар?
Есептердің жауаптары
1-тапсырма. 16 млн, 6 млн
2- тапсырма. а›16595628,4 б›16705555,6 в›16611111
3- тапсырма. 75 млн тенге
4- тапсырма. а›- Кn=1,223562 б) Кn =1,226665 в) Кn=1,23
а) Sı= 97,885 б)S2= 98,133 в)S3 =98,400
5- тапсырма. 85 күн
6- тапсырма. 0,75 жыл немесе 270 күн
7- тапсырма. 100% төмен емес
8- тапсырма. 50%
9- тапсырма. 7,65 млн тенге
10- тапсырма. 227,79 мың тенге
11- тапсырма. 40%
12- тапсырма. 0,36 жыл немесе 130 күн
13- тапсырма. 25840708 тенге
14- тапсырма. 99,17 мың тенге
15- тапсырма. 15,1875мың тенге
16- тапсырма. а) Кн = 1,3 Sı= 2600, б) Кн = 1,3225 S2= 2645,
в) Кн= 1,3355 S3 = 2671, г) Кн = 1,3449 S4 = 2690
17- тапсырма. 53,502 млн тенге
18- тапсырма.
проценттер
|
180 күн
|
1 жыл
|
2 жыл
|
5 жыл
|
10 жыл
|
Жәй
Күрделі
|
115
114,02
|
130
130
|
160
169
|
250
285,6
|
400
482,7
|
Қорытындылай келе:
1. Бір жылға дейінгі кезеңдегі жай пайыздар несие алушыға тиімді болады.
2. Бір жыл кезеңінде қолданылған жай және күрделі пайыздар тең нәтижеге әкеледі.
3. бір жылдан асқан кезеңдегі күрделі пайыздар сома өсімінің интенсивтілігіне әкеледі және банкке де, несие алушыға да тиімді болады.
19- тапсырма . 698,8 мың тенге
20- тапсырма. 680, 19 мың тенге
21- тапсырма. 323011 тенге
22- тапсырма. 284091 тенге
23- тапсырма. 165 мың тенге
24- тапсырма. 166 мың тенге
25- тапсырма. 114,24 млн тенге
26- тапсырма. 0,7484 Кн = 1,18458
27- тапсырма. 0, 5283; 32, 897 млн тенге
28- тапсырма. Ιн = (1+0,6)² = 2,56
Кн.е =(1+0,1)²· 2,56 = 3,1
Ιr = (1+0,1)²√2,56 – 1 =0,75=76%
S = 50 (1+0,76)² = 154,88 млн тенге
Қолдану формулалары (компаудинг)
1. Жай ссудалық пайыздар
S=P(1+ni)
S=P(1+∂/k*i)
S=P(1+∂/360*i)
S=P(1+∂/365(366)*i)
Интервал бойынша,
S=P(1+∑n, i)
2.Жай есептік пайыздар
S=P/1-nd
S=P/∂/kd
n=S-P/Sd
d=S-P/Sn d=S-P/s∂*k
3.Инфляцияны есептегендегі жай пайыздар
Sr=P(1-i)(1+r)
Sr=P(1+∂/k*i)(1+∂/k*r)
4.Инфляцияны есептегендегі жай есептік мөлшерлеме
Sr=P(1+∂/k*r)=P(1+∂/k*r)/1-∂/k*d
Sr=P/1-∂/k*dr
dr=d+r/1+∂/k*r
|
1. Күрделі ссудалық пайыздар
S=P(1+i)n
S=P(1+j/m)mn
S=P(1+j/m)mn
(1+i*j/m)
2.Күрделі есептік пайыздар
S=P/(1-dc)n
S=P/(1-j/m)mn
S=P/(1-j/m)mn
(1-i*j/m )
3.Инфляцияны есептегендегі күрделі пайыздар
Sr=P(1+i)n
(1+r)n
Sr=P(1+j/m)mn
(1+r)n
4. Инфляцияны есептегендегі күрделі есептік мөлшерлеме
Sr=P/(1-dn/m)mn
(1+r)т
Sr=P/(1-dnr/m)mn
Dnr=m[1- (1-dn/m)/(1+r)1/m
]
|
Қолдану формулалары (дисконттау)
1.
Жай ссудалық пайыздарды дисконттау
P=S/1+ni
∂=(S-P/Pi)*к
i=S-P/Pn i=(S-P/P∂)*k
2.Жай мөлшерлеме есебімен дисконттау
P=S(1-nd)
n=S-P/Sd
d= S-D/Sn d= (S-p/S∂)к
|
1.
Күрделі ссудалық пайыздарды дисконттау
P=S/(1+i)n
P=S/(1+j/m)mn
2.Күрделі мөлшерлеме есебімен дисконттау
P=S(1-dc)n
n= P/S/(1-dc) n= P/S/(1-j/m)
dc= 1- mn
P/S
|
Алматы экономика және статистика академиясы
Жамбыл институты
«Қаржы» кафедрасы
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша
«Қаржы » мамандығының білімгерлеріне арналған
Тест тапсырмалары
Т
ест тапсырмалары
1 Қайсысы алтынның маңызын ашпайды
А) өзіндік құрамы жағынан біртұтас, біртекті емес
В) ұзақ кезең бойы пайдаланылады
С) ақша тауар ретінде қолданылады
Д) тот алмайды
Е )алтын қымбат бағалы металл
2 Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қай жылы қалыптасты:
А) 1816 ж.
В) 1815 ж.
С) 1817 ж.
Д) 1820 ж.
Е) 1819 ж.
3 Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қандай елде қалыптасты:
А) Қытайда
В) Ұлыбританияда
С) Америкада
Д) Грецияда
Е) Египетте
4 Қазақстандағы алтын кеніштері орналасқан аумақтарына жатпайтындар
А) Амангельды, Көкжиек
В) Ақбақай, Бестөбе
С) Жолымбет, Большевик
Д) Бақыршық
Е Васильковское, Суздальское
5 Алтын аса көп мөлшерде қандай жерлерде өдіріледі:
А) Калифорнияда, Аляскада
:В)Қытайда
С) Грецияда
Д) Египетте
Е) Ұлыбританияда
6Алтын нарығының түрлеріне қайсысы жатпайды
А) аймақтық нарық
В) дүние- жүзілік нарық
С) елдің өз ішінде еркін түрде жүргізілетін алтын нарығы
Д) жергілілікті жерде бақылауға алынған нарық
Е) қара нарық
7Нарықтық қатынастарда алтынға байланысты форвордттық жұмыстардың түрлеріне қайсысы жатады
А) хеджиялау, арбитраждық әдістер
В) қаржылық әдісі
С) мақсатты және қызметті әдістер
Д) валюталық
Е) кассалық
8
Своп операциясы
А) қолдағы алтынды сату мен келісім-шартқа байланысты алтын сату шаралары өзара ұштастыруды көздейді
В) алтынды сатып алуды көздейді
С) алтынды сатуды көздейді
Д) алтынды өндеуді көздейді
Е) еркін нарықты көздейді
9 Валюталық нарық дегеніміз не?
А) валютаны сатып- алу сату жөніндегі ресми орталық
В) валютаға деген сұраныс
С) валютаны сату жөніндегі ресми орталық
Д) валютаны сатып- алу жөніндегі ресми орталық
Е) валютаға деген ұсыныс
10 Валюталық нарық түрлерін атаңыз
А) дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық
В) аймақтық, ұлттық
С) дүниежүзілік, ұлттық
Д) аймақтық
Е) ұлттық
11Шетелдік валютаны ұлттық валютаға қатысты бағалаудың қандай әдісі бар?
А) тікелей, жанама
В) тура, жанама
С) жанама
Д) тура
Е) бағамды.
12. Валютаны тікелей бағалау әдісі бойынша
А) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
В) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
С) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады
Д) валюта долларға бағаланады
Е) тенге тек долларға бағаланады
13 Валютаны жанама бағалау әдісі бойынша
А) өлшем ретінде 1 АҚШ доллары ұсынылады
В) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады
С) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады
Д) ұлттық валюта ақша бірлігіне қарай бағаланады
Е) шетелдік валюта бағаланбайды
14Банкаралық валюта бағамын анықтау әдісінің мәні неде
А) әрбір валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты анықтау
В) екі валютаның құны өзара салыстыру
С) тауар мен бағалы қағаздарды өзара салыстыру
Д) аса қажетті әрі тиімді валюталарды сатып алу
Е) фьючерлік келісім-шарт негізінде валютаны бағалау
15 Банкаралық валюта бағамын анықтау және оны тіркеу шарасын әрбір валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру негізінде жұргізілетін әдіс ол:
А) фиксинг
В) маржа
С) кросс-курс
Д) конверсия
Е) фьючерс
16Сауда-өнеркәсіп саласында екі валютаның құны жөніндегі көрсеткіштерді өзара салыстыру арқылы орташа мөлшерді белгілеу әдісі бұл:
А) кросс-курс
В) фиксинг
С) фьючерс
Д) ) маржа
Е) конверсия
17Төменде көрсетілген функциялардың қайсысы қаржы мағынасын анықтайды:
А) бөлу.
В) реттеуші;
С) қайта өндіру;
Д) ақшалай табыстарды және қорларды пайдалану;
Е) тұтыну
18Төмендегі анықтамалардан «қаржы» анықтамасын анықтаңыз:
А) құнды бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, ақшалай қатынастар;
В) мемлекеттен, шаруашылық субъектілерінен және халықтан жиналған ақша ресурстары;
С) мемлекеттің ақша қаражаттарының мақсатты қоры;
Д) мемлекет және шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын ақшалай қатынастар;
Е) қаржы министрі және оның қаржы ресурстарын жеделдететіп басқару.
19Қаржы ресурстарының көзі:
А) пайда;
В) өзіндік құн;
С) резервтік капитал;
Д) жарғылық капитал;
Е) дебиторлық қарыз.
20Материалдық өндіріс ауқымы қаржысына жататындары:
А) ауыл щаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы;
В) білімге жұмсалатын қаржы;
С) ғылымға жұмсалатын қаржы;
Д) қорғаныс қаржысы;
Е) мәдениет қаржысы
21Өндірістік емес сфераның қаржысына жататындары:
А) мәдениет қаржысы
В) тұтыну кооперациясының қаржысы
С) байланыс қаржысы;
Д)кәсіпорынның қаржысы
Е) Акционерлік қоғамның қаржысы
22Қаржы жүйесінің құрамына қайсысы жатпайды:
А) кезгелген ақша қатынастары
В) Қаржы қатынастарының жиынтығы;
С) ақша қаражаттары қорының жиынтығы;
Д) қаржылық басқару аппараты;
Е) ақша қорлары жиынтығы
23 Мезгілігінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты бөлінеді
А) қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасына
В) қаржы стратегиясы мен қаржы механизміне
С қаржы тактикасы мен каржы бюджетіне
Д) каржы жоспарына және бизнес жоспарына
Е) қаржы тактикасына және бизнес жоспарына.
24Төмендегі анықтамалардың қайсысы «қаржы саясаты» түсінігінің мағынасын ашады:
А) өздерінің қызметтерін және міндеттерін іске асыру үшін қаржы төңірегінде мемлекет өткізіп жатқан мақсаты бағыттағы шаралар жиынтығы;
В) қаржы қатынасына көзқарастар жүйесі
С) мемлекеттік органдардың ықпалымен қаржы жүйесінде болып жатқан процесстердің жиынтығы;
Д) қаржы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау процесінде экономикалық және бақылау жұмысымен айналысушы қаржылық аппарат;
Е) мемлекеттік экономикалық жағдайлардың өзгеруі кезінде қаржыға қатысты саясаткерлардін көзқарастарының өзгеруі.
25Қаржы нарығының ұғымына қайсысы жатпайды
А) жылжымсыз мұлікті сату сатып-алу орны
В) Сауда- саттық жұмысымен халықаралық деңгейдегі түрліше қызмет көрсетуге байланысты істермен айналысатын өзіндік жүйе;
С) елдер арасында капитал алмасумен айналысатын өзіндк жүйе;
Д) шет елдік валюталарды, құнды қағаздарды сатып алумен тығыз байланысты атқаратын өзіндік жүйе;
Е) қолма-қол ақша қаражаттарының нарығы
26 Вексель жөніндегі кепілгерлік ол:
А) аваль
В) аванс
С) авераж
Д) авизо
Е) ависта
27 Активтер(ақша, чектер,вексельдер,аккредивтер, банктердегі салымдар) олар:
А) авуарлар
В) ажурлар
С) аквизиттер
Д) авизо
Е) аппорттар
28 Төлеуге келісім, ризалық беру ол:
А) акцепт
В) альпари
С) аллонаж
Д) аманко
Е) альянс
29 Вексельге тіркелетін қосымша парақ, өған кепілдеме жазылады ол:
А) аллонаж
В) акцепт
С) альпари
Д) аманко
Е) альянс
30 Биржалық термин: тапшылықты, жетіспеушілікті білдіреді ол:
А) аманко
В) аллонаж
С) альпари
Д) акцепт
Е) альянс
31Дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома. Сақтандыру немесе зейнетақы жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді, бұл:
А) аннуитет
В) аппеляция
С) арбитраж
Д) альпари
Е) табыс
32 Бағалы қағаздардың немесе валютаның биржалық құнының олардың аталуы қунына(баламына) сәйкестігі қалай аталынады
А) альпари
В) аллонаж
С) аманко
Д) андеррайтер
Е) тепетендік
33. Сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшалай қаражатын жауаптылықпен сақтау және есепке алу жөнінде қызмет көрсететін банк қалай аталынады
А) кастодиан
В) жинақ банкі
С) корреспондент банк
Д) банк үйлері
Е) биржалық банк
34 Тауар-материалдық құндылықтармен немесе бағалы қағаздармен қамтамасыз етілмей берілген сенімгерлік несие
А) бланкілік несие
В) коммерциялық несие
С) кастодиан
Д) бонус
Е) тұтыну несиесі
35Листинг қандай мағынада білдіріледі:
А) құнды қағаздардың саудаға жіберілуі
В) құнды қағаздарды сатудан босату
С) сауда агенттігінің арасында құнды қағазды тарату
Д) жаңа құнды қағаздардың шығарылуы
Е) нарықты коньюктураны қалыптастыру.
36Портфельді инвестиция дегеніміз:
А) құнды қағаздар салу
В) басқа елдің экономикасына салынған қор
С) қаражаттарды жылжымайтын мүлікке салу
Д) капиталды құрылысқа ақша қаражатын салу
Е) алтын нарығындағы операциялар
37Банк сертификаттарын кім шығарды:
А) банкттер
В) акционерлік қоғам
С) кәсіпорын
Д) қаржы министрі
Е) шетел ұйымы
38 Қосымша сыйақы немесе сатушы беретін шегерім ол:
А) бонус
В) борд
С) бордеро
Д) брокераж
Е) брутто
39 Белгілі бір елдің ақша өлшемі, шет мемлекеттерінің ақша белгілері ол:
А) валюта
В) вальвация
С) весель валютасы
Д) валюта бағамы
Е) варрант
40Туынды топқа жататын құнды қағаздар:
А) опцион, фьючерс
В) акия, опцион;
С) опцион , весель
Д) фьючерс, весель
Е) фьючерс, акция
41 Бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы
А) валюта бағамы
В) дисконт
С) баға индексі
Д) номинал
Е) куртаж
42. Басқаша айтқанда аударма-вексель ол:
А) тратта
В) соло
С) қазына
Д) аваль
Е) конверсия
43. Пайда алу, дивидендтерді төлеу қабілетіне байланысты жалпы ұлтқа танымал болған компания қалай аталынады
А) «көгілдір фишка»
В) ұшқыр компания
С) өтімді компания
Д) олжа
Е) кредиторлық компания
44 Ақша белгілерінің, бағалы қағаздардың нарықты құнының номиналды(көрсетілген) құнынан төмендеуі, азаюы
А) дизажио
В) ажио
С) девальвация
Д) ревальвация
Е) деноминация
45 Ұлттық валюта бағамының шетел валютарына қарағанда төмендеуі
А) девальвация
В) ревальвация
С) дефляция
Д) рефинанстау
Е) реинвистициялау
46 Банктерге салынатын ақшалай салымдар немесе кредит мекемелеріне сақтауға берілетін бағалы қағаздар
А) депозит
В) депонент
С) депорт
Д) грант
Е) туындылар
47 Міндеттемелерді орындамау, борыштарды төлеуден бас тарту
А) дефолт
В) реппорт
С) күйзелу
Д) дәрменсіздік
Е) түрақсыздық
48 Өз аттарынан және өз есебінен іс-қимыл жасайтын жеке немесе заңды түлғалар
А) диллерлер
В) брокерлер
С) джобберлер
Д) серіктестер
Е) авальшылар
49. Құнды кағаздар нарығындағы кәсіби мамандарына кайсысы жатпайды
А) брокерлер, дилерлер ,джобберлер
В) эдвайзерлер, маклерлар
С) дискаунтерлер, кореспондеттер
Д) маркетологтар.операторлар
Е) менеджерлер. Респондеттер
50. Бағалы қағаздың(облигацияның) бір бөлігі, бұл бөлігін қиып алып, пайыз немесе дивидент олу кезінде қолхат орнына береді
А) купон
В) купюра
С) талон
Д) корешок
Е) куртаж
51 Биржада мәміле жасау кезінде брокердің қызметі үшін алатын сыйақысы қалай аталынады
А) куртаж
В) дивидент
С) табыс
Д) дисконт
Е) премия
52. Жабдықты сатып алып ұзақ мерзімге жалға алу
А) лизинг
В) хайринг
С) рентинг
Д) листинг
Е) аренда
53. Джобберлер дегеніміз кімдер?
А) Нарық коньюктурасын бақылаушылар
В) Делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар
С) Өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар
Д) Банк кызметкерлері
Е) менеджерлер
54. Бағалы қағаздарды қор биржасындағы операцияларға жіберу
А) листинг
В) делистинг
С) котировка
Д) бағаны белгілеу
Е) бағамды белгілеу
55. Құнды қағаздара кең көлемде капитал жұмсау қай ғасырдың ортасында өрістей бастады?
А) XIX .
В) XVII .
С) XVIII .
Д) XX .
Е) 21 ғасырда
56 Валюталардың, бағалы қағаздардың бағамдарын (курсын) немесе бағасын белгілеу
А) котировка
В) листинг
С) делистинг
Д) рокировка
Е) кредиттік шарт
57 Сатушы мен сатып алушы арасындағы делдал, кездестіру жолымен сатып алу-сату мәмілесін жасауға жәрдемдесуге тиіс, бұл
А) маклер
В) брокер
С) дилер
Д) джоббер
Е) менеджер
58. Қор биржасы дегеніміз не?
А) Құнды қағаздар немесе басқада құндылықтарды сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны
В) Нарықтың түйіскен орны
С) Акционерлік қоғамның кұнды кағазын тарату
Д) әлемдік нарықтың орны
Е) сауда кәсіпорны
59. Алашқы қор биржасы қай ғасырда қай елде пайда болған?
А) XVI . Голландияда
В) XX . Нью-Йоркта
С) XVIII . Канадада
Д) XVI . Грецияда
Е) 20 ғасырда Германияда
60. Биржаның басшы органы болып не саналады?
А) Биржалық комитет
В) Биржа директораты
С) Брокерлiк советi
Д) Құнды қағазды сату органы
Е) делдалдар кеңесі
61. Құндылықтарды сатып алушылар мен сатушылардың тапсыруымен және солардың есебінен әрекет ететін делдал ол:
А) ьрокер
В) дилер
С) маклер
Д) джоббер
Е) борд
62 Биржадағы алып сатарлардың мақсаты не?
А) Биржадағы құндылыктардың (яғни құнды қағаздардын) сатып алу-сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу
В) Биржада құнды қағазды тез өткiзу
С) Биржадағы құндылыктардың айналымын жеделдету
Д) Мәмiле бойынша есеп жүргiзудi жеделдетiп пайда табу
Е) қызмет жасау
63 Өз атынан және өз есебінен іс-қимыл жасайтын делдал ол:
А) дилер
В) брокер
С) маклер
Д) джоббер
Е) борд
64. Биржадағы ойыншылардың қайсысы құнды қағаз курсының төмендеуiне iс-әрекет жасап ойнайды?
А) аю
В) бұқа
С) қоян
Д) қасқыр
Е) түлкі
65. Биржадағы ойыншылардың қайсысы құнды қағаз курсының жоғарлауына iс-әрекет жасап ойнайды?
А) бұқа
В) аю
С) қоян
Д) қасқыр
Е) түлкі
66. Құнды қағаз нарығын мемлекеттiк реттеу тәсiлдерiмен қатар нарықтың өзiн-өзi реттеу iс-шараларының дамыған формасына не жатады?
А) Қор биржасы
В) құқықтық тәртiбiн сақтау
С) Мамандандырылған қаржы институттары
Д) кәспорын
Е) мекеме
67 Құнды қағаз дегенiмiз не.
А) ең алдымен мүлiктi иемденуге құқық беретiн ақшалы құжат немесе қарыз берушiге қарыз алуының берген қарыз мiндеттемесi
В) мүлiктi нақты ақшамен сатып алуға
С) мүлiктi иемденуге құқық бермейтiн ақшалай құжат
Д) есеп айырысу шот есебi
Е) қарызды расстайтын қүжат
68. Эмитент дегенiмiз не.
А) Құнды қағаздарды шығарып, оны айналымға түсiрушiнi атаймыз.
В) құнды қағаздарды шығармайтын адамдарды, органдарды атайды
С) еркiн айналымға келiп түсетiн құнды қағаз айналысы.
Д) акционерлік қоғам
Е) серіктестер
69. Номиналды құн дегеніміз не?
А) Құнды қағазда көрсетілген акшалай сома
В) Нарықта акцияны сатып алу және сату бойынша белгіленген бағанын ерекшелігі
С) Жалған капиталдың төмендетілген бағасы
Д) нарықтық баға
Е) ) Құнды қағаздың жоғары акшалай сомасы
70. Акция курсы дегеніміз не?
А) Нарыкта акцияны сатып алу және сату бойынша белгіленген бағаны атайды
В) Акцияны сатуда немесе сатып алу бойынша белгілемейтін бағаны
С) Жалған капиталдың сомасы бойынша нарыктағы айырма сомасы
Д) номиналды баға
Е) көрсетілген акшалай сома
71. Клирингтік операция дегеніміз не?
А) төлемдерді жинау, салыстыру, сақтау және растау
В) банкноталар мен монеталарды қабылдау, қайта есептеу
С) заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару
Д) төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару
Е) бағалы қағаздарды сату
72. Акция бағасы кандай бағалармен аныкталмайды?
А) купондық
В) Номиналды
С) Эмиссионды
Д) Нарыктык
Е) баланстык
73. Акцияда қандай реквизиттер көрсеттілмейді?
А) құнды қағаздың нарықтық құны
В) Фирманың аты-жөні, мекен жайы
С) Құнды қағаз аты, оның реттік нөмері, шығару мерзімі
Д) Құнды қағаздың номиналдық құны
Е) қоғамды басқару төрағасының, бас бухгалтердің қол таңбалары
74. Облигацияның мәнін қандай жағдай ашпайды ?
А) меншікті расстайтын құжат
В) Эмитенттін белгілі бір шартты орындауға, яғни алған акша сомасын кайтаруды міндеттейтін құжат
С) Эмитенттін белгілі бір шартты орындамауға, яғни алған акша сомасын кайтаруды және төлеуді міндеттенбеген жазбаша тірдегі карыз құжаты
Д) Шаруашылык өміріндегі кұнды кағаз алғашкы формаларынын бірі, және тауарлы-акшалай катынастын кірделілігімен, дамуымен несиелік-есептесу кµралы ретіндегі құнды қағаз
Е) белгіленген сый акыны төлеуді міндеттенген жазбаша карыз құжаты
75.Қате жауабын анықтаңыз
А) Облигация бойынша дивиденд төленеді
В) Облигация иемденушісі акционерлер жиналысына қатыспайды
С) Облигация иемденушісінің дауыс беру құқы жок
Д) Облигация бойынша сый акы төленеді
Е) облигация иесі корпорация баскаруына катыспайды
76. Облигациянын номиналы дегеніміз не?
А) Облигациянын бетінде көрсетілген акша сомасы
В) Жыл сайын эмитент төлейтін облигациянын номинал құнына байланысты келісілген сый акы – төлем
С) Компаниянын сатып алушына облигацияны номиналына тең соманы кайтарып немесе сый акы төлеуді токтататын кінтізбектегі кін
Д) Қарыз алушымен траст компаниясынын шарты бойынша ашыктан-ашык облигация шығару мәмілесі
Е) Облигациянын нарықтық құны
77. Вексель дегеніміз не?
А) Қарызды өтеудегі занды түрде бекітілген төлем міндеттемесі
В) Әмитенттін белгілі бір шартты орындауға арналған құнды кағаз
С) Бюджет шығындарын каржыландыру көздері
Д) ақша құралы
Е) меншікті дәлелдейтін құжат
78 Акцепт дегенiмiз не?
А) Есеп айырысуда төлеушiнiн өз карызын төлеуге жазбаша барген келiсiмi
В) Есеп айырысуда төлеушiнiн өз карызы
С) Есеп айырысуда төлеушiнiн жазбасы
Д) жазбаша міндеттеме
Е) жабаша келіспеушілік
79. Индоссамент дегенiмiз не?
А) Вексельдiн сырт жағына, оны баска бiреуге пайдалануға берген жағдайдағы алу-беру жазбашасы
В) Вексельдiн сырт жағына өзiнiн аты-жөнiн толык жазуы
С) Аудармалы вексель бойынша акша алушы
Д) Есеп айырысуда төлеушiнiн өз карызын төлеуге жазбаша барген келiсiмi
Е) қолжазба
80. Индоссант дегенiмiз кiм?
А) Вексель берушi
В) Вексель алушы
С) Вексель төлеушi
Д) жай вексель
Е) соло вексель
81. Индоссат дегенiмiз кiм?
А) Вексель төлеушi
В) Вексель берушi
С) Вексель бойынша акша алушы
Д) тратта
Е) соло
82. Туынды құнды кағаздарға қайсысы жатпайды?
А) Облигация
В) Опцион
С) Варрант
Д) Фьючерс.
Е) опцион
83. Акционерлiк коғам деп кандай мекеменi айтады?
А) ¤зiнiн кызметiн жүзеге асыру үшiн каражат тарту максатында акциялар шыаратын занды тұлға
В) ¤зiнiн кызметiн жүзеге асыру үшiн каражат тарту максатында акциялар шығаратын жеке түлға
С) ¤зiнiн кызметiн жүзеге асыру үшiн үлестi несеме меншiктi куәландыратын құнды кағаз шығаратын мемлекет
Д) құнды қағаз шығаратын шектеулі серіктестер
Е) кезкелген кәсіпорынді
84 Келешекте қайсыбір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға бағалы қағаздар иесінің таңдау құқығы
А) опцион
В) фьючерс
С) своп
Д) форврдтіқ келісім
Е) спот
85. Сатып алынған тауарды банк арқылы төлеу (халықаралық саудада)
А) рамбурс
В) рантье
С) раннер
Д) пролангация
Е) чек
86 Ұлттық валютаның басқа елдердің валютасына қатысты бағамын жоғарылату
А) ревальвация
В) девальвация
С) реверсия
Д) дефляция
Е) реинвестиция
87.Бастапкы құнды кағаз нарығы дегенiмiз не?
А) Эмитентпен бiрiншi рет алашкы нарыкта жанадан шыккан каржы мiндеттемелерiнiн орналасуы
В) құнды кағазды биржада сату
С) құнды кағазды биржада тарату
Д) құнды қағазды биржадан сатып алу
Е) Бұрын шыккан құнды кағаздардын айналымда болып, кайта сатылуы
88.Екiншiшілік құнды кағаз нарығы дегенiмiз не?
А) Бұрын шыккан құнды кағаздардын айналымда болып, кайта сатылуы
В) эмиссиялык құнды кағазды мемлекетпен шығару
С) Банк мекемелерiмен келiсiм бекiтiп, Қаржы Министрлiгiне ұсыныс беру
Д) биржадан тыс құнды кағаз нарығынан көшiрiп жазып алу жұйесiмен сату аркылы иелену
Е) эмитентпен бiрiншi рет алашкы нарыкта жанадан шыккан каржы мiндеттемелерiнiн орналасуы
89. Екiншi кұнды кағаз нарығы кандай нарыктардын түрiне бөлiнедi?
А) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
В) ұйымдастырылған
С) ұйымдастырылмаған
Д) офистiк және көшелiк
Е) биржалық және кәсіпорындық
90. Кастодиандык кызметтiн негiзгi функцияларына не жатады?
А) клиенттердiн құнды кағазымен жасалған келiсiмiнiн орындалуын бакылау және клиенттердiн келiсiмге арналған акшалай каражаттары мен құнды кағаз портфелiнiн есебiн және сакталуын камтамасыз ету
В) клиенттердiн құнды кағазымен жасалған келiсiмiнiн орындалуын бакылау
С) клиенттердiн келiсiмге арналған акшалай каражаттарын камтамасыз ету
Д) кастодиандык кызметiне төлем мөлшерi мен тәртiбi
Е) құнды қағаздарды сату
91. Капиталдан, мүліктен тұрақты түрде алынатын табыс, сақтанушыға жыл сайын төлейтін белгілі сома
А) рента
В) маржа
С) үтыс
Д) ремитент
Е) цессия
92. Атына аударма вексель (тратта) жазылған адам
А) ремитент
В) рента
С) цедент
Д) цессионар
Е) цессия
93. Құнды кағазды ұстаушылардын реестрiн жүргiзу бойынша кәсiби кызметтi жүзеге асыратын, занды тұлға
А) тiркеушi
В) кастодиан
С) эмитент
Д) депонент
Е) респондент
94 Құнды кағаздарды сату және сатып алу арасындағы ерекшелiк айырмасын не деп атайды?
А) маржа
В) куртаж
С) опцион
Д) фьючерс
Е) пайыз
95. Қолма-қолсыз есептеу формаларына жатпайтындар.
А) несие, овердрафт
В) төлемдік тапсырыстар
С) аккредитивтер,
Д) төлем чектері
Е) вексель
96 Машиналар мен жабдықты сатып алып қысқа мерзімге жалға беру
А) рентинг
В) лизинг
С) хайринг
Д) аренда
Е) жалға беру
97 Пайдалы қазыналарды, автолық құқықтарды «ноу-хауды» пайдалану үшін төленетін төлемдер (табыс)
А) роялти
В) куртаж
С) маржа
Д) пайыз
Е) сыбаға
98 Машиналар мен жабдықтарды сатып алып орташа мерзімге жалға беру
А) хайринг
В) рентинг
С) лизинг Д) жалдау Е) аренда
99. Вексель берушінің вексель ұстаушыға мерзімі келгенде анықталған соманы төлеу міндеттемесі
А) жай вексель (соло)
В) аудармалы вексель (тратта)
С) индоссамент
Д) аллонже
Е) реквизит
100. Вексельдің келесі бетіндегі берілу жазбасы
А) индоссамент
В) аллонже
С) реквизит
Д) аваль
Е) акцепт
101. Анықталған акция санына жарғылық капиталы бөлінген ұйым:
А) акционерлік қоғам
В) өндірістік кооператив
С) унитарлы кәсіпорын
Д) қауымдастық
Е) серіктестер
102. Бір акцияға келетін кіріс үлесі
А) дивиденд
В) акция курсы
С) котировка
Д) құнды қағаз бағасы
Е) табыс
103. Құнды қағаздарға баға белгілеу
А) котировка
В) акция курсы
С) дивиденд
Д) номиналды бағасы
Е) листинг
104. Құнды қағазды анықталған уақыт аралығында анықталған бағаға сату-сатып алу немесе бас тарту құқығы
А) опцион
В) фьючерс
С) варрант
Д) коносамент
Е) форвард
105.
Құнды қағаздарды сатып алуға құқық беретін құжат немесе тауар қоймасының тауарды сақтауға алғаны туралы куәлік
А) варрант
В) коносамент
С) депозиттық сактық құжаты
Д) корешок
Е) квитанция
106.Қаржылық лизинг бойынша
А) Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалға берілген мүлік жалға берушіге қайтарылмауы мүмкін, өзін-өзі толық ақтайтын лизинг
В) жалға берілген мүліктін толық тозуы талап етілмейді
С) жабдықтар жалға берілмейді
Д) ғимараттар жалға берілмейді
Е) құрылыстар жалға берілмейді
107.Жедел лизинг бойынша
А) жалға берілген мүліктін толық тозуы талап етілмейді
В) Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалға берілген мүлік жалға берушіге қайтарылмауы мүмкін, өзін-өзі толық ақтайтын лизинг
С) жабдықтар жалға берілмейді
Д) ғимараттар жалға берілмейді
Е) құрылыстар жалға берілмейді
108 Экономикалық қызмет саласында жалдау немесе жалға беру прктикасы............ғасырдың елуінші жылдары АҚШ- та жүзеге асырыла бастады
А) 19
В) 20
С) 18 Д) 21 Е) 17
109 Азаматтардан ақша жинау, оларды бағалы қағаздарға жүмсау соның негізінде азаматтарға пайда келтіру
А) трастинг, сенімгерлік
В) трансферттер
С) несие
Д) аренда
Е) лизинг
110 Кәсіпкерлік салада қаржы жөнінде әртүрлі ақпарат жинау, жүйелеу, талдау ісімен айналысатын қызмет
А) эккаутинг
В) трастинг
С) фрэнчайзинг
Д) селенг
Е) хежирлеу
111.Банктен немесе кредиттік мекемеден берілген несие.
А) қаржылық несие
В) коммерциялық несие
С) салықтық несие
Д) инвестициялық несие
Е) тұтыну несиесі
112.Жылжымсыз мұлікті кепілге беру негізінде қарыз алу
А) ипотека
В) меншікті капитал
С) жарғылық капитал
Д) қосымша капитал
Е) ломбард
113Холдингтік компания ол:
А) Басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания
В) өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысатын компания
С) инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жұзеге асыратын компания
Д) құнды қағаздарды сату-сатып алумен айналысатын тұлға
Е) құнды қағаздар порфелін (қоржынын) басқаратын компания
114 Қаржылық брокер ол:
А) құнды қағаздарды сату-сатып алумен айналысатын тұлға
В) басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания
С) өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысатын компания
Д) инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жұзеге асыратын компания
Е) құнды қағаздар порфелін (қоржынын) басқаратын компания
115 Инвестициялық қор ол:
А) инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жұзеге асыратын компания
В) құнды қағаздарды сату-сатып алумен айналысатын тұлға
С) өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысатын компания
Д) басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания
Е) құнды қағаздар порфелін (қоржынын) басқаратын компания
116 Инвестициялық компания ол:
А) өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысатын компания
В) инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жұзеге асыратын компания
С) құнды қағаздарды сату-сатып алумен айналысатын тұлға
Д) басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания
Е) құнды қағаздар порфелін (қоржынын) басқаратын компания
117 Ұзақ мерзімді несие капиталын жұмылдырып, бағалы қағаздарды шығарып тұлғаларға сату, сонымен қатар биржалардан оларды сатып алу-сатуды ұйымдастыратын банк қалай аталынады
А) инвестициялық банк В) банк-кастодиан С) коммерциялық банк Д) жинақ банкі Е) банкир үйлері
118 Инвестициялық банктің коммерциялық банктен айырмашылығы
А) депозиттерді қабылдамайды және есеп-айырысу-кредит операцияларын жүргізбейді
В) депозиттерді қабылдамайды С) есеп-айырысу-кредит операцияларын жүргізбейді
Д) коммерциялық несие операцияларын жүргізеді Е) тұтыну операцияларын жүргізеді
119 Шүғыл жеткізілім шартымен қайсыбір активті сатып алу (сату) жөніндегі мәміле, бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады
А) своп В) спот С) опцион Д) свитч Е) свинг
120 Жеткізу мерзімін бір айдан екінші айға ауыстыру, міндеттемелерді жойып, басқа мәміле жасау
А) свитч В) своп С) спот Д) опцион Е) свинг
121 Ақысы дереу төленетін нақты құндылықтар жөніндегі биржалық мәміле
А) спот В) своп С) свитч Д) опцион Е) свинг
122. Лизинг қандай типтерге бөлінеді?
А) Оперативті, қаржылық
В) Оперативті, ұзақ мерзімді
С) Қаржылық, экономикалық
Д) Оперативті, технологиялық
Е) Қаржылық, қысқа мерзімді
123 Аларманның (клиенттің) меншікті капиталын несиелендірумен ұштастырылған сауда- комиссиялық операцияның бір түрі ; аларманның дебиторлық берешегін сатып алу ол :
А) факторинг
В) форфетирлеу С) фрэнчайзинг Д) форвард Е) фьючерс
124 Баға белгілеу тәртібі, ол әр бір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы банкаралық бағамын анықтап тіркеу
А) фиксинг В) факторинг
С) форфетирлеу Д) фрэнчайзинг Е) фьючерс
125 Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді
А) форвард
В) факторинг
С) форфетирлеу Д) фрэнчайзинг Е) фьючерс
126 Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
А) форфетирлеу В) форвард
С) факторинг
Д) фрэнчайзинг Е) фьючерс
127 Фрэнчайзинг ол:
А) Жаңа технологияны иемденетін фирманың көмек көрсету және ақыл-кенс беру жөніндегі қызметі, кейде серіктестер сауда белгісін пайдалану құқығын алады В) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
С) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді
Д) Баға белгілеу тәртібі, ол әр бір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы банкаралық бағамын анықтап тіркеу Е) Аларманның (клиенттің) меншікті капиталын несиелендірумен ұштастырылған сауда- комиссиялық операцияның бір түрі ; аларманның дебиторлық берешегін сатып алу
128Факторинг ол:
А) Аларманның (клиенттің) меншікті капиталын несиелендірумен ұштастырылған сауда- комиссиялық операцияның бір түрі ; аларманның дебиторлық берешегін сатып алу
В) Баға белгілеу тәртібі, ол әр бір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы банкаралық бағамын анықтап тіркеу С) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді
Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
Е) Жаңа технологияны иемденетін фирманың көмек көрсету және ақыл-кенс беру жөніндегі қызметі, кейде серіктестер сауда белгісін пайдалану құқығын алады
129 Фиксинг ол:
А) Баға белгілеу тәртібі, ол әр бір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы банкаралық бағамын анықтап тіркеу В) Аларманның (клиенттің) меншікті капиталын несиелендірумен ұштастырылған сауда- комиссиялық операцияның бір түрі ; аларманның дебиторлық берешегін сатып алу С) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді
Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
Е) Жаңа технологияны иемденетін фирманың көмек көрсету және ақыл-кенс беру жөніндегі қызметі, кейде серіктестер сауда белгісін пайдалану құқығын алады
130 Фрэнчайзинг ол:
А) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
В) Баға белгілеу тәртібі, ол әр бір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы банкаралық бағамын анықтап тіркеу С) Аларманның (клиенттің) меншікті капиталын несиелендірумен ұштастырылған сауда- комиссиялық операцияның бір түрі ; аларманның дебиторлық берешегін сатып алу Д) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді
Е) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру
131 Сақтандыру шартының сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалдарды төлеуден босатуды көздейтін талабы ол:
А) франшиза В) фрахт С) франқо Д) форвард Е) фьючерс
132 Мұлікті сенімгерлік негізінде басқа адамның басқаруына жалға бере отырып өзіне табысты келтіретін жеке немесе заңи тұлға ол:
А) бенефициар В) джоббер С) маклер Д) дискаунтер Е) диллер
133 Тауарлардың жекелеген ірі топтамаларын тез қайта сату үшін сатып алатын фирма ол:
А) джоббер В) бенефициар С) маклер Д) дискаунтер Е) диллер
134 Қосымша сыйақы, сатушы беретін қосымша шегерім ол:
А) бонус В) бонд С) бордеро Д) куртаж Е) брокераж
135 Делдал алатын сыйақы, мәміле құнының пайызы есебімен есептеледі ол:
А) брокераж В) бонус С) бонд Д) куртаж Е) бордеро 136 Сатылған бағалы қағаздардың тізімі, бухгалтерлік құжаттардың көшірмесі
А) бордеро В) брокераж С) бонус Д) бонд Е) куртаж 137 Ақша белгілерінің, вексельдердің және басқа бағалы қағаздардың нарықты құнының көрсетілген (номиналды) құнынан төмендеуі
А) дизажио В) ажио С) лаг Д) шегерім Е) маржа
138 Ақша белгілерінің, вексельдердің және басқа бағалы қағаздардың нарықты құнының көрсетілген (номиналды) құнынан асып түсуі
А) ажио В) дизажио С) лаг Д) табыс Е) маржа 139 Банктің есеп айырысу операциясы, мұнда банк клиентерінің тапсыруымен төлем алып қаражатты оның банктегі шотына есептейді
А) инкассо В) ажио дизажио С) кіріс Д) депо Е) реинвистициялау 140 Инвестициялық операциядан алынған табыстың қайталама жұмсалымы ол:
А) реинвестиция В) деинвестиция С) инкассо Д) кіріс Е) табыс
141 Негізінен бағалы қағаздармен сауда жасауға мамандалған биржалық репортер турпатындағы сатып алу және сату жөніндегі тапсырыстарды тікелей орындайтын қызметкер
А) трейдер В) джоббер С) брокер Д)дилер Е) маклер 142 Бағаның құлдырауынан сақтандыру үшін жасасылған мерзімдік мәміле
А) хедж В) цедент С) хеджирлеу Д) цессия Е) эмбарго 143
Коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру ол:
А) хеджирлеу В) хедж С) цедент Д) цессия Е) эмбарго 144 Өзінің талап ету құқығын басқа адамға беруші түлға (несиегер) ол:
А) цедент В) хеджирлеу С) хедж Д) цессия Е) эмбарго 145 Ақшаны, заттарды талап ету құқығын басқа адамға беруі немесе қайта ұсынуы (переуступка)
А) цессия В) хеджирлеу С) хедж Д) эмбарго Е) ұсыныс 146 Шот иесінің банкке жазбаша өкімі, ол арнаулы бланкіге толтырылады, онда осы шоттан соманы беру немесе аудару жөнінде жарлық беріледі ол:
А) чек В) вексель С) инкассо Д) аккредитив Е) төлем талабы 147 Басқа елдер мен фирмаларды ығыстыру, нарықты басып алу ол:
А) экспансия В) эмбарго С) экспорт Д) импорт Е) эмиссия 148 Мемлекеттік биліктің валютаны, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге тыйым салуы ол:
А) эмбарго В) экспансия С) экспорт Д) импорт Е) эмиссия 149 ²½íäû ºà¹àç¹à æ½ìñàë¹àí èíâåñòèöèÿ ºàëàé àòàëàäû?
А) қоржынды В) нақты С) табиғи Д) материалдық Е) бейматериалды 150 Бағалы қағаздар туріндегі көрсетілген капитал қалай аталынады ?
А) жалған В) нақты С) табиғи Д) материалдық Е) бейматериалды 151 Қайсысы қаржы нарығына жатпайды
А) еңбек нарығы В) қор нарығы С) ақша нарығы Д) қапитал нарығы Е) валюта нарығы
|