Қарағанды
Экономикалық
Университет
Қазтұтынуодағы
Тақырыбы:
Қазақстан Репспубликасынын нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайлары
Жасаған:
Жакулов М.
Тексерген:
Қарағанды 2011
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді. Курстык жұмыстың мақсаты нарықтың барлық түрлеріне қызмет көрсететін және олардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың жүйесін, тауарлар мен қызметтерді тарату каналдарын ұйымдастыруды, тауар өндірушілердің тұтынушылармен байланыстарын, биржаларды ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеу, қалыптасқан шаруашылық жағдайларды ескеріп кәсіпорындарға кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Нарық қалыптасуының негізгі бағыттары берілген, нарықтың жекелеген объектілерінің: еңбек, тауарлар және қаржылық нарықтарының қызмет етуінің теориялық негіздері баяндалады. Инфрақұрылым кешенінің нақты объектілері жөнінде жалпы түсініктер берілген. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады. Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді. Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды. Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар, біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін қарастырған. Екіншіден, олар экономиканың макро және микро деңгейлерін, үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін қамтамасыз етті. Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары: - институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы; - макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу; - баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын; - кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады. Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту бойынша мемлекет өзегі болып табылады. Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған, қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық қалыптасты. Кейбір нарықтардың ресми ережелері бар және нақты белгіленген орындарда әрекет етеді, мысалы тауарлар, қор немесе валюта биржалары. Ал басқа, мысалы жылжымайтын мүліктерді сату, қызмет көрсету іс жүзінде асырылатын ауызша ақпараттық жүйелер сияқты нарықтар бейресми және орталықсыздандырылған. Қазіргі заман нарықтарының ұйымдастырушылық спектрлері өте кең: тауарлардың көтерме және бөлшек нарықтары, ішкі нарық, ұлттық нарық, әлемдік нарық және т.б. Нысандарының көптүрлілігіне, мөлшерлеріне қарамастан барлық нарықтарда тағы бір жалпы қасиеті бар: олар ақпартты адамдарға шешім қабылдау үшін қажетті бағалар және стимулдар түрінде ұсынады. Экономикалық оқулықтарда нарықтың мәнін ашатын көптеген анықтамалар бар. ХІХ ғасырдағы ағылшын экономисті У.Джевонс нарықты іскерлік қатынасқа түсетін және қандайда болмасын тауар бойынша ірі келісім шарттар орнататын адамдардың тобы ретінде қарастырады. Қазіргі заманның американдық экономист Ф.Котлер нарықты тауарлардың әрекет етіп отырған және потенциалды сатып алушыларының жиынтығы ретінде сипаттайды. Нарықтың зерттеушілері болып, сонымен қатар американдық ғалым-экономисттер: С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи есептеледі. Олар келесі анықтаманы ұсынған: нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауарды сату – сатып алу бойынша қандай да болмасын келісімдерінің жиынтығы. Нарыққа ұсынылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс, яғни басқа бәсекелестердің ұқсас өнімдерінен ұтымды ерекшелене алатын тұтынушылық қасиеттері болуы қажет. Қазіргі заман нарығы жаңалық нарығына айналуда, себебі жаңалық – тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілетті қылатын негізгі қасиет болып саналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан экономикасы меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi. Мемлекет заң алдында меншiктiң барлық субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, жеке меншiкке қол сұғуға болмайды. Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Төртiншiден, монополистiк қызмет пен бәсекелестiң кез елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден, әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi дербес болып табылады. Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазiргi жүйесiнiң негiзiн құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттiң ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей қатысты. Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады: • Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу. • Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды • Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту. • Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру. • Баға құрылымы саясаты. Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей: • Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi; • Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi; • Дербес баға белгiлеу саясаты; • Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк; Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды. Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей: • Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi; • Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi; • Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды; • Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып, кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық дербестiгiн шектеу орын алды; • Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды; • Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды; Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады. Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк органдар құрылымы келесiдей: • Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi; • ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi; • ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi; • ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлiгi; • ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi; • ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлiгi; • ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi; • ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк; • Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрi қарай жетiлдiру экономика мен шаруашылық тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрi қарай жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып мыналар табылады: • Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негiзгi заңдылықтарына, дәл кезiндегi мақсаттарға сәйкес болуы керек; • Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық тетiгiнiң өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек; • Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру нысанындағы, қағидаларды және әдiстердi жалғастырып пайдалану. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпiндiкпен сипатталатын және обьектiнiң жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелерi өтпелi кезеңнiң әр сатысында зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынадай топтарға жинақталады: • Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк қызметтерiн анықтап айыру. Сонымен қатар негiзгi топтағы кәсiпорындар, фирмалардың шаруашылық дербестiгiн елеулi көтеру; • Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы мiндеттердi шешуде басқару органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi; • Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешiм қабылдаудың әдiстерiн және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын тиiмдi етiп көру. Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты құруды жан -жақты қамтиды. Осының өзi ұйымдастырушылық жүйелердiң талдау обьектiсi болып табылады.
|