Банк рефератов содержит более 364 тысяч рефератов, курсовых и дипломных работ, шпаргалок и докладов по различным дисциплинам: истории, психологии, экономике, менеджменту, философии, праву, экологии. А также изложения, сочинения по литературе, отчеты по практике, топики по английскому.
Полнотекстовый поиск
Всего работ:
364139
Теги названий
Разделы
Авиация и космонавтика (304)
Административное право (123)
Арбитражный процесс (23)
Архитектура (113)
Астрология (4)
Астрономия (4814)
Банковское дело (5227)
Безопасность жизнедеятельности (2616)
Биографии (3423)
Биология (4214)
Биология и химия (1518)
Биржевое дело (68)
Ботаника и сельское хоз-во (2836)
Бухгалтерский учет и аудит (8269)
Валютные отношения (50)
Ветеринария (50)
Военная кафедра (762)
ГДЗ (2)
География (5275)
Геодезия (30)
Геология (1222)
Геополитика (43)
Государство и право (20403)
Гражданское право и процесс (465)
Делопроизводство (19)
Деньги и кредит (108)
ЕГЭ (173)
Естествознание (96)
Журналистика (899)
ЗНО (54)
Зоология (34)
Издательское дело и полиграфия (476)
Инвестиции (106)
Иностранный язык (62791)
Информатика (3562)
Информатика, программирование (6444)
Исторические личности (2165)
История (21319)
История техники (766)
Кибернетика (64)
Коммуникации и связь (3145)
Компьютерные науки (60)
Косметология (17)
Краеведение и этнография (588)
Краткое содержание произведений (1000)
Криминалистика (106)
Криминология (48)
Криптология (3)
Кулинария (1167)
Культура и искусство (8485)
Культурология (537)
Литература : зарубежная (2044)
Литература и русский язык (11657)
Логика (532)
Логистика (21)
Маркетинг (7985)
Математика (3721)
Медицина, здоровье (10549)
Медицинские науки (88)
Международное публичное право (58)
Международное частное право (36)
Международные отношения (2257)
Менеджмент (12491)
Металлургия (91)
Москвоведение (797)
Музыка (1338)
Муниципальное право (24)
Налоги, налогообложение (214)
Наука и техника (1141)
Начертательная геометрия (3)
Оккультизм и уфология (8)
Остальные рефераты (21692)
Педагогика (7850)
Политология (3801)
Право (682)
Право, юриспруденция (2881)
Предпринимательство (475)
Прикладные науки (1)
Промышленность, производство (7100)
Психология (8692)
психология, педагогика (4121)
Радиоэлектроника (443)
Реклама (952)
Религия и мифология (2967)
Риторика (23)
Сексология (748)
Социология (4876)
Статистика (95)
Страхование (107)
Строительные науки (7)
Строительство (2004)
Схемотехника (15)
Таможенная система (663)
Теория государства и права (240)
Теория организации (39)
Теплотехника (25)
Технология (624)
Товароведение (16)
Транспорт (2652)
Трудовое право (136)
Туризм (90)
Уголовное право и процесс (406)
Управление (95)
Управленческие науки (24)
Физика (3462)
Физкультура и спорт (4482)
Философия (7216)
Финансовые науки (4592)
Финансы (5386)
Фотография (3)
Химия (2244)
Хозяйственное право (23)
Цифровые устройства (29)
Экологическое право (35)
Экология (4517)
Экономика (20644)
Экономико-математическое моделирование (666)
Экономическая география (119)
Экономическая теория (2573)
Этика (889)
Юриспруденция (288)
Языковедение (148)
Языкознание, филология (1140)

Реферат: Экология окружающей среды одно из важнейших проблем Восточного Казахстана

Название: Экология окружающей среды одно из важнейших проблем Восточного Казахстана
Раздел: Рефераты по экологии
Тип: реферат Добавлен 01:16:36 24 июля 2011 Похожие работы
Просмотров: 534 Комментариев: 20 Оценило: 2 человек Средний балл: 5 Оценка: неизвестно     Скачать

Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардыңөзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардыңәсер ете бастауы олардыңқоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Қоғамдағы болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты жер анамызды ластау әрекеттерінің шешілуі қиын проблемалар тудыруда. Оның негізгі түйіні адамдардыңөзін қоршаған ортасында жауапкершілікпен қарамайтындығы. Олар табиғат байлығын пайдаланады да, оның болашағына немқұрайлы қарайды.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Қазіргі таңда біздіңғаламшарымызды алаңдатып отырған экологиялық мәселелер өте көп. Мысалы : ластану, радиация, полигон және сол сияқты апаттар күн санап көбейіп келе жатыр. Соның біреуіне тоқталсақ, ол – ластану!

Таби ғ атты ң ластануы - дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

• шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);

• пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орныныңқұбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оныңәр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);

• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарыныңқалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардыңөнімдері);

• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттыңқостотығы, озон қабатындағы фреон).

Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Мысалы : Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б.

Соның бірі, өзіміздің Семей қаласын қақ жарып ағатын, Шығыс Қазақстандықтарды алаңдатып отырған Ертіс ө зеніні ң проблемасы болып отыр. Себебі Өскеменнен Павлодарға дейін Ертіс өзенінің бойында 46 елді мекен орналасқан. Әсіресе Өскемен, Семей, Глубокое, Шүлбі, Курчатов сияқты ірі қалалар мен қалашықтарының шыққан өндіріс қалдықтарымен қоса ауыл шаруашылық кәсіпорындарының да қосатын үлесі баршылық.


Ертіс деңгейінің мөлшерден тыс төмендеуі, өзен аңғарындағы өсімдік дүниесіне әсер етіп, оның табиғи түрде қалпына келуіне зиян келтіреді. Өзен деңгейініңәр түрлі болуы балықтардың тіршілігіне, оныңөсіп – өнуіне де әсерін тигізеді.Ағыс жылдамдығыныңөзгеруі Ертістің табиғи тазаруын қиындатады. Сондықтан су қоймаларындағы судың сапасы өзгерген. Өзен суын тексеру нәтижесі бойынша су қоймаларының және Ертістің түбіндегі тұнбаларда ауыр металдар тұздарының және радионуклеотидтердің шөккендігі анықталған.

Облыс санэпидемиологиялық станциясының тексеру нәтижесінде өзен суының потенциалды эпидемиологиялық көрсеткіші айтарлықтай болып, қауіптілігі анықталды. Ертіс суын біріге отырып пайдалану, әрі қорғау үшін Ресей мен Қазақстан арасында мемлекетаралық келісім жасалған. Өскемен мен Павлодар арасында Ертіс суын тексеріп жіберетін қақпа орнатылды. Ол жерден Өскеменнен Павлодар облысына қарай аққан судыңқаншалықты ластанғанын анықтайтын су үлгісі алынады.

Ертіс өзенін ластаушылардың бірі Кенді Алтайдың түсті металлургия кәсіпорындары.

Кенді Алтай Шығыс Қазақстандағы экономикасы дамыған аудан. Алтайда түсті металл табылысымен-аққоныс аударушылар келіп, қоныстана бастады. АлтайдыңҚазақстандағы бөлігінде күміс балқыту өнеркәсібі дамыды. Сөйтіп, бұл аудан Ресейдің күміс қорына айналды. Бір ғана Зырян кеніші Алтайда өндірілетін күмістің 75% беріп отырды. XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл кен орындары шетелдіктерге жалға беріле бастады. Олар табыс қуып, қазба байлықтарды бей-берекет жыртқыштықпен пайдаланды. Бұл жерде ағылшын Лесли Уркварт 1914 жылдан 1917 жылға дейін қожалық жасады. Кеңес өкіметі жылдарында Кенді Алтай жалпы Одақтық маңызы бар жерге айналды. Түсті металдарды өндіруден Шығыс Қазақстан бірінші орында тұрды.

Алтайда түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскеменде (қорғасын, мырыш), Риддерде (полиметалл) және Зырянда (қорғасын). Бұл кәсіпорындардың республиканың ауыр өнеркәсібі үшін маңызы өте зор. Бірақ, экология мәселесіне де бей-жай қарауға болмайды. Алтай өңірі орман-тоғайымен, биік тауларымен, сол таулардан құлай аққан мөлдір бұлақ, өзендерімен көздің жауын алатын. Жергілікті халықтың, жалпы Қазақстанның мақтанышы еді. Өндіріс дамыған сайын Алтай бұрынғы көркінен айырыла бастады. Әсіресе Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының ауасы тым ауырлаған. Түрлі металлургиялық комбинаттардан көтерілген лас ауа ашық аспанда улы газдармен айғыздап отыр. Зайсан көлінің кезінде тайдай тулаған балықтары көлденең ауруға шалдығып, өзінен-өзі құруда. Себебі, көлге өнеркәсіптің орасан зор шайынды сулары құйылады.

Облыс табиғатына аумағы 18 мың км2 жерді алып жатқан Семей полигоныны ң тигізген әсері де аз емес.

Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалықөзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролыққозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

1994 жылы Семей жеріне келген МАГАТЭ комиссиясының дәлелдеуі бойынша радияцияға ұшыраған ауданның 88 %- ы залалсыз, 4 %- ыныңөте көп ластанғаны сонша, тіпті егін шықпайтындығы анықталды, ал 8 % - ын әлі де болса зерттеу қажеттілігі көрсетілді.

Қазіргі кезде Дегелеңөңіріндегі 180 шахтаның, тек алпысы ғана бекітіліп жабылса, қалғаны ауаны радиация қалдықтарымен әлі де болса улауда.

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Бал қ аш к ө ліні ң құрғап кету қаупі бар. Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген. Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтыңқантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады. Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдіңөзгергені туралы былай деп айтып берді:

"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.

Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті. Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.Соныңүстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Экология бүгінде адамзаттың дүниежүзілік проблемасына айналып отыр.Ол туралы қабылданған шешім де аз емес, бірақ содан шыққан нәтиже аз. Ауа ластанып, топырақөзінің таза құрамынан айырылып, табиғат тозған. Түбінде бұған тиым болуы тиіс. Ал оған тиым болмаса, аяғы үлкен апатқа апарып соғады. Оған жеткізбей жолсыздықты ауыздау – барлығымыздың парызымыз.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Туған жеріміздің табиғатын қорғау– баршамыздың міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата – бабамыз оқымай– ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған. Қазақ орнатқан ошақтарын да көшкенде жауып кетеді екен.

Ойымызды түйіндесек адам мен табиғат әрқашанда егіз. Әр адам табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарап, табиғат байлығын молайту саласындағы істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу арқылы салауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу әрбір адам баласының міндеті болып табылу тиіс және солай болатына сенемін.

Қ АЗА Қ СТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ Ң БІЛІМ Ж Ә НЕ Ғ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы

Форма : Эссе

Та қ ырыбы : Экологиялы қ м ә селелер, қ азіргі заман ғ ы экономикалы қ тенденцияларда оларды ң орны мен ролі .

Тексерген : Темиржанова А.Е

Орында ғ ан : ЖМФ, 114 топ

Қ уанышбек қ ызы А

Семей 2010

Пайдалан ғ ан ә дебиеттер :

1 Интернет www. google . kz

2 Журнал « Шы ғ ыс Қ аза қ стан облысыны ң географиясы»

Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер

Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Экология – ел тағдыры
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы экологиялық проблемалар
2. Экологиялық білім бағдарламасы
3. Экологиялық соқпақ
Қорытынды бөлім
Экологиялық күрес - өмір үшін күрес

Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады.
1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр? Оған жауап жоқ.
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққан. Егер де соңғы кезде жиі сөз болып жүрген шетелдердің радиоактивті қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға рұқсат етсек не боламыз. Бұған ешбір жол беруге болмайды.
Қазақстандағы мұндай экологиялық жағдайлар туралы ақпараттық шын мәнінде көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындардың өздері ауруының неден болатыны туралы хабарсыз. Мұны адам құқын бұзғандық және еліміздегі жариялылық демократиялық мемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.
Табиғаттағы өзгерістергі байланысты болжамдар жасап отыру-ғылымның міндетті. Кез-келген архитектуралық шаруашылық объектілерін, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың келетін экологиялық шығының бағасын есептеу, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру аса қажет шара ретіндегі қаралуы керек. Олардың жергілікті тұрғын халықтың денсаулығына тигізетін зардабын анықтау қажет.
Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада
«экологиялық білім бағдарламасы», «экологиялық білім тұжырымдамасы», т.б. құжаттар қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істеп болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ақуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды қажет.
Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық факульттер ашылып, мамандар дайындала бастады. Республикамызда алғашқы эколог-педагогтарды дайындау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қабырғасында жүргізілді. Экология факульттері ашылып, мамандар дайындалу үстінде.
Кейінгі кезде, экология мамандарын дайындау үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінін «табиғатты қорғау және ландшафтар экологиясы» лабороториясы негізінде эксперимент есебінде 1994 жылдан бастап, бірақ мектептер экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырып, оқу кестесіне кіргізе бастады.
Қазақстанда 1987 жылдан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің тұжырымдамалары мен бағдармаларының алғашқы жобалары ұсынылған. Соның негізінде көптеген оқу орындары экологиялық факультеттер ашылып, мамандар дайындала бастады. Көптеген көрнекті ғалым педагогтар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын экологиялық білім берудің ғылыми-зерттеу теориялық негіздеріне, экологияны оқыту процестерін жетілдіруге жэне оқушылар мен студенттерге экологиялық білім беру жолдарын жақсартуға бағыттады. Жасалған тәжірибелік жұмыс негізінде ғылым тұжырымдамалар беріліп, диссертациялар қорғалды.
Жыл сайын кіші Ғылым академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университінің экология ғылыми-методологиялық орталығы біріге отырып, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген мектеп оқушыларының экологиялық мәселелер жайында жасаған ғылыми зерттеу жобалары мен шығармаларын, экологиялық көрмелерін сараптап Қазақстанның қазіргі уақыт талабына сай болашақ эколог мамандарын дайындауда үлесін қосуда.
Жасыратаны жоқ ірі өнеркәсіп кешеуіндегі экологиялық сараптау мен мониторингтік бақылау жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілмейді. Сондықтан да жергілікті жерлерде болып жатқан экологиялық апаттар, ауа, су мен топырақтың шектен тыс ластану жағдайлары толастаудың орнына көбейе түсуде.
Жоғарыда аталған Қазақстанның экологиялық ахуалы еліміздегі білім беру сапасын түбегейлі өзгертудің қажеттігін аңғартады. Ол елбасының «экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын» жүзеге асыру үшін үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды жақсартумен бірге, қазіргі өркендеген ғылыми-техникалық дамуды экологиялық тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Ол үшін көпшіліктің экологиялық сауатты болу қажет. Экологияны пән ретінде мектептерге енгізу бүгінгі күннің талабы.
Барлық облыста дерлік қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білім жетілдіруге қажы ысырапсыз пайдаланылады. Аралға, Семейге бөлінген қаржылар қайда кетті? Табиғатты көркейтуге нендей үлес қосты деген сұрақ халықтың көкейінде.
Қоршаған ортаны қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет. Ірі өнеркәсіпті қалаларда, көбірек игерілген егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол жерлердің топырағының құнарлығын арттыру, суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің сапасын анықтау экологиялық тұрғыда негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы, асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі, улы газдардың таралауы қаланың ауасын ластаумен бірге, халықтың денсаулығына үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес.
Мұндай көріністер Қазақстанның барлық қалаларын, елді мекен, ауыл маңдарын қамтып, соңғы ондаған жылдар бойы Үкімет тарапынан бақылаусыз қалғаны шындық. Өтпелі экономиканың дағдарыс кезінде оңтүстіктің өңірлердің ірі қалалары мен елді мекендерінде орын жетіспей, өсіп тұрған ағаштарды кесу орын алды. Бұл жағдай көп ауылдарда әлі де бар. Соның орны бүгін немен толады? Осыларды айта келіп, мен ендігі жерде еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек деп білемін.
Елді мекендерді көгаландыру бағдарламасы бойынша: қала, елді мекендердің көгаландыру аймағының экологиялық кртасын жасау, көгаландыру аймағының агро-экологиялық ландшафтық ерешеліктерін алдын-ала анықтау; елді мекен, қала іші-сыртындағы кішігірім орман-тоғайды қалпына келтіруді жоспарлау және оның мерзімін белгілеу, ірі қала елді мекендердегі ғимараттарды, құрылыстар салуды экологияландыру және жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшіліктерін есеру, елді мекендерді көгаландыруды «экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге асыру керек. Туризм индустриясын дамытуда экологиялық соқпақ басты міндет атқаратыны ескерілуге тиіс.
«Экологиялық соқпақ» дегеніміз-табиғат қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбие беруге, оны көпшілік арасында насихаттауға бағытталған, әрі экологиялық ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут немесе демалыс орын.
Экологиялық соқпақта оқу экологиялық білім мен тәрбие беру процесін үйрету ғана емес, жасөспірімдердің еркін түрде ақпаратты қабылдау, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтау мақсатын көздейді. Табиғат соқпағында экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар, олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдесуі.
Жарамсыз жерлердің (опустывание) проблемаласы - Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман қоры 10% - ға кеміді. Әсіресе Қызылқүм, Мойынқүм, Сарыесік- Атырау, т.б табиғи жайылымдар қоры экологиялық апатты жағдайда тұр. Алтай ормандары 13 % - ға, ал Алатаудың алма бақтары 24 % - ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың жайы тіпті нашар, яғни 26,6 млн. га деградацияға ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Сол сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз аймаққа айналуда.
Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр. Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы бүлінген немесе жарамсыз.
Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет.
Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік.
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:


1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004
2. Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998
3. Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003
4. Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы - 2001
5. Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде
6. Соколов Л. Өскемен экологиялық апатқа айнала ма?//Атамекен, 2003, 3 желотоқсан

Оценить/Добавить комментарий
Имя
Оценка
Комментарии:
Хватит париться. На сайте FAST-REFERAT.RU вам сделают любой реферат, курсовую или дипломную. Сам пользуюсь, и вам советую!
Никита03:32:53 04 ноября 2021
.
.03:32:51 04 ноября 2021
.
.03:32:50 04 ноября 2021
.
.03:32:48 04 ноября 2021
.
.03:32:47 04 ноября 2021

Смотреть все комментарии (20)
Работы, похожие на Реферат: Экология окружающей среды одно из важнейших проблем Восточного Казахстана

Назад
Меню
Главная
Рефераты
Благодарности
Опрос
Станете ли вы заказывать работу за деньги, если не найдете ее в Интернете?

Да, в любом случае.
Да, но только в случае крайней необходимости.
Возможно, в зависимости от цены.
Нет, напишу его сам.
Нет, забью.



Результаты(294402)
Комментарии (4230)
Copyright © 2005 - 2024 BestReferat.ru / реклама на сайте